0 дауыс
60.4k көрілді
Өкпедегі жəне ұлпадағы газ алмасу процесі қандай?

1 жауап

0 дауыс
Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы. Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды тұрге айналдырып, денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығаруда.

Тыныс алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.

Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.

Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:

1. Қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады.

2.Диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады.

Тыныс алу жүйесі

Тыныс алу жүйесі – мүшелер мен ұлпаларға қоршаған ортадан оттегін жеткізіп, көмір қышқыл газын сыртқа бөліп шығаруды қамтамасыз етеді. Сыртқы тыныс алу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: демалу (инспирация) және демшығарудан (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация тірі организмде өзара жымдасып үйлесім тапқан, өмір бойы бірінен соң бірі белгілі бір ырғақпен алмасып отырады. Тыныс алу процесінің нәтижесінде организмге түскен оттегі клеткаларға жеткізіліп, онда ол биохимиялық реакцияларға қатысады. Аталған процесс мына тәртіпте орындалады:

1. Сыртқы тыныс алу - ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкеліп, өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру;

2. Өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы

газдардың алмасуы;

3. Газдардың өкпеден ұлпаға, ұлпадан өкпеге қан ағынымен тасымалдануы;

4. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасуы;

5. Ішкі тыныс алу - клетка құрамындағы органикалық заттардың тотығуы.

Көмір қышқыл газын шығару процесі де оттегін пайдалану жүйесіне ұқсас, керісінше жүретін төрт процесс арқылы жүзеге асырылады.

Бірінші және екінші кезеңдері өкпелік немесе сыртқы тыныс алу деп аталады. Ал, үшінші кезеңін қан арқылы газдардың тасымалдануы десе, төртіншісін - тканьдік (ішкі) тыныс алу деп атайды.

Газдарды тасымалдау тізбегіндегі алғашқы буын өкпе вентиляциясы. Альвеолдар мен қан арасындағы газдар алмасуы аэрогематикалық, ал ұлпалар мен қан арасындағы гематопаренхиматоздық кедергілерге ұқсас, кедергінің екі жағындағы оттегі мен көмір қышқыл газының меншіктік қысым күйіне байланысты диффуздық жолымен орындалады. Оттегінің басым бөлігі қандағы эритроциттердің құрамында болатын гемоглобин арқылы, ал көмір қышқыл газы – гидрокарбонат және карбамингемоглобин түрінде тасымалданады. Өкпедегі көмірқышқыл газын шығарудың нәтижесінде қанның оттегімен байланысқа түсуі жеңілденеді, көмірқышқыл газы ұлпалардаң қанға өту арқылы оттегін беруді жеңілдетеді. Аталған процесстердің бәрі, ең соңында, ұлпа клеткаларындағы оттегі кернеуінің тұрақты сақталуына бағытталған.

http://www.studfiles.ru/preview/6188538/
...