0 дауыс
6.9k көрілді
Салеметсиздер ме? 30 тауық 3 қораз бар бірақ күніне 3 жұмыртқа туады. Не сушка жане т.б витаминдер бердік бірақ результат жоқ. Не істеуге болады?

4 жауап

0 дауыс
Үй құстарына негізінен тауық, күркетауық, үйрек пен қаз секілді құстардың төрт түрі жатады. Бұл құстар тез өсіп-жетіледі, өнімділігі жоғары, өсімтал болып келеді. Мысалы, жұмыртқалағыш күйтті тауықтар 4-5 айлығында, ал етті тұқымдас тауықтар 5,5-6 айлығында жұмыртқалайды. Сондай-ақ, күркетауықтар мен үйректер және қаздар ұрығы 8-10 айлығында жетіледі. Бірақ үй жағдайында ұстап өсіргенде, яғни күннің табиғи ұзақтығы 12-14 сағатқа жеткенде тек ерте көктемде жұмыртқалайды.

Тауықтар бірінші жылы 220-300 жұмыртқа, ал олардың кейбіреулері жылына 300-ден астам, кейбір күркетауықтар 21-25 апта ішінде 60-100 жұмыртқа салады. Сондай-ақ, пекиндік деп аталатын үйрек түрі 9 айлық бірінші жұмыртқалау циклында 160-190 жұмыртқа береді. Ал, қаздар үштен бес айға дейін созылатын жұмыртқалау маусымында 15-18 жұмыртқадан 78-80-ге жеткізеді. Күркетауықтар мен тауықтардың және үйректердің бір ерекшеліктері – олардың өнімділіктері бірінші жылғымен салыстырғанда екінші жылы шамамен 15 пайызға төмендейді. Ал одан кейінгі жылдары бұл көрсеткіш одан да көп төмендейтін болады. Сонымен бірге қаздар екінші және үшінші жылдығында көп жұмыртқа береді. Сондықтан да оларды негізінен бес жылға дейін ұстайды.
0 дауыс

Мекиен жұмыртқалағыштығы маусым, жыл секілді белгілі мерзімдегі жұмыртқа санымен және олардың салмағымен есептелінеді. Овуляцияланған ооциттерден жұмыртқаның қалыптасуы 24 сағаттан жылдам өтсе, тауық күнделікті бір мезгілде жұмыртқалайды. Егерде жұмыртқаның қалыптасуы 24 сағаттан асса, күннің екінші жартысында овуляция болмайтындықтан, жұмыртқалауы үзіліп, 1-3 тәулікке созылады. Мекиен жұмыртқалағаннан жарты сағаттан соң келесі ооцит жетіле бастайды.

Мекиеннің үзіліссіз жұмыртқалау мерзімін жұмыртқалау сериясы, ал үзілістерін интервалы дейді. Жұмыртқалау сериясының ұзарып, олардың аралық интервалдарының қысқаруы жоғары жұмыртқалағыштыққа әкеледі. Мекиен жұмыртқалағыштығының биологиялық айналымы (циклы) жұмыртқалай бастау мен түлей бастауының немесе күрік болуының аралығымен шектеледі. Инкубациялық тауық пен үйректердің күрік болу инстинкті бәсендегендігін айта кету керек.

Мекиен жұмыртқалауы: жұмыртқалағыш тауық тұқымынікі 150-165, етті тауық тұқымынікі 180-200, үйректікі 210-240, күрке тауықтікі 200-250, қаздікі 270-300 күнге тең физиологиялық жетілу мерзімінде басталады. Жылына жұмыртқалағыш тауық мекиені 240-260, етті тауық мекиені 150-200, үйрек мекиені 100-130, күркетауық мекиені 120-140, қаз мекиені — 60-80 жұмыртқа салады. Тауық пен үйрек мекиендерінің екінші жылғы жұмыртқалағыштығы бірінші жылдағысынан 10-15% азаятын болса, қаз мекиендерінікі, керісінше, екінші-үшінші жылдары жоғарылайды. Екінші жылдағы жұмыртқалардың бірінші жылдағыдан ірірек болатынын айта кету керек.

Жұмыртқаның орташа салмағын жұмыртқалаудың 7-ші, 9-шы және 12-ші айларының соңғы онкүндігіндегі (декадасындағы) жұмыртқалардың жалпы салмағын өлшеп барып шығарады. Жаңа табылған тауық жұмыртқасының тығыздығы 1,060 -1,095 аралығында болып, сақталу мерзімі күн сайын кеми береді. Орташа жұмыртқалағыш көрсеткішін белгілі мерзімде (маусымына, жылына) салынған жұмыртқа санын мекиен басы/Ʃ күнгебөлу арқылы табылған орташа мекиен басына бөлу арқылы шығарады. Жиналған жұмыртқаның мекиен басының азықтандыру күндеріне (кормодни) қатынасымен табылған жұмыртқалау жеделдігі (интенсивность) жұмыртқалағыш тауықтардікі 75-80%, етті тауықтардікі 50-60% шамасында болады.

0 дауыс
Тауықтың күніне көп жұмыртқалауы әтешке байланысты емес, 1 тауық күніге 1 жұмыртқа туады
0 дауыс
Тауықтың күніне көп жұмыртқалауы әтешке байланысты емес, 1 тауық күніге 1 жұмыртқа туады атешке вобщым байланыстыемес
...