0 дауыс
11.5k көрілді
Біреулер тіс жұлдырсаң шықпайды дейді.Тіс жұлдырғанда тамырларын жұлып әкетеді сондықтан шықпайды деп жатады. 16 жасында жұлдыртты делік одан кейін ақыл тіс шыға бермейма, сіздер қалай ойлайсыздар ?

3 жауап

0 дауыс
Ақыл тіс 16 – 25 жас аралығында шығады. Әдетте 17 мен 25 жас аралығында шығатын бұл тіс түрі ерекше ауырсынумен шығады. Дер кезінде байқалмаған ауру-сырқау симптомдары одан бетер асқынуларға әкеліп соғу мүмкін.

Көп жағдайда, ең соңынан шыққан бұл тістердің түбірлері нашар болады. Кейде тіс жегіне ұшыраған ақыл тістерді дәрігерлер емдеуден бас тартып жатады. Емдеуге қиын соғатын ақыл тістерді сақтау қаншалықты маңызды? Сонымен, ақыл тістің жақсы-жаман тұстарын ажыратайық.

Ауыз қуысында тістердің жетіспеушілігі салдарынан протез киюге тура келеді. Егер, ауыз қуысында 6-ыншы және 7-інші, яғни ақыл тістің алдындағы тістер жоқ болса, протез жасау барысында қиындық туу мүмкін. Ал ақыл тістің көмегімен протез берік қондырылады.

Кейде ақыл тіс дұрыс шықпай, түбірі қисық болады. Мұндай кезде қисық шыққан ақыл тіс басқа сау тістерді зақымдамау үшін жұлып тасталынады. Тіс шығу барысында жаңа тіске орын жетпей жатса, ақыл тістен айрылыуыңыз әбден мүмкін. Сондай-ақ, алдынғы тұрған тістерді емдеу барысына кедергісі келіп жатса, ақыл тісті жұлдырғаныңыз абзал.

Мұнымен қоса, ақыл тіс шығу барысында тіс иегі де зақымдануы мүмкін. Тіс иегі мен тістің арасында қабыну пайда болып, перикоронит ауруына шалдығу қаупі бар.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін, дер кезінде тіс дәрігерінің көмегіне жүгініңіз.
0 дауыс
Тістердің уақтылы жарып шығуын тежейтін жергілікті себептер көп: сүт тістер түбірінің кеш сорылуы не болмаса сүт тістерді ерте суырып тастаса қатардағы тісер бос орынға қарай жылжығандықтан кейін шыққан тұрақты тіске орын болмай қалады. Кейде сүт тіс маңындағы шырышты қабықта зақымданып, қабынуы не тіс ұрығының жақ сүйекте өте терең жатуы тістің кедергімен кеш жарып шығуының бір себебі болады. Жақ сүйектерінің дамып өсу процестері бұзылса не сүйекте ісік болса, тістің эмбриональдық дамуы бұзылып, тіс кеш шығуы не шетке қарай жаруы мүмкін.
0 дауыс
Адам баласына 1 жастан бастап сүт тiстер шыға бастап, 6 жасқа келгенде тұрақты тiстерге алмасу процесi жүредi. Тұрақты тiстер 12 жаста толық ауысып болады. Одан кейiн тiс шықпайды. Жұлдырмаса болмайтын тiс болса амал жоқ жұлдырып ақшаға тiс салдыруға тура келеді. Немесе дер кезіндее емдеткен дұрыс.
ақыл тісте шықпайма

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 11.09.2020 Жанұя сұрақ қойды
...