0 дауыс
15.8k көрілді
Ақыл тістің шығу белгілері

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ересек адамның қалыпты 28 тісімен қоса, 4 ақыл тісі болуы тиіс. Тістер атқаратын қызметтеріне қарай, кескіштер, азу тістер, премоляр және моляр болып бөлінеді.


Бүгінгі қозғап отырған тақырыбымыз – ақыл тістің маңыздылығы. Әдетте 17 мен 25 жас аралығында шығатын бұл тіс түрі ерекше ауырсынумен шығады. Дер кезінде байқалмаған ауру-сырқау симптомдары одан бетер асқынуларға әкеліп соғу мүмкін.


Көп жағдайда, ең соңынан шыққан бұл тістердің түбірлері нашар болады. Кейде тіс жегіне ұшыраған ақыл тістерді дәрігерлер емдеуден бас тартып жатады. Емдеуге қиын соғатын ақыл тістерді сақтау қаншалықты маңызды? Сонымен, ақыл тістің жақсы-жаман тұстарын ажыратайық.


Ауыз қуысында тістердің жетіспеушілігі салдарынан протез киюге тура келеді. Егер, ауыз қуысында 6-ыншы және 7-інші, яғни ақыл тістің алдындағы тістер жоқ болса, протез жасау барысында қиындық туу мүмкін. Ал ақыл тістің көмегімен протез берік қондырылады.


Кейде ақыл тіс дұрыс шықпай, түбірі қисық болады. Мұндай кезде қисық шыққан ақыл тіс басқа сау тістерді зақымдамау үшін жұлып тасталынады. Тіс шығу барысында жаңа тіске орын жетпей жатса, ақыл тістен айрылыуыңыз әбден мүмкін. Сондай-ақ, алдынғы тұрған тістерді емдеу барысына кедергісі келіп жатса, ақыл тісті жұлдырғаныңыз абзал.


Мұнымен қоса, ақыл тіс шығу барысында тіс иегі де зақымдануы мүмкін. Тіс иегі мен тістің арасында қабыну пайда болып, перикоронит ауруына шалдығу қаупі бар. Мұндай  жағдайлардың алдын алу үшін, дер кезінде тіс дәрігерінің көмегіне жүгініңіз.

0 дауыс
Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша ақыл тістің дамуы басқа тістерден ерекше болады. Және ол өте қолайсыз жағдайда шығады, оған ұяшық дайындайтын алдынан ізашар сүт тісі жоқ және ол тіс қатарында ең шеткісі. Астыңғы жақ сүйектің ішінен де сыртынан да өтетін қиғаш сызығы сүйекті қалыңдатып, 8-ші тістерге арналған ұяшықтарды тарылтып сол тістердің жарып шығуына кедергі келтіреді.

Ақыл тістер 18—25 жас шамасында астыңғы жақ толық қалыптасқан, қальцийленіп қатайған кезде кедергіден кешігіп жарып шығуға мәжбүр болады. Кейде ақыл тіске орын аз не мүлдем жоқ болғандықтан ол қатардан шет шығады не сүйектен мүлде шықпай қалуы мүмкін. Астыңғы жақ сүйегінде ақыл тіске орын болмауы филогенезде адамның эволюциялық дамуына қарай жақсүйектің кішіреюінен болады.
0 дауыс
Астыңғы ақыл тістің кедергімен қиналып шығуының себебі көп.
1. Тістің дұрыс шығуына кедергі болатын себептің бірі ол жақ сүйектің анатомо-топографиялық ерекшелігі.

2. Шығатын тістің маңындағы қызылиек етінің ерекшелігі.

3. Шығып келе жатқан ақыл тістің өзіне байланысты себептері.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
4 жауап
...