0 дауыс
13.3k көрілді
Декреттік төлемді кім есептейді? Калай есептейді? Кім төлейді? Мен декреттік демалыска 17 сәуірде қалдым. цОН ға барлық документті тапсырдым бір аптада смс келді. Екі аптада 127мын түсті дұрс есептелген бе қайдан білуге болады. 5 ай пенс жүрді. 95мын айлық болды.

4 жауап

0 дауыс
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айрылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлем (бұдан әрі - ӘТжб) жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (бұдан әрі – науқастық парақ) берілген айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі - Қор) төленген әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі - ӘА) негізінде есептеледі.

ӘТжб мөлшерi ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

ӘА есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері науқастық парақ берілген айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде ӘА үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын 12 бөлу арқылы айқындалады. Сіздің атыңызға Қорға ӘА төленген 4 айда алған табысыңыз 12-ге бөлінеді.

Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті науқастық парақ берілген күндер санын күнтізбелік 30 күнге бөлу арқылы айқындалады (науқастық парағы 126 күнге берілсе, онда К - 4,2 (126/30); 140 күнге – 4,7 (140/30)).
0 дауыс
Жұмыс істейтін әйелге тиесілі декреттік төлемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын жұмыс істейтін әйелдерге төленеді (жұмыс берушісі әлеуметтік аударымдар төлейтіндер). Ол бір-ақ рет беріледі. Оны есептеудің өзіндік үлгісі бар. Табыс мөлшері нақты жұмыс істеген мерзіміне қарамастан бала туғанға дейінгі соңғы жылдағы әлеуметтік аударымдар бойынша анықталады. Төлем мөлшерін соңғы жылдың орташа айлық табысын 10% мөлшеріндегі зейнетақы аударымдарын шегерумен еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициентіне көбейту арқылы білуге болады.
Орташа айлық табыс жыл бойғы жалпы табысты 12 айға бөлгенде анықталады. Еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициенті жүктілігі және босануына байланысты демалыс күндерінің санын 30 күнге бөлумен анықталады. Сол себепті максималды коэффициент 126/30=4,2 теңеледі.
Мәселен, белгілі бір жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жұмыс істейтін, айына 50-60 мың теңге жалақы алатын әйелдің төлемақысын есептеп көрейік. Ол 20 мамыр күні еңбекке жарамсыздық қағазын алды. Бұл - әлеуметтік тәуекел пайда болған күн деп саналады. Осы қағазды алған күннен кейінгі 12 ай ішінде ол әлеуметтік сақтандыру қорына өтініш бере алады. Сосын оның соңғы бір жылдағы табысы есептеледі. Бірақ ол соңғы 9 ай ғана жұмыс істеген. Сол аралықтағы барлық табысын қосқанда 441 мың теңге болды. Ай сайынғы орташа табыс мөлшері - 36 750 теңге. Ал қорға аударған әлеуметтік аударымдары - 28 мың теңгені құрады. Еңбекке жарамсыз күндері санының коэффициенті - 4,2. Енді орташа табысты осы коэффициентке көбейтеміз. 36 750*4,2=154 350 теңге. Ол әйелдің декреттік төлемақысы осынша болады.
0 дауыс

Жұмыс істейтін әйелдер үшін баласы бір жасқа толғанға дейінгі берілетін жәрдемақы қалай есептеледі?

Бұл жәрдемақыны кім ала алады? Қордан әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар  міндеті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын жұмыс істейтін әйелдер алады. Қарапайым тілмен айтар болсақ, жұмыс берушісі әлеуметтік аударымдарды жүргізетін қызметкер әйелдерге беріледі.

Жәрдемақысы қалай есептеледі?

Соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысының көлемін 24 айға бөлу қажет, содан кейін  0,4 көбейту және 10% зейнетақы жарнасын алу қажет.

Мысалы, бала босанғанға дейін әйел 2 жыл жұмыс істейді, бір жыл ішінде оның еңбекақысы бір рет көтерілді. Бірінші жылы әйел 100 мың теңге алды, екінші жылы 150 мың теңгеге дейін еңбекақысы көбейді. Енді осының барлығын және зейнетақы жарналарын, табыс салығын түгелдей қосып есептейміз:

12*100 000+12*150 000=1 200 000+1 800 000= 3 000 000 теңге

Алынған соманы 24 айға бөлеміз: 3 000 000/24= 125 000 теңге

125 000 теңге – табыстың орташа айлық мөлшері.

Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін есептеу үшін осы көрсеткішті 0,4-ке көбейтіп, 10% зейнетақы жарналарын шегеру керек, яғни:

125 000*0,4 = 50 000 теңге, 10% шегергенде  босанған әйел ай сайын 45 000 теңгені алады.

Осы мысал негізінде Сіз де жәрдемақыңызды есептеп шығара аласыз.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

0 дауыс
Менин де айлыгым 84000 тенге 2014 жылдан бери жумыс жасап келемин.Маган декреттик акша 233 145 тг тусти. Мен декреттик демалыска 14 кантардан бастап шыкты.Маган осыны есептеп беринизши.Отиниш.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 5.02.2022 Заң сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
...