0 дауыс
64.3k көрілді

I Менің анамның қолына осындай жара шығып кетті, не істесем болады? Көбі көз жара дейді, іріндеп сулана береді? Көмектесіп жіберсеңіздер?!

көз жарасы

3 жауап

0 дауыс
Теріскен – кірпіктердің түкті аймақтарында орналасатын көз қабағының іріңді қабынуы. Ол әдетте көздің төменгі және жоғарғы жағында, кірпік арасында пайда болады. Теріскен шығар алдында көз қабағының айналасы қышып, қызарып, ісіне бастайды. Әбден пісіп-жетілгенше адамды біраз мазалайды. Аузы жарылғанда көзді жағымсыз сұйықтыққа толтырады. Таңертең ұйқыдан оянғанда көздің кірпіктері сол сұйықтыққа шыланып, көзді ашу қиындайды. Асқынған кезде адамның басы ауырып, көзі тартып, дене қызуы көтеріліп, инфекцияға қарсы тұратын лимфа түйіндерін зақымдайды.
Теріскен көп жағдайда ағзаға суық тигеннен шығады. Сондай-ақ, бактериялық инфекциялардан, иммунитеттің төмендеуінен, ағзаның әлсіреуінен (мәселен, суық тиіп қатты ауырғаннан кейін) да болады.

Көзіңізге теріскен шыққанын байқаған болсаңыз дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Мамандар оның шығу себебін анықтап, тиісті емдом жасайды. Емдеу жан-жақты әрі кешенді түрде жүргізілуі тиіс.

Дәрігерлердің айтуынша, теріскен ер азаматтарға қарағанда әйелдерге көбірек шығады екен. Оның себебі – қыз-келіншектердің көз гигиенасын дұрыс сақтамауынан. Мәселен, қыздар көздерін, кірпіктерін бояған кезде немесе бояуды өшіру барысында ұқыпсыздық танытады. Сондай-ақ, өзгенің косметикасын, бояуларын пайдаланған кезде де көзге микробтардың түсу қаупі басым.

Сол секілді ер адамдар да көзін кір қолмен жиі уқалайды немесе кір орамалмен, шүберекпен сүрте салады. Ал, оның салдарынан көзге бактериялар түсіп, қабақтың қабынуына әкеліп соқтырады.

Теріскен көбіне иммунитеті төмен адамдарға шығады дейді мамандар. Яғни ағзада А, С, және В дәрумендерінің жетіспеушілігінен, таза ауада көп тынықпаудан да шығуы мүмкін.

Теріскенді үй жағдайында емдеуге болады:

- Теріскен шыққан қабаққа құрғақ әрі жұмсақ заттарды қыздырып басу керек. Мәселен, тұзды табаға қыздырып, тығыз матаға орап, теріскен шыққан жерге басуға болады. Ескерту: матаның тесігі болмауы тиіс. Өйткені, тұз көзге түсіп кетуі мүмкін. Көз айналасына теріскен шыққан кезде, ағаш қасықты жылытып, сол жерге 10-15 минут (күніне 3 рет қайталау) қойып отыру керек.

- Көзге жағатын түрлі майлар(мазьдар) да пайдалы. Мәселен, эритромицин, левомицетин немесе тетрациклин майы. Бұл майларда антибиотик болғандықтан, жанама әсер бермес үшін дәрігермен кеңескен жөн.

- Теріскен шығайын деп тұрған немесе шыққан жерді 70 пайыздық этил спиртімен сүртуге немесе көкдәрімен күйдіруге болады. Бірақ абай болыңыз, медициналық ерітінділердің көзге тамып кетпеуінен сақтаныңыз.
http://islam.kz/kk/news/gylym/teriskendi-qalai-emdeuge-bolady-2512/#gsc.tab=0
0 дауыс
Коз жарага жана сойылган койдын малдын шикилей басынан козин ойып алып мактага тамызып жарага медицинский лейкопластырьмен жабыстырып кояды. Коз жараны малдын козимен жазады деп жатады. Ишиндегисин сорып алады дейди малдын кози
0 дауыс
Көз жаңадан.жаңа сойылган малдың басын алып екі көзін алып жағып отыру керек.Тез кетіп калпды

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
6 жауап
0 дауыс
5 жауап
0 дауыс
2 жауап
...