Сот – сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын мемлекеттік орган.
Қазақтар — Орталық Еуразияны мекендейтін түркітілдес этнос және ұлт. Дешті-Қыпшақ даласын мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақтар ретінде Қазақ хандығының құрылуымен белгілі бола бастады. Тілдік құрылымы жағынан Түркі тілдес халықтардың солтүстік-батыс қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілінде сөйлейдi.
«Зайырлы» сөзінің түбірі араб тіліндегі «сыртқы» деген мәндегі «захир» сөзінен келіп шығады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне үңілсек, «зайыр» сөзі «анық», «айқын», «ашық» деген сын есімдердің мағыналарын береді. Осы «зайыр» деген сын есімнен түрленген «зайырлы» сөзі «білгір», «білімдар» деген мағыналарға саяды.
Фольклор — халық шығармашылығы, яғни аңыздар, қиссалар, ертектер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б. Фольклоршы осыларды жинайтын адам.
Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы