0 дауыс
352 көрілді

- Соғыс жылдары адами, теxникалық және қаржылық ресурс жағынан жеңілгендерден көбірек шығынға ұшырадық;

- Қазіргі уақытта экономикалық көрсеткіш ЖІӨ бойынша да, теxнология мен білім саласы бойынша да жеңілген Германия мен Жапониядан арттамыз; 

- Ресей мен Қазақстанның Президенттерінен бастап, бай бизнесмендеріне дейін мінгені жеңілген Германия мен Жапонияның көліктері;

Ұлы жеңіс пе осы? Олар сол кезде тариxта жеңілсе де, кейін еңселерін көтеріп, бізден кегін қайтарып алды. Кез келген қазақ жапон мен неміс сияқты пунктуал болуды армандайды.

1 жауап

0 дауыс
Біріншіден біздер Германиямен немесе Жапониямен соғысқан жоқпыз, Фашизммен соғыстық (оны құрттық), Фашизм бүкүл дүние жүзіне қауіп төндірді, (бізге де) Егер Гитлердің "Шығыс" (Ост) атты планын оқып қарасаңыз славяндар екінші сортты халық (құлдыққа ғана жарайды), орта Азия халықтары үшінші сортты халық оларды түгелдей құрту керек делінген..Ұлы Жеңіс дейтініміз сондықтан

Ал соғыстан кейінгі экономиканың дамуы ол елдің ұстанған саясатына байланысты, оған жеңістің еш қатысы жоқ, тіптен бөлек әңгіме
...