Орал қаласы үшін 2017 жыл ораза кестесі қайдан аламыз?
Рамазан айы 27 мамыр күні басталады.
Маусым айының 21-нен 22-не қараған түні – Қасиетті Қадір түні.
25, 26, 27 маусым – Ораза айт күндері.
Хижра күнтізбесі бойынша 1438 жылдың Зульхижжа айының 9-ы – 31 тамыз Арафа күні.
Имсак - ауыз бекіту уақыты
Ақшам - ауыз ашу уақыты
Оразаға ниет: Алла тағала үшін мүбарак рамазан айының оразасын ұстауға таңнан күн батқанға дейін ниет еттім.
Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық несібеңмен ауыз аштым. Иә, кешірімді Алла! менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»
Тамақтан соң айтылатын тамаша тілек. «Уа, Алла! Бізге тамақ берген, сусын берген кісіні Сен де тамақ беріп, сусындандыр әрі оған құт-береке бер!»
Сәресіде айтылатын дұға:
نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرُ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى
Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».
Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
Ауыз ашарда оқылатын дұға:
اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ شَهْرِرَمَضانَ نَوَيْتُ فاغْفِرْ لِي ما قَدَّمْتُ وَ ما اَخَّرْتُ
Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».
Мағынасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».
Тұтпақ болған оразаңыз қабыл болғай! Алла тағала ниетіңізге қарай сауаптан жазсын! Әмин!