0 дауыс
705 көрілді
Өзіңе ұнаған үздік деп тапқан ойландырар керемет кез келген кітапты

1 жауап

+1 дауыс

Махаббат қызық мол жылдарӘзілхан Нұршайықовтың 1970 жылы шығарған романы. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді. Оның 33-аудиторияда өзін гүлге толған бақта отырғандай сезінуі, қыздардың тастай қылып өрілген бұрымдарына көз салуы, достарын, өз махаббатын табуы, болашағына жол ашып, өз жолын табуы да тағы баяндалады.

Автордың мақсаты Ербол мен Меңтай жақсы жігіт, білімді қыз екенін көрсетіп қана қою емес, солар арқылы халқымыздың бойындағы кейінгі ұрпаққа , арғы, алыс болашаққа үлгі боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттау. Сол қасиеттерді Меңтай мен Ерболдың бойына өлшеп піше отырып, жұртқа жарасымды үлгі ұсыну еді. "Апамның айтқандары", "Өз ойларым", "Алтын діңгек" дейтін нақыл тараулар және т.б. осы пікірді нығайтуға қосымша түрінде енді. Автор Ерболды тілші болып жүргеніндегі барлығын сынап, ал соғыста қас батыр, еңбекте ер қылып көрсетті

...