+1 дауыс
24.7k көрілді
Саламатсыздар ма!Биыл 2017 жылы "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша несие қанша екен? Жəне  мен қалада жұмыс жасап жатырмын. 9 жыл болды. Енді мен бұл бағдарламаға қатыса аламын ба?

19 жауап

+2 дауыс

Қазіргі таңда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жұмыс іздеуші мамандар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылдың 6 қарашасындағы бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен сияқты салалар бойынша жастарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Ал Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылдың 17 наурызындағы қаулысы бойынша олардың қатарындағы агроөнеркәсіптік кешен мамандарына агроном, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер, ветеринариялық техник, зоотехник, инженер-технолог, балық өсіруші, технолог, фермер сынды мамандықтар енгізілген.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы жастарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие ұсынады. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тек қана 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.

Егер сіз өз қызметіңізді ауылдық жерде 5 жылдық жұмыс өтеушілікпен әлеуметтік сала мекемелерінде (денсаулық, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт) бастаймын немесе жалғастырамын десеңіз, онда келесідей мемлекеттік әлеуметтік қолдауға ие боласыз:

– Көтерме жәрдемақы, айлық есептік көрсеткіштің жетпіс еселік көрсеткіші немесе 105 840 теңге (2011 ж. 1 қаңтардан бастап);

– Бюджет несиесі, айлық есептік көрсеткіштің алты жүз отыз еселік көрсеткіші немесе 952 560 теңге (2011 ж. 1 қаңтардан бастап мамандарға тұрғын үй алатын 15 жылға арналған бюджеттік несие, сыйақы мөлшерлемесі жылына несие сомасының 0,01% көлемінде белгіленеді). Ауылдық жерде тұрғын үй алу үшін маманға аталған сома көлемінде баспана алу ұсынылады немесе маман өз есебінен қосымша шығын шығарады.

– Ауылдық елдімекендерге арналған республикалық бюджет қаржысы есебінен әлеуметтік сала мекемесі маманының қызметтік айлығын кемі 25%-ға өсіру.

Маман ретінде аталған әлеуметтік қолдауларға ие болу үшін сіз ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті органына құжаттарыңызды тапсыруыңыз қажет.

0 дауыс
Дипломмен ауЫлға бағдарламасына зертхана [лобарнт]мамандығы қатыса аладыма. Денсаулық сақтау саласына кіреді ғой
0 дауыс
Менің жасым жирма сегізде ауылда мұгалім болып 7 жыл жұмыс істедім. Бірақ тарих пәні бойынша яғни, мамандығым бойынша дипломды 2017 алдым. Мен "ипломмен ауылға бағдарламасына қатыса аламын ба? Жауап күтемін
0 дауыс
Мен ауылды жерде истеп жургениме 3жыл болады осы жылдын кыркуйегинде бирак Маган эконом отделдан айтты сен жас маман емессин деп ала алмайсын дейди . Акылдарыныз барма айтар
0 дауыс
Сәлеметсіздер ме мен 2009 оқу бітіріп сол жылы кентке жұмысқа тұрдым енді осы бағдарлама бойынша қатыса аламын ба. Жұмыс істегеніме 9 жыл болды
0 дауыс
Салеметсиздер ме? 2016 ж алдым диплом . Педогог и психолог
казир садикте жумыс истеп жатырмын оз мамандыгым бойынша емес. Дипломмен ауылга багдарламасына катыса аламын ба?
0 дауыс
Салеметсиздерме Дипломмен ауылга багдарламасымен сыйакы канша уакытта алуга болады?
0 дауыс
Кайырлы кун! Ауылдык даригерлик амбулаторияда санитарка кызметинде жумыс жасап жургендер дипломмен ауылга багдарламасы аясында несие ала алама?
0 дауыс
Дипломмен ауылға деген бағдарламада берілген ақшаны үкімет кайта кайтарып алама мерзімді уақытта
0 дауыс
Дипломмен ауылга катысу ушин местный прописка керекпа мен баска облыстын ауылына барсам
0 дауыс
Сәлеметсіздерме менің жасым 37 де бағдарламаға қатыса аламын ба?
0 дауыс
Салеметсизбе менин жасым 30да эколог маналарга барма бундай багдарлама, уй машина береди деп естидим кредиткема алде тегин ба?
0 дауыс
Салеметсіздер ма менде прописка қаланікі еді өзім ауылдық жерде жұмыс істеймін дипломмен ауылға бағдарламасына қатысу үшін мен ауылдық жерге тіркелуім қажет пе? айтып жіберіңіздерші білсеңіздер
0 дауыс
29 жасқа дейін қатысуға болады. Ауылды жерге барған жағдайда
0 дауыс
Салеметсизбе дипломмен ауылга багдарламасасында айтылган шарттар уакытылы берилеме жане бул багдарлама жумска кирген куннен бастап саналына ма жок алде акша болинген куннен кейын бе саналынады 3жылымыз жане бул багдарламада отпускке шыгуга боладыгой иа бизге мен осы 2018жылдын кыркуйек айыннан бастап жумс истеп жатрмын али бул багдарламага кужаттарды откизбедим
...