0 дауыс
4.9k көрілді
1 -
1.Қазақстан тарихының хронологиялық кезеңдері. Отан тарихы туралы білімнің ғылымға айналуы, оның негізгі даму кезеңдері.
2.Қазақстанның Ресейге қосылу барысы.
3.Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

2 -
1.Қазақстанның антропогендік тарихы. Тас дәуіріндегі Ежелгі Қазақстан.
2.Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.
3. Қазан революциясы. Қазақстандағы большевиктердің және Алаш үкіметінің саясаты.

3- билет
1.Қола дәуіріндегі Қазақстан.
2.Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Нәтижесі.
3. Қазақстан азамат соғысы жылдарында, майдандар құрылуы.

4 -билет
1.СақтарменсарматтардәуіріндегіҚазақстан.
2.Қазақ халқының тарихи қайракерлері Төле би, Қазбек би, Әйтеке би.
3.Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдары, оның әлеуметтік- экономикалық, демографиялық салдары.

5 - билет
1.Үйсіндер мемлекеті. Саяси тарихы, мекені, шаруашылығы, мәдениеті.
2.Патша үкіметінің «Сібір және Орынбор қазақтары туралы» Жарғысы.
3. Қазақ АССР-нің құрылуы, маңызы.

6 – билет
1.Орталық Азия мен Қазақстандағы ғұндар.
2. Бірінші дүниежүзілік соғыс және оның Қазақстанға әсері.
3. Саяси дағдарыс және КСРО-нің құлауы, (1991ж) ТМД-нің құрылуы.

7 - билет
1.Қаңлылар мемлекеті. Саяси тарихы, мекені, шаруашылығы, мәдениеті.
2. ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. тарихи шығармалар
3. Қазақстандағы 1986 ж. желтоқсан оқиғасы, себебі және нәтижесі.

8 – билет
1.Батыс түрік қағанаты.
2.Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстау жеріндегі көтерілістер.
3.Тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, демографиялық және экологиялық салдары

9 –билет
1.Қазақжүздері,қалыптасуы,территориясы,тайпалыққұрамы.
2.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс.
3.Қазақстанның 70-80 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы. Әкімшіл - әміршіл жүйенің экономикалық басқарудағы күшеюі.

10 - билет
1.Түркеш қағанаты.
2.ХҮІІІ-ХІХ ғғ Қазақстан мен Ресей арасындағы сауданың дамуы. Капитализмнің Қазақстанға келуі.
3.Сталиндік тоталитарлық әлеуметтік жүйенің бекітілуі, Қазақстандағы жаппай репрессияның басталуы.

11 - билет
1.Қарлұқ қағанаты.
2.Қазақстандағы 1916ж. ұлт-азаттық қозғалыс. Ұлттық интеллигенцияның қозғалысқа қатынасы.
3.Шал ақын туралы тарихи деректер

12 -билет
1.Оғызмемлекеті,саяситарихы,мекені,шаруашылығы,мәдениеті.
2.Алаш»және «Үшжүз»партияларыныңқұрылуы,олардыңмақсатыжәнеміндеті
3.Қазақтыңсаңлақұлдары (Абылайханныңтуғанына 300жыл,ҚанышСатбаевқа – 115жыл )

13 -билет
1.Қимаққағанаты.Саяситарихы,мекені,шарушылығы,мәдениеті.
2.Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, салдары, нәтижесі.
3.Қазақстан - әлем таныған мемлекет. Қазақстанның сыртқы саясаты.

14 - билет
1.Қарахан мемлекеті. Әлеуметтік саяси дамуы. Шаруашылығы, мәдениеті.
2.1905-07 ж.ж. ресейлік революция және оның Қазақстанға әсері.
3. Қазақстандағы 1989 ж. Жаңаөзен және Қарағанды оқиғалары, себебі және нәтижесі.

15 - билет
1.Найман және керейт ұлысы.
2.Қазақстан Республикасының жаңа кезеңдегі ұлтаралық қатынас саясаты.
3. Сергеев қаласының тарихы.

16 -билет
1.Қыпшақхандығы,саяситарихы,мекені,шаруашылығы,мәдениеті.
2.1886-1891 ж. ж. ережелер. Бұл ережелердің отаршылдық бағыты.
3. 1941-45 жылдардағы Қазақстандық батырлардың майдандағы және тылдағы ерліктері.

17 - билет
1.Қазақстан-2030 ж. стратегиясындағы қоғамдық-әлеуметтік реформалар мен экономикалық жүйелер.
2.Қазақстанға моңғол шапқыншылығы және оның зардаптары.
3. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында, Ұлы Жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі

18-билет
1.Қазақстандағыалғашқыкенөндірушілер.Қола дәуірі.
2.Қазақтарға ХҮІІ- ХҮІІІ ғғ жоңғар феодалдарының агрессиясы
3.Қазақ АССР-нің ҚазССР болып құрылуы. ҚазССР-нің Конституциясының қабылдануы.

19-билет
1.XV- XVІғғқазақхалқыныңмәдениеті,әдет-ғұрыптары
2.ТәуелсізҚазақстанРеспубликасыныңқұрылуы.
3.Қазақ диаспорасының шетелде қалыптасу тарихы

20 – билет
1. Ежелгі Қазақстан тарихының археологиялық кезеңделуі, тас құралдар жетілу сатысы.
2.ХІІІ-ХҮ ғғ-дағы Қазақстан территориясындағы Шыңғыс ұлысы. Мемлекеттік құрылуы. Саясаты, саяси-экономикалық өмірі.
3.Қайта құру жылдарындағы Қазақстан.

21 - билет
1.Алтын Орда құрамындағы Қазақстан.
2.Қазақстандағы Уақытша үкіметтің аграрлық және ұлттық саясаты. Ресейдің Уақытша үкіметі және Алаш партиясы.
3.Қазақстандағы 1867-1868 ж.ж. реформалар.

22 - билет
1.Ақ Орда. Территориясы және тайпалық құрамы. Саяси тарихы
2.А.Құнанбаев – қазақтың ұлы ағартушысы.
3.Жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға өтуі. Экономика реформалары.

23-билет
1.Әбілхайырхандығы. (Көшпеліөзбектерхандығы)
2.ПатшаүкіметініңҚазақстандағықонысаударусаясатыныңмақсаты
3.ХХғ.басындағыұлттықинтеллигенцияныңидеялық –саясиағымдары.«Айқап» журналы, «Қазақ» газеті.

24 - билет
1.Моғолстан. Территориясы және тайпалық құрамы. Саяси тарихы.
2.Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсаринның қоғамдық, ағартушылық қызметі.
3.Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы, қиыншылықтары.

25 - билет
1.Ноғай ордасы. Территориясы және тайпалық құрамы, саяси тарихы.
2.Қазақстандағы ртағасырлық сәулет өнері ескерткіштері
3. Қазақстандағы социалистік индустрияландыру. Оның салдары және нәтижесі.

1 жауап

0 дауыс
Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған  мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай Ордасы. Ол ХІҮ-ХҮ ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды.
Ноғай Ордасының негізін салушы - әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай  Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХҮ ғ. ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХҮ ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады.
Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа  бағынған өкімет болды. Орда билеушісі – хан. Ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп, ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген. Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтарына қатысуға міндетті болған. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды. Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік князьдің қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды.
Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар тарихы әсіресе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан. Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Орд

асының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өріс-қоныстары Сібірге дейін созылып жатады, ал оңтүстік-шығыста олар кейде Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында көшіп жүрген. Олардың билеушілері Уақас би маңғыт, Мұса мырза, Жаңбыршы және басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға жәрдемдеседі. Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді бірде татуласып, одақ құрып отырған.  Ш. Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған. Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы» атанған.
ХҮІ ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық,  саяси байланысы дамыды. ХҮІ ғ. 2-ші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, екіге:  Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлінді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына, соның ішінде Кіші жүз құрамына енді. Осылайша Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/351/
...