0 дауыс
2.0k көрілді
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресудің жолы

1 жауап

0 дауыс
Экстремизм термині сөзбе-сөз (лат. ехігетш- шеткі) шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм бұл әруақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс. Оған анықтама беруде эксперттік ортада әртүрлі түсінік бар. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші топ экстремизмді бір созбен негативті және әлеуметтік қауіпті құбылыс деп бағалайды. Бұл бағытты ұстанушыларды «консерваторлар» деп белгілеуге болады. «Консерваторлар» бағытыңдағылар негізінен ғылыми академиялық орта, сонымен қоса құқық қорғау орғандарының қызметкерлері.

Зерттеушілердің бір бөлігі бұл мәселені салыстырмалы түрде, жіктеп қарастыруға тырысады. Оларды шартты түрде «либералдар» деп атауға болады. Либералдар экстремизмді жағымсыз құбылыс деп анықтаудан бас тартады. Мысалы Ресейдің адам құқығы институтының эксперті Лев Левинсон экстремизм бұл әртүрлі құбылыстарды кеңінен алатын іс-әрекеттің мүмкіншілігі. Сондықтан экстремизмге шек қою мүмкін емес. Экстремизм қылмыс емес. Бұған әлемдік марш сияқты ортақ құпталған шеңберден шыққан іс-әрекеттің бәрін кіргізуге болады дейді. Сонымен қоса қоғамдық құрылысқа қарсы құбылыс болса, құқықты шектеуші ретінде анықтау дұрыс емес. Себебі, кейбір әлеуметтік наразылықтар да (аштық жариялау, мемлекеттің кейбір қаулыларына қарсылық марштары) қоғамдық қауіпті феномен деп анықталып кетуі мүмкін болар еді.

Экстремизмнің пайда болуына сараптама жасай келе бұл құбылыстың негізінде адамдардың табиғи мүдделерінің қақтығыстары экономикалық, әлеуметтік, этникалық және конфессиялық қарама-қайшылықтары жатқанын көруге болады.

Бұндай мүдделердің, қарама-қайшылықтардың масштабы әр түрлі болуы мүмкін: жеке индивидтің жеке «Мендік» мүддесінің бүкіл қоғамға қарсы тұруынан бастап, бүкіл мемлекеттік жүйелердің қатал тайталасымен аяқталады. Қанда да бір себептермен мүдделері сақталмай қалған жағдай да тайталас екі жақтың бірі өздерінің саяси, діни, этникалық, тағы басқа мәселелерінің шешімін табу үшін шектен шыққан методтарға көшуі әбден мүмкін.

Экстремизмнің кең және нақтылы өлшемдеріне бағаны берген Ресейлік эксперт М. Краснов. Оның ойынша экстремизмге мынадай идеяларды, бағыттарды, доктриналарды таратуға бағытталған әрекеттерді жатқызуға болады:

адамдарды таптық, меншіктік, рассалық, ұлттық немесе діндік ерекшеліктеріне байланысты бөлу;

адам құқығын конституциялық құндылық ретінде жоққа шығару;

ашық плюрализм мүмкіндігін, идеяларды еркін тарату және айырбастауды жою;

бір идеологияны мемлекеттік ретінде орнату;

Британдық зерттеуші Ширин Акинердің ойынша

өз идеялары оз өмірлеріне ғана қолданып қоймай заңды тұрде де, заңсыз да барлық мүмкін әдістерді қолдана отырып, қоғамға қолданғылары келетіндердің барлығын, экстремистерге жатқызуға болады. Кейбір жағдайда бұл терроризмге жетіп қоғамға үлкен қауіп туғызуы мүмкін.

Экстремизмнің пайда болу себебі әр қоғамда әр түрлі болады және сол қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты. Әйтсе де экстремизмнің пайда болуы мен таралуының базистік жағдайы бар. Ол кез-келген қоғам мен мемлекетке тән. Қазіргі кезеңде экстремизмнің пайда болуының негізгі факторлары ретінде эксперттер мыналарды ұсынады: әлеуметтік экономикалық тоқырау; жергілікті тұрғындардың көп бөлігінің өмір сұру деңгейінің кұрт түсуі; мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси институттардың деформациясы; олардың қоғамдық дамудың пісіп тұрған мәселелерін шешуге қабілеті жетпеу; саяси режимнің тоталитарлық сипат алуы; биліктегілердің оппозицияны басып тастауы; еркін, жаңаша ойлауды қуғындау; ұлттық қанау; жеке топтардың өз міндеттерін шешуін жеделдетуі; лидерлердің саяси амбициялары және т.б.

Бұл негізгі факторлармен қоса ғалымдар экстремизмнің пайда болуы және дамуына әсер ететін қосымша факторларды атап көрсетеді. Оларға халықаралық немесе мемлекеттік жүйеде экстремизм көріністеріне қарсы күрестің осалдығы, тұрғындардың, жеке топтардың саяси және құқықтық мәдениетінің төмендігі, мемлекетаралық қатынастың әлсіреуі, әлеуметтік шиеленістің өсуі т.б.

http://www.studfiles.ru/preview/3992654/
...