0 дауыс
11.9k көрілді
Жастар практикасынан өтіп жаткандар бар ма? Биылғы жастар практикасының жалақысы қанша? 56000 деген рас па? қолға қанша алады? зейнетақы қорына қанша ұстап қалады?

8 жауап

+1 дауыс
Жастар практикасы – бұл алған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатымен жүргізілетін оқу орындарының түлектерін уақытша жұмысқа орналастыру. Өткен жылы бізбен жастар практикасына 661 түлек жұмысқа орналастырылған еді, ол кезде жалақы 53 800 теңгені құраған болатын, ал биылғы жылы жастар практикасының жалақысы 71 900 теңгені құрады. Барлық әлеуметтік шегерімдерді ескергенде жастар практикасына қатысушылар 60 684 теңге алатын болады.

Айта кетейік, жастар практикасына соңғы үш жылдың түлектері, жұмыссыз ретінде тіркелгендер және олардың жасы 29-дан аспағандар жолдана алады. Жұмыс беруші жұмыссызды жұмысқа алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек келісімшартына отырады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.
0 дауыс
Мен жастар практикасы бойынша жұмыс істеймін мектепте. Келісім бойынша 60125 тг. Қолыма 47 мың аламын. Зейнетақы қорына 13 мың ұстайды. Неге көп?
0 дауыс
Мен төтенше жағдайда қорғау мамандығын бітірдім...оған жастар практикасына сұраныс жок дейді..баска жұмыс орындарына жібере аласыздарма
0 дауыс
Мен төтенше жағдайда қорғау мамандығын бітірдім..Оған жоқ деп тұр..басқа жұмыс орнына жібередіма практикаға
0 дауыс
Сəлеметсіз бе? Жастар практикасының айлықтары қандай бюджеттен бөлінеді жəне неге уақытылы берілмейді? Өзім осы жастар практикасы бағдарламамен жұмыс істеп жатқаныма 2 ай болады, бірақ мен əлі де болса  жалақымды алмадым
0 дауыс
ОҚО да 56000 қолға 51530тг аламын
0 дауыс
Салеметсизбе, мен биыл гана диплом алдым экономист-бухгалтер мамандыгым,  ЖОО, жастар практикасы багдарламасы бойынша жумыска кіру үшін кайда бару керек? Жасым 28де. Семья жағдайларына байланысты окуымды биыл тамамдадым.
0 дауыс
Жастар практикасына ЖОО-ны бітіріп қолында дипломдары барлар ғана қабылданама? Кешкі оқып жүргендер не істеуге болады

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 30.08.2022 Уақытша жұмыстар сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 16.11.2020 Мамандық сұрақ қойды
...