0 дауыс
1.9k көрілді
Сәлеметсиздер ме? Мен шайды (заварка) кунделікті омирде жеймин. Корсем жегим келип озимди устай алмайм. Бул ауру ма? Маган кандай дәрумен жетіспейді?

1 жауап

0 дауыс
Шай ішу дәстүрі ежелгі Қытай елінен бастау алады. Аңыз бойынша желмен ұшып келген бірнеше шай жапырағы қытай императоры үшін дайындалып жатқан ыдыстағы қайнаған суға түсіп кетеді (б.з.д.VI ғасыр ). Сусын өзінің дәмімен және қош иісімен билеушіні қатты қызықтырады. Сол күннен бастап ол өзінің қол астындағыларға шай демдеп, оны ішуді бұйырады.
Ал Ресейге шай 1638 жылы келіпті. Орыс елшісі Стариков Мәскеу патшасына Монғол ханның сыйлыққа берген шайын әкеліп береді. Алғашқыда патша бұндай сыйлыққа қатты ашуланыпты. Бірақ кейін жаңа сусын патшаның көңілінен шығады.
Шай Жапонияға ХІІ ғасырда Қытайдан келіпті. Жалпы шайды  батыста «ти» десе, шығыста «шай» деп атайды.
Шайды сүйсініп ішетін ағылшындар әу баста  шайдың тұқымын Қытайдан ұрлап алған екен. Бір қытайлыққа көп ақша төлеп, одан шай әзірлеу технологиясын үйреніп алады да елге келісімен оны жариялап, таратады.
Шай ағашы
Шай бұтасы — күй талғамайтын, тамырлы, көпжылдық өсімдік. Дегенмен жер қыртысы мен климаттық жағдайлардың өзгерісін жылдам сезінеді. Жапырақтары кезектесе орналасқан, қалемше тәріздес, жылтыр, шеттері өткір тісті, ұзындығы — 7, ені 4 сантиметр болады. Шай жас жапырақтардан, оның бүрлерінен өндіріледі. Алғашқы өнім бірінші вегетациядан кейін жиналады. Шай өнімдерінің ішіндегі  ең бағалысы —бірінші және екінші бүрлері. Бірінші өнім, әдетте, ақпан айынан бастап наурыз айына дейін жиналады.
Шайдың жабайы өсетін екі түрі бар. Біріншісі, қытай шайы — Оңтүстік-Шығыс Азияның таулы аймақтарында, екіншісі, ассам шайы Үндістанның Ассам ормандарында өседі. Бұл екі шайдың табиғи гибриді цейлон шайы деп аталады. Оның да екі түрі бар. Олар жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. ТМД елдерінде Әзірбайжан, Грузия, Ресейдің Краснодар өлкесі мен Грузия жерлерінде қытай шайының негізінде шайдың бірнеше сұрыптары өсіріледі. Шай ағашы 100 жылдай өмір сүріп, 70 жыл өнім береді.
Шай — байха (үгітілген) және тақта шай (престелген) деп бөлінеді. Байха шайы: қара (ең көбірек тарағаны), көк және сарғыш қара, көк шай. Онда белокты заттар мен амин қышқылдары (16 пайыздан 25 пайызға дейін), пигменттер (бояғыш заттар 10 пайызға дейін), А1, В1, В2, РР, С тағы да басқа дәрумендер бар. Шайдың сергітетін әсері оның құрамындағы кофеинге байланысты. Шайдағы эфир майы 0,006 – 0,02 пайызға жуық. Ол шайға хош иіс, тіл үйіретін дәм береді.
Шай демдеу
Шай демдегенде ерекше бап қажет. Аққұманды қайнаған сумен 2-3 қайтара шайып, оған шай (2 стақан суға 1 шай қасық) салып, үстіне қайнап тұрған суды, әуелі аққұманның ½ мөлшерінде құяды да, сәл-пәл қоя тұрады. Сосын отқа қойып бұқтырып алғаннан кейін, аққұманды бүркеп сүлгімен не арнайы жұмсақ шүберекпен 5-7 минут тұндырады да, толтыра қайнаған су құяды. Егер шай түбіне толық тұнса, оның әзір болғаны деп біліңіз. Бұқтырылған шайды қыздырмайды, қайнатпайды және келесі күні шамбасына шай қосып демдемейді. Шайға ас содасын, күйдірілген қантты қоспайды. Егер шайға жаңадан қайнатылған судың орнына тұрыңқырап қалған жылы суды құйса да дәмі кетеді. Шайды фарфор немесе фаянс шәйнекпен демдейді. Шайды метал шәйнекпен шығарса, ол құсып кетіп, хош иісі мен дәмін жоғалтады.
Ыстық шай ағзаға зиян
Шайды ыстықтай ішуге болмайды. Өйткені ыстық шай кеңірдекке, ас жолы мен асқазанға кері әсер етуі мүмкін. Ұзақ уақыт ыстық шай ішу ішкі органдарды ауруға ұшыратады. Температурасы 62 градустан жоғары шай асқазанды бұзады. Шайдың температурасы 56 градустан аспауға тиіс. Шай дайындау үшін суды ұзақ қайнатқан дұрыс. Болмаса шайдың фенолы, эфирлік компоненттері қышқылданады, шай тұнықтығынан, дәмінің сапасы мен хош иісінен айырылады. Шайды бірнеше рет қайнатып ішуге мүлде болмайды. Әдетте үш-төрт рет қайнатқаннан кейін шай жапырақтарында пайдалы заттардың 50 пайызы, екінші қайнатқанда 30 пайызы қалады. Осылайша, оның құрамындағы пайдалы элементтер біртіндеп азайып, бірнеше рет қайнатқанда ондағы зиянды заттар көбейе түседі.
Сондай-ақ бұл сусынды кішкентай шыныаяқпен ішу керек. Сонда шайдың керемет дәмін шын мәнінде сезінуге  болады екен.
Қандай кезде шай ішпейд
...