0 дауыс
87.1k көрілді
Менде алдын 2014 1рет 2015те 1рет іште бала 4-5аптадан кейін дамымай калган деп 2рет тазалаган содан енді етеккірім 16.03.2017 келіп 22.03.2017кетті содан бугін 25.04.2017 жок болып тур тест алып корсем 1сызык ем алуым керек еді енді нетсем болады басым катып отыр жуктімінба алде жок калай білсем болады 1апта алдын басым катты айналды содан бері мазам жок егерде жүкті болсам

5 жауап

0 дауыс
Әйел жүкті боп қалғанын, дәрігерге бармай-ақ, өзі біле ала ма? Әрине, біледі. Өйткені бала бітудің бірнеше айқын белгілері бар. Солардың бірі - етеккірдің тоқталуы. Бірақ, етеккірдің көрінбей кетуі тек бала көтерудің белгісі бола бермейді. Жүктіліксіз-ақ оның тоқтап қала беретін кездері болады. Мұндай жағдай жыныс мүшелерінің немесе ішкі органдардың бірінің ауруының салдарынан орын алады. Кейбір екіқабат әйелдерде алғашқы екі-үш айдың ішінде етеккір сол бұрынғы мерзімді уақытында келіп тұрады. Әйел бала емізіп жүріп те жүкті бола береді, ал бұл уақытта әдетте әйелдердің көпшілігінде етеккір көрінбей кетеді.

Етеккір тоқтауынан басқа, әйелдің дәм талғамының өзгеріп, ащы, қышқыл тағамдарға құмар болуы, кейбір тамақтан мүлдем шығып кетуі, дүркін-дүркін жүрегі айнып (көбінесе таңертеңгісін), кейде құсып та жіберетіні - жүктіліктің тағы бір белгісі.

Болашақ баланы емізу әзірлігіне байланысты, екіқабат кезінде әйелдің омырауында ерекше өзгерістер болады. Ол толысып, үлкейіп, дөңестенеді және төңірегі дөңгелене қарақошқылданып кетеді. Емшек бездерінің ішіне уыз жиналады. Кейде әйел өзінен уыз шығып кеткенін сезіп қалады.
Баланың өсуіне қарай жатыр да өсіп, іш пен көк еттерді май басқандықтан, әйелдің қарын аумағы үлкейіп кетеді. Сондықтан оның дене сымбаты өзгеріп, бұрынғыдан үлкенірек көрініп тұрады.
Өзгеріс теріде де, әсіресе іш терісінде болады. Іштің ақ сызығын бойлай қоңыр түсті «жүктілік сызаты» түседі. Әдетте бұл дақ босанғаннан кейін өзі-ақ кетіп қалады.

Екіқабат кезінде әйелдің ішкі секреция органдарында болатын өзгерістер оның бетіне де белгі береді. Жүкті келіншектің мұрнының үстінде, бетінде көлемді қара қошқыл пигментті дақтар пайда болуы мүмкін.

Дегенмен, бұл айтылған белгілер әйелдің жүкті болған-болмағанын дәл білу үшін әлі де болса жеткіліксіз. Мысалы, жүрек айну мен құсу, сондай-ақ теріде дақтардың пайда болуы өт жолдары мен бауыр ауруының нышаны болуы мүмкін. Себепсіз дөңгеленіп семіру, омыраудан уыз шығуы ағзадағы гормондардың тепе-теңдігі бұзылғанда да орын алады.
Қазіргі уақытта жүктілікті тексеретін тест жолақшалары дәріханаларда сатылады. Дегенмен, олардың да кейде дұрыс, кейде бұрыс көрсететіні тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр.

Қорыта келгенде, әйел өзінің жүкті болғанын сезсе, дәрігер немесе акушерге қаралып, арнайы зерттеулер арқылы нақты көз жеткізгені абзал.
http://ak-kelin.kz/densaulyk/88-zhuktiliktin-belgileri.html
0 дауыс
менде ишимде коныр сызык пайда болды, жане 2 ай болд етеккир 1-2 кун гана келеди осыга дейин толык бир апта келетин жане коныр ведение келед булар жуктилик белгисиме
0 дауыс
журек айну тамак коп жеу
0 дауыс
Сәлеметсіздерме менің сұрағым бар еді. Мен осыдан бір ай бұрын жігітіммен қосылып қойған едім. Енді үш күн болды етеккір әлі келмеді. Жүрегім таң ертеңгі уақытта ғана айниды бірақ құса алмаймын. Және иіс сезуім сал өзгешелеу кейбір ұнататын иістер қазыр ұнамайды. Тест алып көрген едім дұрыс қолдана алмадым біріншісінде екінші алып тексергенімде екі жолақ шықты біраз уақыттан соң екеуі бірігіп кетті. Узиге түспи қалай білсем болады жүктімін бе жоқпа.
0 дауыс
менде де солай боп тұр
яғни,маған 6 ай боллы тұрмыс құрғаныма!3 ай бойы 2 күн ерте келіп жүрді әр ай сайын.Енді осы айды 2 күн ерте есептегенде 17 сне келу керек еді.Бүгн 20 сы әлі жоқ!Тестпен корсем 1 сызық боп тұр .Нестесем болад блми отрмн ((((

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 6.08.2020 Тазалық сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
...