0 дауыс
1.4k көрілді
Осы біздер батысқа еліктеудің көп зияны бар дейміз мүмкін беретін пайдасы да бар шығар? Өз ойларынызды айтып отырсаныздар

1 жауап

0 дауыс

Халқымыздың қасиетті әдет-ғұрпына, салтына жат бүгінгі жағымсыз жағдай туралы әркім әртүрлі ойлап, пайымдайды. Сол мәселелердің бірі ретінде бүгінгі жастардың батысқа еліктеуін алып отырмын.

Адамның дүниеге келіп есі кіргеннен өзіндік көңіл қалауы, ой пайымы, сезімі, пікірі, түсінігі қалыптаса бастайды. Қазақ қыздарының киім киюі, жастардың әр түрлі сайттарда отыруы, қазақ әндерінің бұрмалануы және тағы да сол сияқты жайттар осы қатардан ойып тұрып орын алып тұрған мәселелер.

Бүгінде қыздардың түрі, түсі бұрынғы ғасыр қыздарына ұқсағанымен олар ұлттық үлгіден ауытқып барады. Қазіргі кезде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін ұялы телефон ұстайды. Әрбір ұялы телефонда интернет желісі қосылған. Қазақ жұртына «Майл.ру агент», «Мобильді агент», «Мой мир» деген ұғымдар пайда болғалы біраз жылдың жүзі болды, пайдасы қайсы, зияны қайсы, ажырату қиын. Әсіресе жасөспірімдер мобильді агент қосылған телефондарын қолдарынан тастамайтын болды. Бұл телефонның зияны жайлы ғалымдар түрлі пікір айтуда. Әйтсе де телефон ұстайтын адамдар саны күннен-күнге көбеюде.Тағы бір айтарым қазіргі кезде әртүрлі жанрдағы әндерді естіп жүрміз. Тәрбиелік мәні де, мағынасы да, тіпті ұйқасы да жоқ өлең жолдарын естігенде ұяламыз. Яғни қазіргі жастар сондай ән тыңдайды.

Енді тек қорқар бір нәрсем, бірнеше ғасырдан соң қазақ жастары мүлде қазақ дәстүрлерінен мақұрым қалмаса болғаны.

...