0 дауыс
3.0k көрілді
https://surak.baribar.kz/628712/%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD-%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D0%BD-%D0%B5%D0%BC%D1%82%D0%B8%D1%85%D0%B0%D0%BD-%D0%B1%D0%B8%D0%BB%D0%B5%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96-9-%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D0%BF осы билеттер

1 жауап

0 дауыс

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел экономикасының дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемлекеттік тапсырмаларды да атқарды. Өнеркәсіп өндірісінің ішінде металлургия өндірісі үлкен жетістіктерге жетті. Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша  біркелкі дамымады. Ол құнарлы, егіншілік шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық  бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды. Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63,5%-ға, жазғы бидай - 8,4%-ға, тары - 22,1%-ға, картоп - 46,3%-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433,8 мың десятинадан 1115,0 мың десятинаға дейін, яғни екі еседен астам көбейді. Өлкенің солтүстік-батыс және батыс облыстары бойынша дәнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін әр десятинадан алынатын 38,7 пұттан 29,8 пұтқа дейін төмендеді. Соғыс жылдарындағы өлке егіншілігі жағдайының сипатты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Бұл енгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауынан, жердің және тұқымдық материалдардың өңделу сапасының төмендігінен көрінді. Егіс көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Мәселен, Ақмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияға ауыл шаруашылығымен айналысып келген орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды. Қазақстанның басқа да аймақтарында мұндай көріністер байқалып тұрды. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеліп соқты. Оған сан және сапа жағынан үлкен зардап келтірді. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұратын жерлерде жылқы, түйе, ірі қара мал саны кеміді. Мәселен, Ішкі Ордада 1915 жылы жылқы саны 310,3 мың болса, ал 1916 жылы 160,2 мың болып, үлес салмағы жөнінен 48,5%-ға кеміп кетті. Маңғыстау уезінде, Сырдария мен Жетісу облыстарында да осындай көріністер байқалды. Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы, бірінші кезекте, мал жайылымдық алаптарды тартып алу салдарынан зардап шекті. 1913-1917 жылға дейін қазақ халқынан жалпы көлемі 764,4 мың десятина жайылымдық алқаптың жылқы - ірі қара жайылатын 190 жайылымы тартылып алынды және жалға алуға даярланды. Мал санының қысқаруы, ең алдымен, қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Өйткені қазақ шаруашылығында мал саны жылдан-жылға азая берді. Сондай-ақ соғыс жылдарындағы мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп тұратын реквизиция да әсер етті. Осы жылдарда Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе әкетілді. 1914 жылдың ішінде  Жетісудан ғана 34 миллион сомның малы мен мал өнімдері тасылып әкетілді. Қазақ шаруашылықтарында малды реквизициялау және жылқы малын есепсіз пайдалануға байланысты мал санының қысқаруы село мен ауылда шаруашылықты қалыпты жүргізуге кері әсер етті. Жылқы малы әсіресе солтүстік облыстарда азайып кетті. Соғыс жылдарында армияны жабдықтау үшін мол мөлшерде азық-түлік даярлау, мал және ет өнімдері бағасының өсуіне әкеліп соқты. Осыған байланысты бұл кезеңде өлкеде анағұрлым арзан ет беретін сала -  шошқа шаруашылығы жедел дами бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі Успен және Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру арта түсті. Бұл кеніштерден 1914 жылы – 246 пұт, ал 1916 жылы – 1551 пұт темір кені өндірілді. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды. Салықтардың жоғарылығынан, қатынас жолдарының қашықтығынан, құрал-жабдықтардың жетіспеуі салдарынан және басқа себептерден алтын кеніштерінің саны қысқарды. Түсті металлдарға деген қажеттіліктердің артуы және олардың бағасының күрт өсуі соғыс жылдарында түсті металлургияның, әсіресе, Риддер және Сокольский кеніштерінің дамуына түрткі болды. Түсті рудалар өндіру 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 25,3 есе өсе түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мыс рудасын негізінен “Спасскмысрудалары” акционерлік қоғамымен “Атбасармыскендері” акционерлік қоғамы өндірді. Бірақта, мыскенін өндіружылдан-жылғакемиберді. Жер қойнауын жыртқыштықпен пайдалану “Спасскмыскені” акционерлік қоғамының Успен кен ішіндегі барлық бай кенді (құрамындағымыс 25%) алып қоюына әкепсоқты. Соғыс жылдарында Сарысу байыту фабрикасы салынды. Ол революцияға дейін құрамында 25-30% мыс бар 128 мың пұт шикізат өндірді. Көмір өндіру Семей, Торғай, Ақмола облыстарында жүргізілді. Соғыс жылдарында Екібастұз кен орындары елеулі рөл атқарды. Ол Екібастұз қорғасын-мырыш зауытын, Ертістегі жекеше кеме қатынасын, Оралдағы Боголовск және Қышым зауыттарын көмір мен жабдықтап отырды.
Толығырақ: https://e-history.kz/kz/contents/view/841

Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да 1954 – 1960 ж. жүргізілген экономикалық саясат, науқан.
КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты.
1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады.
1954 жылы 23 ақпан — 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумында «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Астық мәселесін шешудің екі бағыты болды:
интенсивтік бағыт — экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа көшу.
экстенсивтік бағыт — яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы.
Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады.
Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.
1. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдай .
-1946-1950жж-егістік жердің әр гектарынаналынған өнім орта есеппен 5-6 ц. болды.
-1949 ж. мал шаруашылығын дамыту жоспары қабылданды.
-Тың жерлерді игеруге жаппай кірісу -1954 ж.

Толығырақ:https://adisteme.kz/kazakstanda-tying-zhane-tyingaygan-zherlerdi-igeru.html

Милитаризм деген не? Милитаризм сөзі француз тілінен әскери деп аударылады. Милилтаризм дегеніміз елдің әскери бағытта дамуында, мемлекеттің экономикасының және мәдениетінің әскерге тәуелді болуында. Елдегі әскери күштердің ролінің зор болуында.

Тарихтағы милитаристік мемлекеттер

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары фашистік Германия милитаристік мемлекет болды. Фашистік Германия осы заманда өзге елдерді бағындыру, өзге елдердің жерінде орналасқан табиғи шикізат көздерін өз пайдасына жұмсау, халқын құл еткен.

Жапония да соғысқа дейін милитаристік мемлекет болған, Азияның талай халқын құл еткен!

Милитаристік мемлекеттер қазір де бар, мысалы Солтүстік Корея (ресми атауы КХДР - Корей халықтық демократикалық республикасы). КХДР өкіметі, АҚШ пен Онтүстік Корея сияқты елдерден қорғану мақсатында, амалсыз елдегі барлық байлықты қарулы күштерге жұмсап отыр.

...