Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін баянды етті. Қазақстан мемлекетінің егемендігі мына белгілермен сипатталады: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Қазақстанның аумағы бес мемлекетпен: Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, Қызғызстанмен және Түркменстанмен шектес. Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Мемлекетіміздің аумағына басқа мемлекеттің қол сұғуы агрессия деп аталады. Агрессияны халықаралық құқық айыптайды. Конституцияда жарияланғандай, Қазақстан басқа мемлекеттермен тату көршілік, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірініші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді. Республикаға қарсы агрессия бола қалған күнде немесе сырттан тікелей қауіп төнсе, Президент республиканың барлық аумағында немесе кейбір жерлерде соғыс жағдайын енгізіп, ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды жариялайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заң бойынша біздің мемлекет өз аумағын құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде өз қарулы күштерімен қорғайды. Республика шекарасын Қазақстанның шекара әскері күзетеді, ол республика тұтастығына қандай болсын қарсы әрекетке тойтарыс беруі қажет, адамдарды қылмыстық әрекеттерден қорғауы тиіс. Қоғамда өтіп жатқан процестер мен мемлекет қызметінің бағытына сәйкес бұл факторлар мемлекеттегі дағдарыс пен тұрақтандыруға жауап береді. Соңғы жылдары экономика саласында көп деңгейлі меншік жүйесі қалыптасып, шаруашылықтың барлық элементтерін қамтитын жаңа құрылымының қалыптасу процесі жүріп жатыр. Өндірісте экономикалық саясат, құрылымдық саясат жүргізу, айырбасты дамыту, өндіріс технологияларын жаңарту, сауда-бұның барлығы мемлекеттің міндеті болып табылады. Жұмысы әдістер мен жұмыс жасауында және мемлекеттік ұйымдастырушылық пен реттеу функцияларын көрсетілген процестерге ендіру болып табылады. Бірінші орынға монопольді мемлекеттік жоспарлау кезеңінденгі мемлекет функциялары мен басқарудың командалық әдістері шығады. Ең алдымен есептеу, бақылау, экономика мен шаруашылыққа анализ жасау функцияларын ұйымдастырады. Ал белгілі бір тарихи немесе әлеуметтік жағдайдағы бар модельдерді көшіріп алып қайталауға жол берілмейді.
Егемендіктің маңызды белгісі — онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілдік орган — Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент екі палатадан: Мәжілістен және Сенаттан тұрады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындайды. Мемлекеттің басшысы-Президентті азаматтар сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық буындарының келісіп қызмет істеуін қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің көлемінде атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Атқарушы органдардың жүйесіне жататындар-министрліктер, мемлекеттік комитеттер, коммиссиялар, бас басқармалар және жергілікті атқарушы органдар — облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, селолық әкімшіліктер. Атқарушы органдардың өкілеттіктері зандарда және арнаулы ережелерде анықталады[23].
Ерекше құқық қорғау органдары бар, олар — соттар, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура. Олардың ішкі құрылымы, өкілеттіктері арнаулы зандарда анықталады.
Егенмендіктің тағы бір маңызды белгісі — өз азаматтығының болуы. Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда, Президенттің заң күші бар Жарлықтарында қарастырылған. Азаматтық — адамдардың мемлекетпен тұрақты саяси және құқықтық байланысының жағдайы. Мүндай байланыстан мемлекет пен азаматтардың өзара құқықтары мен міндеттері келіп туады. Мемлекет, оның органдары азаматтарға ол құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы үшін қажетті жағдай жасауы керек. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылган болса, лауазым иелері, заң қорғайтын органдар кінәлілерді тиісті жауапқа тартады. Азаматтың міндеттері — Конституцияны, зандарды сақтау, мемлекеттік тілді, барлық ұлттардың тілдерін, әдеттерін, дәстүрлерін құрметтеу, еліміздің экономикалық қуатын күшейту.
Егемендіктің тағы бір маңызды белгісі — басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау қабілеттілігі. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі. Көптеген шет мемлекеттермен елшілік қатынастарын жолға қойды. Олармен саяси, экономикалық, мәдени, т.б. мәселелер бойынша халықаралық шарттар жасасты. Сол мақсатпен Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентке, Парламентке және Үкіметке қажетті өкілеттіктер берді.
Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Елтаңбасы, Туы, Гимні бар. Олар Қазақстанның дамуының тарихи жолдарын бейнелейді. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиісті. Зандарда оларды пайдалану тәртібі белгіленген.
Қазақстан мемлекеті ежелгі қазақ жерінде құрылды. Демек, қазақ ұлты осы аумақта бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этнос болғандықтан, мемлекеттің сол ұлттың атымен аталуы табиғи және занды жағдай. Қазақ тілі — бірден — бір мемлекеттік тіл. Басқа ұлттардың тілдерін кемсітуге жол берілмейді. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін — өзі басқару органдарында ресми түрде қолданылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлтына қарамай барлық азаматтарға тең құқық бере отырып, оларды тату тұруына заңдық негіз құрады. Сондықтан Қазақстан — бүкілхалықтық мемлекет. Бүл жағдай Конституцияда жазылған мемлекеттің, оның органдары қызметінің принциптерінде анық айтылған. Біріншіден, мемлекет, оның органдары қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге талаптануы қажет. Қоғамдық татулық дегеніміз қайшылыққа, әлеуметтік топтар арасында, түрлі ұлттар арасында қарсы тұрушылыққа жол бермеу. Мұндай татулықты қамтамасыз ету қоғамның тұрақтылығының, әр адамның тыныш өмір сүріп, оқуының, жұмыс істеуінің алғы шарты. Екіншіден, мемлекет өзінің экономикалық саясатын қоғамның экономикасын дамытуға бейімдеп, тек бір топ адамның емес, бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағыттауы керек. Үшіншіден, мемлекет органдары мемлекет өмірінің маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешуі керек. Бұл халық ең маңызды мемлекеттік мәселелерді, мысалы, Конституцияға өзгерістер енгізуді референдум арқылы шешеді деген сөз. Референдумды өткізу тәртібі ерекше заңмен қарастырылады.
Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мүндай мемлекет құрудың негізгі шарты-барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негзде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция «халық» деген ұғымды қолданады. Саяси-құқықтық мағынада «халық» деген-мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы. Мысалы, Конституцияға, Президенттің Қазақстан Республикасында сайлау туралы жарлығына сәйкес азаматтар, саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер Республика Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар ұсынуға ерікті. Оларды жан-жақты талқылап, қолдап немесе қарсы үгіт жүргізуге хақылы. Барлық саяси партиялар тең құқылы, олардың біреуіне қандай да болсын жеңілдік немесе артықшылық берілмейді. Азаматтар өз қалауымен саяси партиялардың біреуін қолдай алады немесе олар депутаттыққа ұсынған кандидаттарды қолдауға немесе қолдамауға ерікті. Мұның өзі халықтың ой-пікірін айқындауға мүмкіндік береді.
Демократияның бір көрінісі — азаматтардың қоғамдық бірлестіктеріне мемлекет органдарының заңсыз қол сұғуына тыйым салу. Қоғамдық бірлестіктерді азаматтар түрлі мақсатпен: өздерінің саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени, діни қажеттіктерін қанағаттандыру үшін қүрады. Әрине, қоғамдық бірлестіктер Конституцияны, завдарды сақтауға міндетті. Олар әлеуметтік, ұлттық, діни, нәсілдік арандатушылықпен айналыспауы керек. Олардың жұмысы мемлекеттің қауіпсіздігіне, конституциялық құрылысты өзгертуге, Қазақстан аумағының тұтастығына қарсы бағытталмауы тиіс. Қазақстан Республикасы — зайырлы мемлекет. Елімізде түрлі діни бірлестіктер әрекет етуде. Азаматтардың қандай дінге сенгісі келсе өз еркі, тіпті, ешбір дінге сенбеуге де хақылы. Дін мемлекеттен ажыратылған. Оның мәні мынада: бірінішіден, мемлекет қандай да болсын діни идеологияны мойындамайды; екіншіден, мемлекеттік оқу орындарында (мектептерде, институттарды, т.е.с.) діни ілімді уағыздауға жол берілмейді; үшіншіден, Республикамызда дінге сүйенген саяси партиялардың ұйымдастырылуына және қызметіне тыйым салынған.
Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол- құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезшуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін түсінуі қажет.
Қазақстан Республикасында, Конституцияда айтылғандай, әлеуметтік мемлекет құрылуда. Әлеуметтік мемлекетте Конституция, заң халықты таптарға, ерекше әлеуметтік топтарға бөлмейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына: шаруаларға, жұмысшыларға, қызметшілерге, мұғалімдерге, ғалымдарға, оқушыларға, аналарға, зейнеткерлерге, жетімдерге, т.е.с. тиісінше қамқорлық жасайды. Мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліктерін ескеріп, көмекке мұқтаждарға тиісті қаражат бөледі. Себебі еңбекке қабілетсіз, хал- жағдайы төмен адамдарға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Мемлекеттің сипаты оның жастарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына қамқорлық жасап, олардың адамға лайық өмір сүруіне жағдай туғызғанына қарап анықталады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, ол біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Қазақстанның біртұтастығы — оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерден құрылатындығы, автономияға бөлінбеуі. Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы ерекше заң бар. Ол Қазақстанның тарихы және қазіргі замандағы ерекшеліктерін бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, оның жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша айтқанда, түрлі ұлттар арасында, әлеуметтік топтар арасында лауазымды болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау үшін кері қайтарады (вето құқығы). Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өзі қабылдай алады. Сонымен қатар Конституцияда көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар Жарлық қабылдай алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті бөлу принципін бекітті. Мемлекеттік ьилік үш буынға бөлінеді: Заң шығаратын, атқарушы және сот. Заң шығарушы қызметімен Праламент шүғылданады. Атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет. Ал сот билігін Жоғарғы Сот, облыстық, аудандық соттар жүзеге асырады. Аталған органдар біртұтас мемлекеттік биліктің әр буыны өз қызметін дербес жүзеге асырады, атқарады және басқа буындардың қызметіне араласпауы керек. Ондай жағдай бола қалған күнде тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану қарастырылған. Парламент Үкіметі орнынан түсіру мәселесін қоя алады, ал Президент Парламент тарқата алады.
Мемлекеттің атқарушы органдары орасан зор жүмыс атқарады. Оларға жататындар: Үкімет, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, жергілікті әкімшілік (облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық, селолық). Заң қорғау органдарының әр бөлшегі туралы арнайы заң бар. Мысалы, прокуратура Конституцияда жазылғандай, мемлекет атынан заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Анықтау және тергеу қызметін жүргізу үшін арнайы органдар құрылды. Олар әр түрлі болады — милиция органдары, мемлекеттік қауіпсіздік органдары. Құқықтық тәртіпті қорғауда ішкі істер органдарының атқартын қызметі де сан алуан. Оларға жүктелетін міндеттер ерекше занда белгіленген. Адамның, қоғамның, мемлекеттің құқықтарын, тыныштығын, қауіпсіздігін қорғайтын, сақтайтын органдарға ұлттық қауіпсіздік органдары да жатады. Олардың да қызметі заңға сүйене отырып, жүргізілуі қажет. Аталған органдардың қызметінің тиімді және жемісті болуы қай кезде де азаматтардың қолдауына, көмегіне байланысты. Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мүндай мемлекет құрудың негізгі шарты-барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негзде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция «халық» деген ұғымды қолданады. Саяси-құқықтық мағынада «халық» деген-мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы.
Қазақстан мемлекеті өз алдына дербес даму мақсатында, алдымен елде болып жатқан мәселелерге назар аударып, соларды қалпына келтіру жолы арқылы ол болашаққа батыл және нақ қадам жасайды.
Мемлекеттік идеологиядағы өзекті мәселеге тоқталып өткенді және елімізде болып жатқан басқа да көкейкесті мәселелерге тоқталып өткенді жөн көрдім.
Жұртшылыққа мәлім 1994 жылдың мамыр айында астанамыз Алматыда өткен республикалық кеңесте азаматтық келісім мен татулық, бірлік, жас мемлекетіміздің гүлденіп, өсіп өркендеу мәселелері негізінен сөз болып, егеменді еліміздің жаңа сипаттағы мемлекеттік идеологиясының бет бейнесін айқындауға алғашқы қадам жасалды. Онда баяндама жасаған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев қазіргі кезенде біздің саяси жұмысымыздың өзегі ретінде, бірігу, қоғамдық прогресс және әлеуметтік серіктестік идеясын ұсынады. Саяси қызметтің осынау мән-мазмүны терең және баршамыз үшін тың да сара соқпағы таңдауымыздың себеп-салдарына байланысты тоқтала келіп:
— Біздің жаңылған жеріміз — жүргізіп отырған жұмысымыздың сипатын адамдарға түсіндіре алмауымызда, біздің максатымыз бен ұмтылыстарымызды жеткізе алмауымызда болар — деп атап көрсетті Президент.
Бақытымызға орай Қазақстан қазіргі өтпелі кезеңнің қиындықтарына, қарама-қайшылықтарына қарамастан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы ішінде тыныштығын, бейбіт тіршілігін сақтап келе жатқан бірден-бір ел. Осы факторға алаңсыз сеніп, іс-әрекетсіз, қаннен-қаперсіз, қол қусырып отыра беруіміз дұрыс па? Әсіресе, тап бүгіндей алмағайып өтпелі кезеңді байтақ елімізде жүздеген ұлт өкілдері тұратынын және қос қапталымыздағы алып көршілеріміз бар екенін ескерсек, бұл нағыз отпен ойнаумен пара-пар емес пе? Тіпті әрі-беріден соң біздің әлі буыны бекіп, қабырғасы қатаймаған жас мемлекетіміздің жоғын жоқтап, мұның мұңдайтын, қалың бұқарамен етене байланыстыратын және байыпты мемлекеттік саясатты мейлінше ынталы әрі ықыласты жүргізетін шынайы қамқоршысы, қолдаушысы мен қорғаушысы кім болмақ?
Міне, бұл барша сергек ойлы, сезімтал жүректі, жанашыр жандарды көптен бері ойландырып, тереңінен толғандырып, жұмыла жауап іздеуге кезек күттірмес көкейкесті өзекті мәселе.
Демек, бұдан шығар қорытынды: қазір бізге көсегесі көгерген, іргелі өркениетті ел, өзгелермен терезесі тең қуатты біртұтас халық болуды қамтамасыз ететін пәрменді идеология ауадай қажет-ақ.
Жалпы идеология дегеніміз — әлде бір қиял ойдан туған, өмірден алшақ тұрған абстрактылы нәрсе емес. Біздіңше идеология дегеніміз-өмірмен біте араласып, бастауында, жалғасында қайнаған тіршіліктен тауып жататын, өмірлік қажеттіктерімізді қамтамасыз ететін құдыретті де қозғаушы күш. Қоғамның алдында тұрған кемел келешекке, бағытталған іргелі міндеттерді, жүзеге асыру барысында идеология ең алдымен барлаушы, ұйытқы, ұйымдастырушы және көш басында шамшырақтай жарқырап жетекші болып жүрсе, ал нақты мұраттар мен бағдарламалар орындала бастаған екінші бір тұста ол жариялылықтың арқасында қоғамдық бақылаушының, баға берушінің, тәжірибе жинақтап, таратушының рөлін атқарады.
Бүгінгідей бетбұрысты да тағдырлы кезеңде, біз үшін жаңа мемлекеттік идеологиямыздың маңыздылығы, қажеттілігі мен құндылығы да осында жатыр.
Адамзат тарихында қай дәуірде болмасын бірде-бір ел идеологиясыз ойдағыдай өмір сүріп, өсіп-өркендемегені бәрімізге белгілі.
Сондықтан бүгінгі кеңестің күн тәртібінде де ең көкейкесті, тағдьголы мәселе тұр деп білемін.
Бізге керегі бүкіл Қазақстандықтардың арман-мүддесі түбегейлі көрініс тауып, Парламент бекіткен ата заңымыздағы тұжырымдарды іске асыруға негізделген идеология.
Тұжырымдай түссек, ұлттық және адамзаттық рухани құндылықтарға қозғалыстар мен саяси партиялар жинақталған оң тәжірибелерге негізделген мемлекеттік идеология, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, құқықтық мемлекет құруға және ең бастысы адамдардың игілігіне қызмет жасауға тиіс.
Негізгі міндет барлық үкімет зандарын, мемлекеттік шешімдер мен бағдарламаларды жұртшылыққа кеңінен түсіндіру, қоғамдық пікірді зерттеу, оны талдау, оған оң әсер ету, ішінара ұшырасатын әлде бір қарама-қайшылықтарды бәсеңдету арқылы аталған құжаттардың орындалуына пәрменді ықпал жасау және жария түрде бүкіл халықтық бақылау орнату болып табылады. Сонымен қатар, ұлттар арасында жарасымды қарым-қатынастың орнығуын, халықтың ынтымағын, ауызбіршілігін, тыныштығын сақтауды, адам тәрбиесін, азаматтардың өз құқықтарын толық мәнінде пайдалануын қамтамасыз ету де күн тәртібінен түспейтін толғақты мәселе.
Қазақстан түпкі мәртебелі мақсатына жету жолында, ең алдымен ұлттық және азаматтық намыс туын жоғары көтеріп, бүкіл қазақстандық отансүйгіштік қастерлі сезімді түбегейлі қалыптастыру аса маңызды іс.
Қорытынды
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері он бес жыл. Тарих ауқымын алғанда бұл уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыттың ішінде, әлбетте, мемлекеттік дамудың сапалық жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын. Он екі жыл — бұрынғы бірқалыпты тіршіліктің талай жылдарына татитын уақиғаларды бойына жинақтаған уақыт болды.
Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық қүқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі. Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлемнің 117 мемлекетіне танылды, олардың 105-імен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Мемлекетаралық және Үкіметаралық 800-ден астам Шарттар мен Келісімдер жасалды. Бұл кезең еліміз үшін мемлекеттік құрылым мәселелерінің бірінші дәрежелі маңызы болды. Жаңа мемлекеттіліктің іргелі негіздері қаланды, қоғамдық дамуды реттеп және бағыттап отыратын қабілетті біртұтас мемлекеттік билік қалыптасты.
Қоғамның рухани өміріне, оның әлеуметтік көңіл-күйіне, ұлттық сананың өсуіне байланысты салаларда да біршама күрделі жұмыстар атқарылды.
Қазақстан зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруда. Бұл принциптер біздің конституциямызда баянды етілген.
Қазақстан Республикасы азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, діни көз-қарасына сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріліп, азаматтарды кемсітушіліктің кез-келген түріне тыйым салған.
Азаматтарды патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелеу мемлекеттің, барлық қоғамдық ұйымдардың, кезек күттірмеймін негізгі міндеті. Азаматтық келісім негізінде әрдайым мемлекет пен халықтың, мемлекет пен жеке сектордың бірлігі дамып келеді. Нақ осының арқасында көптеген елдер дағдарыс пен жақсылықты еңсере білді.
Мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысы, шындап қарқындай бастаған реформа қай-қайсымызды да түбегейлі тарихи өзгерістердің тек куәгерлеріне ғана емес, тікелей қозғаушы күшіне де айналдырып отыр. Осыған дәлел ретінде 1997 жылғы 10 қазанда Елбасы Н.Назарбаев еліміздің халқына сол жылғы жолдауында «Қазақстан-2030», «Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты даму стратегиясын Республика активінің жиналысында жария етті. Бұл бағдарламаны орындауға сол тұстағы қиындық жағдайда мүмкін бе деп көпшілік қауым күмәндана қарады. «Дегенмен, деп ой түйген еді Елбасы, мен мынаған кәміл сенімдімін: егер біз саяси тұрақтылығымызды, ұлттар мен ұлыстарымыздың үйлесімін сақтай алсақ, егер біз халқымыздың, еліміздің болашаққа деген сенімімізде сары уайымға салынушылардың сарынына жол бермесек, онда экономикалық өрлеу мақсаттарына тезірек қол жеткізетін боламыз. Егер стратегиямызды айқын орындай отырып, тыным таппай жұмыс істейтін болсақ, онда шын мәніндегі тұңғыш Орталық Азия барысына айналамыз». Егер Елбасы Н.Назарбаев негіздеген стратегиядағы ұзақ мерзімді басымдықтардың жүзеге асырылу барысына зер салатын болсақ, атқарылатын ұлан-асыр істерді көре аламыз.
Бұл күнде ұлт тағдыры барша халықты ойландыра бастаған кезең. Осыған қарағанда саны аз ұлттардың өз ертеңіне қобалжи қарап, болашағымыз не болады, алда бізді не күтіп түр, деген ойлардың құшағына берілуі әбден занды да.
Тәуелсіз мемлекеттің тағдыры, оның ертеңі, болашағы, қазақ ұлтының өркениетті әлемге тұрақты өз орнын иемденуге деген ынтасы жылдан жылға күшейіп, өткен кезеңде жақсы көрініс тапты.
Мемлекетіміздің өркендеуі, дамуы, гүлденуі болашақ білімді жастарды қажет етеді, жаңа замандағы ғылымның жетістігінен толық хабардар олар мемлекетіміздің көш бастаушысы, ілгерілетушісі болып қалыптасуы керек. Міне, сонда ғана Тәуелсіз Қазақстан асқақ арманы мен мүратына жетері анық. Өркениетті елдерде тәжірибе алмасу, шетелдерде білім алу, оны жетілдіру мемлекетіміздің дамуының тетігі. Мемлекет нысанының толыққанды өмір сүруіне ат салысуымыз керек.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыруымыз қажет. Мемлекетіміздің рәміздерін, заңдарын сақтап, құрметтеуге міндеттіміз.
Көп үлтты тәуелсіз мемлекеттілікті нығайту — бүгінгі сала бағытымыз, ашық та айқын мақсатымыз, саясатымыз, мүның өзі ұлтымыздың мүддесін қорғаудан ауытқу деген сөз емес. Көп үлтты Қазақстан Қазақтың тарихи, ежелгі топырағында шаңырақ көтеріп отырған бірден-бір мемлекет болғандықтан, ол қазақтардың ұлттық, түбегейлі мүдделерін қорғауға, қастерлеуге міндетті. Осы қажеттіліктің өзі оны XX ғасырдың соңында дүниеге қайта оралып, өмірге әкеліп отырғаны белгілі.
Қазіргі заманда еліміз нарықты экономикаға көшіп жатқанда, тәуелсіз Қазақстан Республикасы өмірге келгенде жалпы теорияның ғылыми мазмүны, функциясы күрт өзгерді. Жаңа өмірге сай ғылым өзінің жұмысын қарқынды түрде жүргізіп, жаңа қоғамның тілектеріне, мүдделеріне сәйкес ғылыми зерттеулер, қорытындылар жасауға тиіс.
Кеңестер Одағы ыдырап, тәуелсіз мемлекеттердің достастығы (ТМД) құрылып, Қазақстан Тәуелсіз Республикаға қолы жетіп, өзінің Конституциясьш қабылдады.
Өткен тәуелсіздіктің он екі жылдығы Республика тарихында ерекше кезеңге айналады.
Біз мемлекетіміздің тәуелсіздігінің он екі жылын және экономикалық дербестігіміздің тоғыз жылын атап өтсек, дағдарыстан шығу барысында осы уақыт ішінде экономикалық, саяси және қоғамдық өмірдің барлық салаларында белгіленген түбегейлі реформалар жолымен ұдайы ілгерілей түскеніміз байқалады.
Көптеген басқа елдерге қарағанда бұл жылдардың Қазақстан үшін азаматтық тыныштық, ұлтаралық тұрақтылық және рухани келісім уақыты болды.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясының кіріспе бөлімі ақиқат пен толық үйлесім таба үндесіп түр. «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзіміздін егеменлік құқығымызды негізге ала отырып, Қазақстан демократиялық мемлекетін қүрамыз» (1 кіріспе бөлім).
Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық, татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мөселелерін демократиялық әдістерімен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
«Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін, тәуелсіздігін қалыптастырып дүниежүзілік қауымдастықты дамытуға, нығайтуға өз үлесін қосуда. Қазақстан мемлекеті халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтей отырып, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады»,- деп Конституцияда көрсетілген.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республиасы Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Республика Конституциясының қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, қоғамдық, саяси институттар қызметіне негіз боларлықтай принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Республика Конституциясы Конституциялықтың демократиялық дәстүрлеріне сүйене отырып, Қазақстанның көп ұлтты халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі деп таныды. Мемлекеттік биліктің бірлігін атап көрсете отырып, Конституция билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін мемлекеттің, ұйымдық және қызмет ету тетігін негіз етіп алды. Қазақстан республикасының құрылым нысаны бойынша — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес тұрақты жұмыс істейтін қос палаталы Парламент заң шығарушы орган ретінде танылды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында Парламенттің берік құқықтық негізі жасалды. Конституцияның маңызды ортақшылдығының бірі — оның жалпыға мәлім демократиялық құқықтық идеялар мен принциптерге бейімділігі болып табылады. Конституциясының кіріспесінде жария етілген қазақстан халқының бостандық, тендік мұраттарына адалдығы оның нормаларында нақты көрініс тапты.
Қазақстан Республикасының Конституциясында тек адамның, азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылымның тың мәртебесі ғана емес, сонымен бірге стратегиялық құқықтың идеялары да айқындалды. Бұл, атап айтқанда, Конституциядағы Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп орнықтыратыны жөніндегі қағидада көрініс тапқан. Қысқа кезеңде мүндай мемлекет болу мүмкін емес. Алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қалыптасуының тарихи тәжірибесі көрсеткендей алға қойған мақсатқа жету үшін, белгілі бір уақыт, табанды талап, белсенді шығармашылық іс — әрекет керек. Қазақстан Республикасының Конституциясының идеяларын, принциптерін, нормаларын саяси және рухани өсуіне соны серпіліс, қуат беретінін көрсетеді. Барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың Конституция нормаларын, принциптері мен идеяларын мүлтіксіз сақтауы, пайдалану мен қолдануы құқық тәртібін, заңдылықты орнықтыру, адамның құқығы мен бостандығын іске асыру, материалдық әл — ауқатты жақсарту, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді бекітудің сөзсіз шарты болып табылады.
http://bigox.kz/