Күні бойы оң көзімнің тартылып шығуының себебі неде?

0 дауыс
11.9k қаралым
Менің оң көзім бүгін қайта қайта тартылды! Не себептен коз тартылады? Ия ынғайсыз сұра
• Санаты: Тазалық

1 жауап

0 дауыс

Адамның көзінің ашылу немесе жұмылу қозғалысын ми басқарады. Әдетте оны еркін тежеуге болады. Бірақ, кей сәттерде бар ықыласымызбен жұмыс істеп отырғанда аяқ астынан көздің үстіңгі не астыңғы қабағы тартып, тоқтау бермейді. Көздің үстіңгі терісі өте жұқа болады. Бірақ, көздің үстіңгі терісінің астында онан да жұқа бір қабат сопақша келген бұлшық ет бар. Оны ғылым көз дөңгелек бұлшық еті деп атайды. Міне, осы бұлшық еттің жиырылуы немесе жазылуы салдарынан көздің тарту құбылысы пайда болады. Әдетте көз дөңкелек бұлшық еті орталық нервтің басқаруында болады, ал орталық жүйке жүйесі үлкен ми қыртысына орналасқан. Сыртқы дүние қаупі көзге төнген сәтте қабақ дереу жұмылады. Бұл – қорғану сипатты рефлекс. Дегенмен кейбір жағдайларда көз бұлшық еті қалыпсыз жұмыс істеуден шаршап немесе бет нервтерінің күшті тітіркенуінен көздің қабақтары өз ықтиярыңызға көнбей тарта бастайды. Ұйқының дұрыс болмауы, күшті жарықтан тітіркену, көз нұрының шашырауы сынды жағдайларда, ауруларда бұл құбылыс көп кездеседі.


http://massaget.kz/

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
6 жауап
13.09.2014 • Санаты: Қызық сұрақтар Белгісіз сұрақ қойды
127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы