0 дауыс
2.9k көрілді

(Әнет бабаның өсиетін І жақ көптік тұлғада қайталап жазып шығу).
Алдына Сәлем бере және елді ынтымақтастыру жөнінде келген Төлеге Әнет баба садақтың алты бірдей оғын біртіндеп сындырып, екі бүктеп, оны бір буда шыбық етіп ортасынан буып:
- Міне, енді сындырып көрші,-дейді. Төле бір буда шыбықты қайдан сындырсын. Шыбықтарды Әнет бабаға қайтарып:
- Айып етпеңіз, бұл жұмбағыңызды түсінбедім, Әнет баба,- депті. Сонда Әнет баба мынадай өсиет айтыпты:
- Төлежан, ешқашан да өзімшіл болма, көптің айтқанын тыңда. көптің айтқанын тыңдасаң, көп те сенің айтқаныңды орындайды. Көп болсаңдар, өзара ынтымақта болсаңдар, сендердің белдеріңді де ешкім сындыра алмайды. Ал әрқайсың жеке-дара болып, ынтымақтарың жараспайтын болса, мына жеке шыбықтарды сындырған секілді әркім-ақ бірліктеріңді бұзып, берекелеріңді кетіреді.

1 жауап

0 дауыс

ешқашан да өзімшіл болмайық, көптің айтқанын тыңдайық. көптің айтқанын тыңдасақ, көп те біздің айтқанымызды орындайды. Көп болсақ, өзара ынтымақта боламыз, біздің белімізді ешкім сындыра алмайды. Ал әрқайсымыз жеке-дара болып, ынтымақтарымыз жараспайтын болса, мына жеке шыбықтарды сындырған секілді әркім-ақ бірлігімізді бұзып, берекемізді кетіреді.

...