0 дауыс
1.1k көрілді
папуасадың тәсілі

А)Еуропоид

В)моңғолоид

С)Самбо

Д)мулат

Е)экваторлық

1 жауап

0 дауыс

Папуастар (малай тілінде “бұйра шашты” деген мағына береді) – Жаңа Гвинея аралын, Меланезияның солтүстік-батыс аралдарын, Хальмахер аралының солтүстік бөлігін және Тимор аралының шығыс бөлігін, Алор мен Пантар аралдарын мекендейтін халықтар тобы. Оларға энга, чимбу, хаген, камано, хули, капауку, ангал, вахги, медлпа, кева, дани, асмат, абелам, т.б. бірнеше этностар жатады. Жалпы саны 5 млн. адамдай (2003). Антропологиялық жағынан меланезиялық нәсілге кіреді. 12 тілдік шоғырға бөлінетін 700-дей тілде сөйлейді. Дәстүрлі шаруашылығы меланезиялықтарға жақын. Олар егіншілікпен, шошқа өсірумен, балықшылықпен айналысады. Аң аулау мен терімшілік қосалқы рөл атқарады. Әрбір елді мекенде 100 – 150-дей адам өмір сүреді. Рулық-қауымдық тәртіпті, жосын-жоралғыларды бигмендер (ақсақалдар) қадағалап отырады. Сан алуан аңыз-әңгімелері, музыкалық фольклоры сақталған. 

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B0%D0%BF%D1%83%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80

...