0 дауыс
27.6k көрілді
Мерин куйеуим ажырасуга келисим берите жатыр. Какой ажырассам болады??

3 жауап

0 дауыс
салеметсизбе менин 2 балам бар турмыстамын
0 дауыс

Некеге отырғанда некедегі мүліктің тиістілігі және оны ажырасу кезінде бөлу керектігі туралы ойланатындар жоқ шығар. Әрине бұл сияқты маңызды сәтте жаман ойламаған да дұрыс. Аталмыш мақалада біз ерлі-зайыптылардың жеке және жалпы мүліктері туралы неке шартының қандай роль атқаратынын мүліктік үлестер қалай бөлінетінін және неке бұзылғанда меншікті бөлуге қандай талаптар ықпал ететіні туралы айтамыз.


«Неке және ерлі-зайыптылық туралы» 32-бабының 1-тармағына сәйкес ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды тәртібі, егер Кодекстің 33-тармағына сәйкес олардың ортақ бірлескен меншігі болып табылады. Некеде жиналған мүлік ортақ болып табылады, алайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жеке мүлікке ие болуы мүмкін.


Ортақ мүлік үлестердің бөлінбейтінін болжайды. Ортақ мүліктен жекенің айырмашылығы оның бір адамға толығымен тиістілігімен ерекшеленеді және сәйкесінше некені бұзуда бөліне алмайды.


Жеке мүлікке не жатады

Кодекстің 35-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке меншігі мыналар болып табылады:


• некеге (ерлі-зайыптылық) отырғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсына тиісті мүлік;

• мұрагерлік тәртібінде немесе ақысыз мәмілелер бойынша ерлі-зайыптылар некеде болған кездегі мүлік;

• бағалы заттар және басқа да әшекей заттарды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың ортақ қаржысы есебінен сатып алынса да жеке қолданыс заттары (киім, аяқ киім және басқалары);

• некенің нақты тоқтатылуына байланысты жеке тұру кезінде ерлі-зайыптылардың әрқайсы жинаған мүлік.

Бірінші үш жағдайда жеке мүлікті қандай да бір ерекше тәсілмен рәсімдеу қажеттілігі жоқ, сондай-ақ бұл жағдайда сот шешімі талап етілмейді. Соңғы жағдайда (некені бұзу тіркелгеннен кейін ерлі-зайыптылар бөлек тұрғанда) меншік жеке деп танылады, бірақ сот шешімімен. Ажырасу кезінде ерлі-зайыптының әрқайсысының жеке мүлкі де жеке меншік болып қалатыны айқын. Сондай-ақ, ерлі-зайыптылар немесе ерлі-зайыптының бірінің тарапынан мүліктің құнын ұлғайтатын салымдар болса, сіздің жеке мүлкіңізді ортақ деп тануға мүмкіндік беретін арнайы бап бар. Бұл әсіресе мысалы, сіздің жұбайыңызға тиісті пәтерде сіздің немес ортақ қаржыға айтарлықтай жөндеу немесе қайта салу жүргізілсе, онда пәтер ортақ мүлік деп танылуы мүмкін. Бұл туралы Кодекстің 36 бабында айтылады.


Ерлі зайыптылардың ортақ мүлкіне не жатады

Кодекстің дәл сол 33-бабына сәйкес неке кезінде ерлі-зайыптылар жинаған ортақ мүлікке мыналар жатады:


еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және зияткерлік қызмет нәтижелерінен ерлі-зайыптылардың әрқайсының табыстарының сомалары;

ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің және ерлі-зайыптының әрқайсының жеке мүлкінің табыстар сомасы;

ол алған зейнетақылар, жәрдемақылар, зейнеткерлік жинақтаулар, сондай-ақ арнайы мақсатты тағайындалуы жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, еңбек қабілеттілігінің жойылуына байланысты шығынды өтеуде төленген сомалар, мертігу немесе денсаулықтың өзге де нашарлауы және басқалар);

ерлі-зайыптылардың ортақ табыстары есебінен алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлік, құнды қағаздар, пай, салымдар, несие ұйымдарына немесе өзге ұйымдарға енгізілген капиталдағы үлестер;

неке кезінде ерлі-зайыптылар жинаған кез келген басқа мүлік.


Жоғарыда айтылған барлық мүлік, оның отбасында кімнің атына сатып алынғанына немесе ерлі-зайыптылардың қайсының ақшалай қаражаты енгізілгеніне қарамастан ортақ болып табылады


Кодекстің 32-бабының 3-тармағы некеде болған уақытта сіз үй шаруашылығымен немесе балалар күтімімен айналысып, табысыңыз болмағанына қарамастан, ортақ мүлікке толық құқығыңыздың бар екенін атап өтеді.


Ортақ мүліктегі ерлі-зайыптылардың үлестері және мүлікті бөлуде сот нені ескереді

Ажырасу кезіндегі ортақ мүлікте егер мүлікті бөлу орын алса, үлестерді бөледі. Кодекстің 38-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлуде және осы мүліктегі үлестерді анықтауда ерлі-зайыптылардың әрқайсының үлесі, егер олардың арасындағы шартта басқаша көзделмесе тең деп саналады. Жалпы мүліктегі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің үлесі мүлікті бөлуде анықталады және үнемі тең деп есептеледі (1/2 немесе 50%), егер:


неке шартында өзгесі көзделмесе;

олардың мүлікті бөлу туралы шартында өзгесі көзделмесе;

сот осы үлесті өзгеше анықтамаса.

Кодекстің 38-бабына сәйкес сот кәмелетке толмаған балалардың пайдасына ортақ мүліктегі үлестер теңдігіне бас тарта алады. Сондай-ақ егер ерлі-зайыптылардың бірі табыстар алмаса немесе ерінің/зайыбының рұқсатынсыз ортақ мүлікті шығындаса, үлестер әр түрлі болуы мүмкін. Бірінші кезекте бұл алкологльдік және есірткілік тәуелділігі бар адамдарға қатысты: егер бұл сотта дәлелденсе, оларға ортақ мүліктің аз үлесі тиісті болады. Бұл ретте нормативтік-құқықтық актілерде сіз осы мәселелер бойынша белгілі бір нормаларды таба алмайсыз, жағдайларды сот жеке қарайды.


Егер керісінше айыпталатын ерлі-зайыптының бірі жұмыс іздегенін дәлелдесе, жұмыстың болмауына негізді себебі болса, үй шаруашылығын жүргізсе және балалар тәрбиесімен айналысса, онда сот оның үлесін азайта алмайды.


Ерлі-зайыптылардың бірі ортақ мүліктегі өзінің үлесінен бас тартатын жағдайлар да бар. Егер аталмыш айғақ неке бұзылғаннан бұрын айтылса, онда оны неке шартында немесе ортақ мүлікті бөлу туралы шартта бекітуге болады. Егер неке бұзылған болса, ортақ мүліктегі үлестен нотариусқа барып бас тартуға болады. Нотариус ортақ меншіктегі ерлі-зайыптының әрқайсының үлестерін анықтауды куәландырады, одан кейін ерлі-зайыптының бірінің екіншісіне үлесті сыйлау шартын тіркейді.


Ортақ мүліктегі үлеске балалардың да құқығы бар деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Бұл шын мәнісінде олай емес, бастапқыда ерлі-зайыптының әрқайсының үлестері 1/2 құрайды. Егер ерлі-зайыптылардың бірі табысты әдейі алмаса және ортақ қаражатты ұстамаса, балаларды ескерумен үлестер өзгереді. Бұл ретте балаларға ерекше үлес төленбейді, тек балалар бірге қалатын ерлі-зайыптылардың бірінің үлесі ұлғаяды. Екінші иесі міндетті түрде балаларды асырауға алимент төлеуге міндетті


Ажырасу кезінде мүлікті қалай болуы керек немесемүлікті бөлудің ерекше жағдайлары

Егер жылжымайтын мүлік некеге отырғанға дейін сатып алынса, сыйға алынса немесе мұраға қалса, ол жеке болып табылады және оған ортақ ақша инвестицияланса ғана бөлуге жатады (жөндеуге, қайта құруға және т.б.). Аталмыш жағдайда енгізілген құралдар үлесі және жылжымайтын мүлікке соңғы құнынна ықпалы ескерілетін болады.


Мысал. Жөндеуге дейін пәтер 5 000 000 теңге тұрды, ортақ ақшаға жүзеге асырылған жөндеуден кейін пәтер 7 000 000 теңге тұратын болды. Аталмыш жағдайда мүлікті бөлудегі ерлі-зайыптылардың үлесі 6/7 және 1/7 болады. Егер жөндеу тек ерлі-зайыптының екіншісінің ғана некеде жиналмаған жеке ақшасына жүзеге асырылса (!), онда мүлікті бөлудегі үлесі 5/7 және 2/7 құрайды.


Егер жылжымайтын мүлік некеде сатып алынса, бірақ ерлі-зайыптылардың бірінің жеке ақшасына ғана сатып алынса. Ерлі-зайыптылардың бірінің ғана жеке құралдары болып мысалы, некеге отырғанға дейінгі сатып алынған жеке мүлікті сатуда алынған ақшалар есептелуі мүмкін. Аталмыш жағдайда сатып алынған жылжымайтын мүлік ерлі-зайыптының жеке мүлкі болып табылады. Аталмыш жағдайда сатып алынған жылжымайтын мүлік ерлі-зайыптының жеке меншігі болып табылады. Ол ажырасу кезінде бөлуге жатпайды. Егер мысалы, ерлі-зайыптылардың бірінің жеке құралдарына+ортақ ақшаға пәтер сатып алынса, онда ерлі-зайыптының екеуі де оны бөлу кезінде оған құқылы. Алайда үлестерді ескерумен.


Мысалы. Ерлі-зайыптылардың бірі өзінің жеке пәтерін 4 000 000 теңгеге сатты. Ерлі-зайыптылар осы сомаға ортақ 4 000 000 теңгені қосып, жаңа пәтер сатып алды. Аталмыш жағдайда жылжымайтын мүлік бөлуге жатады, ал үлестер 2/8 және 6/8 құрайтын болады.


Ортақ мүліктегі үлестер туралы мәселе әдетте көптеген дауларды тудырады, дәл осы байланыста ортақ мүлікті бөлу туралы шартты немесе неке шартын жасау ұсынылады.


Ажырасу кезінде қарыздар немесе міндеттемелер бойынша ерлі-зайыптылардың жауапкершілігі бөліне ме?

Өкінішке орай, ажырасудан кейін тек мүлік, сонымен қатар қарыздар мен міндеттемелер де қалатын жағдайлар да кездеседі. Кодекстің п44-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың бірінің міндеттемелері бойынша төлетуге тек осы ерлі-зайыптының бірінің жеке мүлкі ғана қатысты болады. Осы мүлік жеткіліксіз болғанда несиегер борышкер ерлі-зайыптының бірінің ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлгенде борышкер ерлі-зайыптының біріне тиесілі болатын үлесті оны төлетуге қолдану үшін бөлуді талап етуге құқылы. Бұл егер ерлі-зайыптының бірінің үлесі қарызды жабуға жетпесе, онда қалған бөлігі ортақ мүліктен өндіріле алады, бірақ басқа ерлі-зайыптының жеке меншігінен өндіріле алады. Егер қарызға алынған қаражат отбасының қажеттілігіне толығымен жұмсалса, онда қарыздарды өтеу бірінші кезекте ортақ мүліктен болады, егер ол жетпесе әр ерлі-зайыптының жеке мүлкінен алынады. Егер қарызға алынған ерлі-зайыптылардың бірінің ғана жеке мақсаттарына жұмсалса, онда сәйкесінше ерлі-зайыптылардың бірі жауапты болады. Егер сот үкімімен ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі қылмыстық жолмен сатып алынған немесе ұлғайған деп танылса, онда өндіріп алуға оның мүлкі немесе оның бөлігі түседі.


Неке шарты ерлі-зайыптыларды қарыздарды төлеуден құтқарады деп ойлауға болмайды. Сол себепті Кодекстің 45-бабында борышкер ерлі-зайыптының бірінің несиегерлері сот тәртібінде неке шартының талаптарын қайта қарауды талап етуі мүмкін екендігі көрсетілген.


Ажырасуда немесе ажырасқаннан кейін мүлікті бөлуге өтінішті сотқа қалай беру керек?

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 18-бабыга сәйкес жалпы мүлікті бөлуге қатысты даулар сот тәртібінде қаралады.

Мүлікті бөлуге өтініш жауапкердің (яғни, мүліктік талаптар қойылатын ерлі-зайыптының бірінің) тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. Мүлікті бөлуге сотқа өтінішті тікелей ажырасқанда және ажырасу тіркелгеннен кейін беруге болады. Некені бұзуға өтінішті бергенде ерлі-зайыптылар мүліктік шағымдарды болуын немесе жоқтығын көрсетеді. Мүлікті бөлуге өтінішті өтінішпен бірге, сонымен қатар қолыңызда некені бұзу туралы куәлік болғанда да беруге болады, бастысы ұзаққа созбау керек, себебі талап ету мерзімі шектеулі – атап айтқанда 3 жыл, осы уақыт ішінде мүлікті бөлуге сіздің талабыңызды сот қарайды. Демек, ажырасқанда сіз еріңізге/зайыбыңызға мүліктік талаптар қоймасаңыз, бірақ соңынан өз пікіріңізді өзгертсеңіз, бастысы некені бұзған сәттен бастап 3 жылдан кешіктірмей өтініш беру керек.

Сотқа мүлікті бөлуге талапты беруге қажетті құжаттар

Некеде бірге жинаған және сатып алған, сіз алғыңыз келетін немесе бөлгіңіз келетін мүліктің тізімі. Егер сіз барлық мүлікті бөлуге талап арыз берсеңіз, онда ерлі-зайыптылардың әрқайсының жеке меншігі болып табылатындардың тізімін құрастыру қажет – себебі бұл мүлік бөлуге жатпайды.

Бөлінуге жататын, мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар. Жылжымайтын мүлік үшін - бұл құқық белгілейтін құжаттар, автокөлік үшін – көлік құралын тіркеу туралы куәлік, тұрмыстық керек-жарақтарға - чектер және түбіртектер, техникаға паспорт және өзгелері. Бұнда егер құжат ерлі-зайыптының екіншісінде болса, онда аталмыш фактіні сот процесте талап ете алатындай, өтініште көрсету қажет.

Бөлу үшін мүліктің құнын растайтын құжаттар. Бұл чектер және бағалық анықтамалар, лицензиясы бар бағалаушының есебі. Егер ерлі-зайыптылардың бірі бағамен келіспесе, онда сот тәуелсіз сараптаманы тағайындай алады.

Егер сіз өтініш берсеңіз қандай мүлікті қалай бөлгіңіз келетіні туралы нақты білуіңіз керек яғни сот қарастыратын нұсқа – өзіңізге не қалдырғыңыз келеді, ақшалай эквивалентте не қабылдай аласыз, ал қандай соманы бұрынғы зайыбыңызға төлей аласыз. Сот нұсқаларды қарайды және екі тараптың мүдделерін ескерумен оңтайлысын таңдайды.

Мүлікті бөлу туралы талапты қарау үшін мемлекеттік баж алымды төлеу чегі (соттардағы мемлекеттік баж алым мөлшерлемелерінің мөлшерін білу). Бұл жағдайда баж алымының мөлшері талап сомасынан 1% құрайды.

Некені бұзу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі (жоғалған немесе бүлінген жағдайда некені бұзуды тіркеуге өтініш беру немесе некені бұзу туралы қайтадан куәлік алу).

0 дауыс

егерде ажырасуға келісімін бермесе, қатты зорлық зомбылық көрсетіп жүрсе және ол дәлелденсе сот тәртібімен ажырастырып жібереді. Егерде араларыңызда бала болатын болса оларға алимент өндіріп ала аласыз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
8 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 16.08.2021 Заң сұрақ қойды
...