+1 дауыс
712 көрілді

Бірден айтып қояйын, мұның ешқайсысы тегін емес, біреуі ипотека, біреуі аренда.

Қазір мемлекеттік бағдарламамен үй мынадай бағыттар бойынша беріледі:
1. Азаматтардың барлық санаттарына арналған тұрғын үй (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы)
2. Самұрық-Қазына арқылы
3. Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы
4. Тегін үй (безвозмездная приватизация), оны онша білмеймін.

Бұл үшеуіне ортақ бір ғана шарт - адамның басында (өзінің, жұбайының, балаларының) басында соңғы бес жылда тіркелген тұрғын үй болмауы тиіс. Басқа шарттары әр алуан.

1. ТҮҚЖБ. Шарты - үш жыл ақша жинау (үйдің жарты бағасын жинау керек), Содан кейін, банк қандай да бір нысанды сатуға шығарып, пул жинаған кезде, өтініш беріп, мүмкіндігіңе қарайсың. Соңғы жылдары түрлі өзгерістер бар. Толығырақ банктің өзінен білуге болады. Қазіргі кезде сатуға шығарылған мемлекеттік тұрғын үйдің бағасы шаршы метріне 240 мың теңге. Үй алты жылға сатылады, жарты бағасын төлеп, жартысын несиеге аласыз. 5%. Мысал үшін: 4 млн 200 мың теңгені алты жылда 4 900 000 қылып қайтарасыз. Коммуналдық тұрғын үй кезегінде тұрудың қажеті жоқ.

2. Самұрық қазына. fnsk.kz сайтында милисекундта онлайн өтініш беріп үлгерген адам алады. Толығырақ осы сайттың өзінде.

3. КИК арқылы. Кезекте тұрғандар ала алады. Сатып алу мүмкіндігі бар аренда. Жобасы мынандай: ЦОН арқылы тұрғын үй кезегіне тұрасыз - кезегіңізді жыл сайын растап отырасыз - тұрғын үй қорынан үй сатылады (жалға беріледі) деген хабарландыру шыққан кезде Егов сайты арқылы немесе Тұрғын үй департаментіне барып өтініш бересіз - Өтінішіңіз қарастырылып, болады десе, КИКке жолдама беріледі - КИКке құжаттарыңызды апарып, төлем қабілетін растайсыз - РАсталса, қайтадан департаментке әкелесіз - үйіңізді күтесіз.
Басты шарты: әлеуметтік топ санатына жатытыныңыз немесе бюджеттік қызметкер болуыңыз және кезегіңіз болуы. Табысыңыз жеткілікті болуы міндетті, әрине.

Ақпарат үшін:

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының
67 және 68 баптарында көрсетілген азаматтар коммуналдық тұрғын үй
қорынан тұрғын үй беруге мұқтаждар есебіне қабылдана алады.
67 бапта азаматтардың мына санаттары атап көрсетілген:
- халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтары (тұрғын үй беру туралы
өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне
ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын
жиынтық орташа айлық табысы бар);
- мемлекеттік қызметшiлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерi,
әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер және
мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
- жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан
Республикасы азаматтары.
68 бапқа сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына
теңестірілген адамдар;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде
аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар
(№1 қосымшаны қарау);
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз
жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған
кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше
жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар;
10) мемлекеттік немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау
кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде,
адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртібін қорғау кезiнде қаза тапқан
(қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
11) кәмелетке толмаған баласын ата-анасының біреуі асырайтын толық
емес отбасылар

(Ажырасу статистикасын құртып отырған осы 11-санат)))))

Мемлекеттен үй алғыңыз келсе - ЦОНға барып кезекке тұрыңыз алдымен. Бұл кезектің бар екенін мен өзім былтыр ғана білдім, әйтпесе баяғыда үй алып алар едім

Сұрақтың жабылу себебі: Жақсы жауап алынды

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер. Пенсияға дейін 5 жыл бұрын өз үйін басқа біреуге беріп, үй алуға;;

Кеңес одағы кезінде және қазіргі кезде де СТАТИСТИКАны құртып,  11 тармақ бойынша үйлі болуға мүмкіншілік  бар екен, өкінішті, әрине
...