0 дауыс
5.7k көрілді
корсетілген үлгі бойынша әрқайсысына ойдан он мысал жазған және күрделі сөз,тұрақты тіркестен сөз тіркесінің айырмашылығын дәлелдеп берген оқушы жеңімпаз болады

2 жауап

0 дауыс

Күрделі сөзге мысалдар: бүгін, биыл, сап-сары, ағайын-туысқан, қолқанат, айта отыр, ала жаздай, темір жол, жеті қарақшы, арқа суйеу.

Тұрақты сөз тіркесіне мысалдар:

Азуы алты қарыс – қаһарлы

Азуын айға біледі – мейлінше батыл қайрат көрсетті

Айдар тақты – әйгілі қылды

Айдарынан жел еседі – асқақтап дәурен сүру

Айды аспанға шығарды – аты шықты, таң қалдырды

Айдың күні аманда – аман-есенде, тыныштықта

Аймандай қылды – әшкереленді, ұятты болды

Айна қатесі жоқ – дәл, тұп-тура

Айтаққа ерді – өсек-аяңға ерді

Айтқан сөз құлағынан ағып кетті – түсінбеді

Айы оңынан туды – жолы болды

Айызы қанды – көңілі жай тапты, құмары қанды

Айылын жимау – жасқанбау, сескенбеу

Ақ ауыз қылды – алдап кетті

Ақ жарқын – ашық көңілді

Ақ иық – айрықша асыл қыран

Ақ киізге көтерді – хан сайлады

Ақ саусақ – жалқау

Ақ тамақ – қыздың сұлу тамағы

Ақыл(ой) таразысына салды – ойланды

Ақысын жеу – еңбегінің ақысын бермеу

Ала ауыз (алты бақан) – бірлігі жоқ

Ала болды – араздасты

Ала көзімен атты – жек көріп, тіктесе қарады

Алақанға қарады- дәмеленді

Алақанның аясындай – тар жер

Алақанына түкірді – іске дайын тұрды

Ал-дал болды – әуре –сарсаң күйге түсті

Алқам-салқамы шықты – тозығы жетті

Алқымынан алды – қинады

Алмасын қанға суарды – кектенді

Алпыс екі тамыры босады – елжіреп, мейірімі түсті

Араны ашылды – аш көзденді

Арасынан қыл өтпейді – өте тату

Арқа сүйеу – сүйеніш еті

Арқаны кеңге салу – асықпау, саспау

Арқасы мұздап қоя берді – сескенді

Арнасына (сабасына) түсті – ашуы тарқады

Артына сөз қалдырды – кейінгіге өнегелі сөз қалдырды

Ас аш өзегіне түсті – ішкен тамағы кеселге соқтырды

Ас қайырды – бата берді

Асығы алшысынан түсті – жолы болды

Ат арылту – әуре болу

Ат ойнатты – басынды

Ат салысу – көмектесу

Ат ізін салмау – хабарласпау

Ат ізін суытпау – жиі келіп тұру

Атарға оғы жоқ – ашуланған адам

Ат-тонын ала қашу – басын алып қашу, жауапкершіліктен бас тарту

Аузын буған өгіздей – үндемейтін адам

Аузына құм құйылды – жағы қарысты, сөйлей алмады

Аузынан бір елі тастамайды – үнемі айтады

Аузынан салбырап түскенбей – айнымай ұқсаған

Аузының салымы бар – несібелі кісі

Ауыз жаласу – жақтасу, болысу

Аш көз – қомағай адам

Аяғы аспаннан келді – тас талқаны шықты

Аяқтандыру – үйлендіру

0 дауыс
бірлік сөзіне т
...