0 дауыс
28.7k көрілді
алай Менің қызыма4айдан кетті іші өтіп жатыр,көпіршіп шығады жасыл түсті көпіртіп іші өтедіма солай.Білсеңіздер,бастарыңыздан өтсе жазып жібересіздерма.Алдын ала раxмет!!!

1 жауап

0 дауыс

Балалардағы іш өту проблемасы бірнеше маңызды ерекшелік иеленеді. Ерте жастағы балаларда (емшектегі сәбилер, бір жастағы балалар) сұйық нәжіс қалыпты, ешқандай емді талап етпейтін құбылыс та болуы мүмкін. Кей жағдайларда тұтқиылдан немесе ұзақ мерзімді іш өту бір жасқа дейінгі баладағы қатерлі дертпен сабақтас болуы да ықтимал.Егер іш өту дерт фонында дамыса, онда қауіпті сусыздану пайда болуы мүмкін. Баланың іш өтуі, жүрек айнуы және құсуы оның өміріне қауіп төндіретін елеулі дерт белгілері болуы ықтимал.Егер:- 1 жастан төмен (әсіресе алты айға толмаған) сәби ауырса;- сәбиде дене қызуы 38оС-ден жоғары болса;- сәбиде өте жиі және мол көлемде іш өтуі болса (іш өтудің 3-5 эпизодынан көп);- сәбиде жиі құсу білінсе (3 құсу эпизодынан астам) дәрігерге тезірек көрсету қажет.Егер сіз баланың көзінен жас шықпай жылағанын, оның ернінің құрғағанын, көздерінің шүңірейгенін, еңбегінің төмен түскенін, маужырап, ұйықтай беретінін, әлсірегенін аңғарсаңыз бұл туралы аймақтық бала дәрігеріне немесе мейірбикеге жедел хабарласыңыз.Үлкен дәрет (стул) бұл кезде өте сұйық болады, кілегейдің көп көлемі байқалады, көпіршікпен немесе газдың көп мөлшерінің шығуымен сипатталады.Ұдайы іш өтуде бала салмақ қоспайды немесе тіпті жүдейді.

http://med-kz.ucoz.com/

...