0 дауыс
5.2k көрілді

Әсет Найманбайұлының «СалихаСәмен» поэмасы мен ғашық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз?

2 жауап

0 дауыс

ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫ

(1867-1923)

Әсеттің есімі оқырман жұртқа, негізінде «Әсет пен Рысжан», яғни айтыс ақыны ретінде таныс. Алайда Әсеттің айтыстарымен бірге «Пушкин», «Салиха – Сәмен», «Ағаш ат», «Үш жетім қыз» т.б. поэма дастандар жазған эпик ақын. «Адамның бұлбұлы» атанған әнші композитор. Оның өзі шығарған «Әсет», «Қаракөз», «Інжу-маржан» секілді ондаған әндері бар.

Әсет Найманбайұлы 1867 жылы Қарқаралы уезі, Темірші болысы сегізінші ауылда туған. Әсет – руы Арғын, Қаракесек ішінде майлық деген белгісіздеу атадан шыққан.

Әсет жас кезінде ескіше білім алған, әкесі оны 7-8 жасында Көктума қаласындағы Зейнулла деген имамның медресесінде оқытады.Медреседе оқып жүріп, өзінің зеректігін танытып, өлең мен домбыраға, гармонға да құмарлығын білдіреді.

Әсет 14-15 жасқа келгенде әкесі өледі де оқуды тастап, Көктал болысы Байжігіт деген елдегі нағашысының қолына барады. Онда Әсет ән салып, өлең айтумен көзге түседі. Әсет осы жерде үйленеді де, өз еліндегі үй ішін көшіртіп алып, туған еліне бұдан кейін қайтып оралмайды.

Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болған. Әсеттің бала шағасы қазіргі Семей облысы Мақаншы ауданы Бахты селосында тұрады.

Соңғы кезде Жақыпбаев Бозтайжолдас Қ. Әділбекұлынан жазып алған Әсеттің жеті әнінің ішінен: «Мәлике қыздың әні», «Майда қоңыр», «Зұлқия әні», «Мақпал әні», «Кәрілік туралы ән» т.б. сияқты әндері халықтың сүйікті әніне айналған.

Әсет өз заманындағы қисса жазушы ақындар сияқты әр түрлі тақырапта қисалар да жазған. Бұл дастанның үш-төрт варианты Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының тіл мен әдебиет институтында қолжазба түрінде сақтаулы. Бұл дастан «Ағаш ат» деп аталады.

Дастан он бір буынды қара өлең ұйқасымен жазылған, тілі көркем, оқуға жеңіл, оқиғасы ертегі негізінде құрылған тартымды. Әсеттің күрделі шығармасының бірі – «Салиха-Сәмен» атты романтикалық поэмасы. Әсеттің бұл поэмасында Алтай тауын мекендеген Ясукай деген ханның сұлу қызы Салиха мен сол ханның қол астындағы Сәмен деген өжет жігіттің бас бостандыңтары үшін махаббат жолында қайырымсыз, хандардың орнатқан әділтсіз заңына әдет-ғұрпына қарсы тұрып, армандарына жете алмай, қатал заңның құрбандығы болғандығы жайлы сөз етеді.

Әсеттің ендігі бір қисса дастандарының бірі «Үш жетім қыз» атты шығармасы.

Әсет орыс әдебиетіне де бой ұрған. Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин «Евгений Онегин» романын аударған. Әсет өзін Абай шәкірттерінің бірі санап, қазақтың ұлы ақынын қадірлеп, ұстаз тұтқан адам.

Сайып келгенде Әсет Найманбайұлы – сегіз қырлы, бір сырлы ақын, әрі әнші-композитор. Оның өлең-жырлары, айтыстары мен дастандары және музыкалық шығармалары халқымыздың әншілік дарынын, даналыған танытқандай, ұрпақтар ғибрат алғандай асыл мұра, әдеби қазына.

0 дауыс

Найманбаев Әсет

Әсет Найманбаев бұрынғы Қарқаралы уезі, Темірші болысы, 8-ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы) 1867 жылы туған. Руы Арғын, оның ішінде Қаракесектен тарайтын Майлық деп аталатын аз атадан. Әкесі Найманбай кедей шаруа болыпты. Ауыр тұрмыстың айдауымен 1875 жылы Семей қаласына көшіп келген. Кейіннен қала тұрмысына тұрақтала алмай Мақаншы ауданындағы Бақты ауылына көшіп барады. Осында Әсетті медресеге окуға береді. Он бір жасында бірінші рет мектеп есігін ашқан зерделі бала төрт-бес жылда медресенің білімін жақсы меңгеріп алады. Медреседе жүргенде-ақ ақындық таланты ашыла бастайды. Жасы ұлғайған шағындағы бір өлеңінде ақындық өнер сапарының он үш жасында басталғанын айтады:
Елуден жасым менің белең асқан,
Өлеңге он үш жастан араласқам.
Қызыл ит қимылдаса қызуымен,
Текпінді терең сөзден жаза баспан…-дейді ақын
Әсеттің алғашқы ақындық қаламындағы айтатын, жазатын өлеңдерінің тақырыбы көбінесе жастық, махаббат туралы және суырып салма айтыс өлеңдер болды.
Әсет – ақындық өнерді өзгеше жоғары бағалап, табиғаттың тартқан ерекше қасиетті сыйы деп біліп, ардақтаған адам. Ақындық өнерін халқына арнаған Әсетті туған елі қадірлеп, құрметтеген. Үйрек пен қаздай қалқып жүрмін жүзіп, Көп елде – көл жұртымда қыдыр шалған- дейді ақын.
Әсеттің ақындығы ең алдымен айтыс өнерінде танылады. «Айтыс – майдан, айтысқан ақындар майданның жекпе-жектегі батыры»- деп М.Әуезов айтқандай Әсет ақын да осы жекпе-жектен жеңіп шыққандардың бірі. Әсеттің алғашқы түскен ең үлкен айтысы – Рысжан қызбен айтысы.
Абайдың алдын көріп, ұлы ұстаз ақыннан ақындық, әншілік өнер жолында үлкен тағылым алған талантты шәкірттердің бірі – Әсет.
Қазақ даласын әнмен тербеген Әсеттің өзі өмір кешкен тұста – халқының ақберен ақыны ретінде танылғаны анық еді. Айтыс бәйгесіне түсіп жүлде алып, елге атағы шыға бастаған жалынды, албырт жас ақын, асқақ әнші Әсет ұлы ақынның, кемеңгер ақынның алдына келгенде 20 жаста болатын. Абай ауылы қазақ сахарасындағы өнер-білімнің, мәдениеттің өнегелі ордасындай еді. Сол кездегі Абайдың қасында ұдайы болған адамдары: Шаһкәрім, Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Тұрағүл, Кәкітай, Ахметбектер тобына Мұқа, Әсет келіп қосылған екен.
Әсет- Абай ағасының алдында мол тағылым алып, үлгі алады, Пушкин шығармаларымен танысады. Әсеттің «Евгений Онегин» романының оқиғасын алып, еркін аударма жасауы Абай әсері екені сөзсіз.
Әсет – нағыз сегіз қырлы өнерпаз. Ол ақындық өнердің өрен жүйрігі, суырып салма – импровизатор, ақпа ақын. Табиғи тума таланты күшті, дарынды ақын қолына домбыра алғанда, қолма-қол нөсерлете жыр төксе, домбырасымен қоса, қағаз бетінде қаламы да қатар жүйткитін сауатты саңлақ ақын болған. Әсет өзінің әрбір өлеңіне арнап ән шығарып, өлең-жырын шаршы топта домбыраға қосып шырқап айтады екен.
Атақты музыкатанушы Ахмет Жұбанов, Әсеттің сөзіне музыкасы сай келетінін айта келе: «Орындауы келіссе «Әсет» сахна сәнінің бірі. Әсіресе қайырмасында ән құйқылжып, төгіліп, шын мөнісінде ойнақтап, делебеңді қоздырып кетеді» Әсет – әнші, сазгер. Әсет — нәзік сезімді, ұшқыр қиялды лирик ақын; ол тілге бай, алғыр ойлы, бөгелмей жүйткитін айтыс өнерінің де ерен жүйрігі.; ол алысқа алқынбай сілтейтін жүйрік, бай оқиғалы поэма, дастандар жазған акын. Әсеттің атақты «Қызыл табан – ағаш ат» поэмасы Шығыс ертегі әңгімелерінің әсерімен жазылған, «Мың бір түн» сияқты өз уақытына жазылған екі жастың арасындағы махаббатқа құрылған ғылыми-фантастикалық поэма. «Салиха-Сәмен» поэмасы да бас бостандығы үшін, махаббат үшін, кұрбан болған жандар туралы. Олар өз заманының қатал заңының құрбандары.
Осындай тамаша туындылары бар, айтыскер ақын, жан-жақты Әсетті нағыз сегіз қырлы өнерпаз дейміз.

...