0 дауыс
168k көрілді
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз.

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары.
Бүгінгі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында өткізілгелі отырған ашық сабағымыздың тақырыбы – Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы. «Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ә.Фирдауси «Шахнамасында», Низами – «Ескедір-нама» дастанында, Жәми – «Ескендірдің даналық кітабында» жазып, Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен. Ал, Абай «Ескендір» дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып, өзінше жырлайды. Абайдың бұл шығармасы неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ақыны болған Альберт Фон Шамиссодан 1844 жылы аударған В.А. Жуковский түпнұсқасына ұқсас болып келеді.
Абай ең алдымен оқырманынан Ескендірді біле ме екен деп сұрап алып,оның жайын өзі баяндауға кіріседі. Бұл Абайдың жұртқа олар білетін, халық ара-сында ауыз әдебиеті үлгілері арқылы “Қос мүйізді Зұлқарнайын” деген атаумен кең тараған Ескендірден басқа кейіпкер жайын жыр ететінін аңғарту үшін ұстанған әдісі болса керек. Абай заманындағы туындаған шығарманың оқырманынан тыңдарманы көп болғаны белгілі. Сол себепті кейіпкерінің атын сол кездегі тыңдаушы құлағына ауырлау тиетін Александр деп алғаннан гөрі құлақ естіп, ауыз айтып үйренген Ескендір деп таңдауы да түсінікті жағдай. Абай таланты әбден толысып, ақындық кемелділікке жеткен шағында ауыз әдебиетінде кең тараған аңыз-әпсаналармен қатар
тарихи шындық деректерді негіз етіп, өзінің ақындық ой-өрнегінен өткізіп Ескендір бейнесінің еш боямасыз, шынайы бет-әлпетін жасады. Абай жырлаған Ескендір, Александр Македонский–тарихи тұлға. Ол–бос әсірелей жырлаудан ада, тарихи шындық шеңбері аясында сомдалған бірегей бейне.Абай мұраларының қазақ, Шығыс, Батыс мәдениетімен табиғи түрде ұштасқандығының кезекті бір елеулі мы­салы деуге тұрарлық сүйекті шығармасы «Ескендірдің» қысқаша тағдыры осындай. Осы поэма арқылы қалың қазақ өзінің рухани тарихында Александр Македонский туралы қазақша түсінік, тұжырым қалыптастырды, өзгенің жеріне, байлығына көз тігудің әділетсіз екеніне тағы да көз жеткізді. Ресей отаршылығының қасіретін тартқан қазақ халқының азаткерлік санасын оятуға қадам жасады.

0 дауыс
  • Ескендир сактарды женеме.
0 дауыс
Сымбат Сражаджин, төмендегі мәтіннің қай еңбектен алынғанына неліктен сілтеме жасалмаған?
"Абай ең алдымен оқырманынан Ескендірді біле ме екен деп сұрап алып,оның жайын өзі баяндауға кіріседі. Бұл Абайдың жұртқа олар білетін, халық ара-сында ауыз әдебиеті үлгілері арқылы “Қос мүйізді Зұлқарнайын” деген атаумен кең тараған Ескендірден басқа кейіпкер жайын жыр ететінін аңғарту үшін ұстанған әдісі болса керек. Абай заманындағы туындаған шығарманың оқырманынан тыңдарманы көп болғаны белгілі. Сол себепті кейіпкерінің атын сол кездегі тыңдаушы құлағына ауырлау тиетін Александр деп алғаннан гөрі құлақ естіп, ауыз айтып үйренген Ескендір деп таңдауы да түсінікті жағдай. Абай таланты әбден толысып, ақындық кемелділікке жеткен шағында ауыз әдебиетінде кең тараған аңыз-әпсаналармен қатартарихи шындық деректерді негіз етіп, өзінің ақындық ой-өрнегінен өткізіп Ескендір бейнесінің еш боямасыз, шынайы бет-әлпетін жасады. Абай жырлаған Ескендір, Александр Македонский–тарихи тұлға. Ол–бос әсірелей жырлаудан ада, тарихи шындық шеңбері аясында сомдалған бірегей бейне".
0 дауыс
Абай ұлы ғұлама.
0 дауыс
"Ескендір" поэмасында ұлы тұлға Абай Құнанбай ұлы, Ескендірдің әлсіздігі бүкіл әлемді жаулап алғысы келгендікте болган.Оны тек Аристотель ғана тоқтатты оны басқа ешкім тоқтата алмаган .Ол өз әлсіздігін Алланын қақпасын аша алмағанда ғана түсінді.Алланың алдында барлық пенде тең Ескендірдің көзі тек қана байлықты көрді Аристотель ақыл айтқаннан кейін ғана Алланы жене алмайтынын білді
0 дауыс
Абайдың əлсіз жақтарын тауып бере аласыздарма???
0 дауыс
Абай Құнанбаев - қазақ тарихындағы беделді де, абыройлы тұлғалардың бірі. Абай шығармалары мəнді де, құнды да,  ой түйдірерлік те жəне жан жақты. Əдебиет зерттеушісі жəне аудармашысы ретінде де көптеген үлес қосып, қазақ əдебиетіне өзінің өшпес таңбасын қалдырған. Ақын шығармаларының поэмасы да зерттеу аудару арқылы жазылған десе де болады. Абайдың үш поэмасы бар екендігін бəрі біледі, олар: "Ескендір", "Масғұт", "Əзім əңгімесі". Осындағы тарихқа жəне шығыс əдебиетіне жүгінілген поэманың бірі ол "Ескендір поэмасы" шығыста Зұлқарнайын, батыста Александр Македонский атымен танылған патша өмірі туралы жазылған.
Ескендір əлем билеген озін құдайдай санаған ауқатты, қатал, айлакер билеуші болған.
Оның қаталдығы халық қырғанынан, озін құдайдай санағаны, менен қорқындар, бастарынды иіндер дегендей ісінен, айлакерлігі жарты əлем жаулағандығынан байқауға болады. Бірақ əрине əр адамның рухани əлсіздігі болады, бірақ мұндай қорқынышы жоқ адамның демек Ескендірдің əлсіздігі неде? деген сұрақ туындайды. Сұраққа жауап ретіндегі өз ойым, Ескендірдің əлсіздігі ол байлықта жəне олжада, себебі Аристотель оған ашкөзсің, көзіне құм құйылғанша қанағат тұтпайсын деген, осындай ашкөздігінен оның байлық үшін жақынын құрбан етуге дайын екенін аңғаруға болады. Ескендір елсіз шөлге түсіп одан бір қамалға тап болып сол қамалды алмақшы болғанын білеміз. Сонда Ескендір алтын құлыпты сындыралмай, олжасыз қайтпайтынын да айтқан болатын. Ескендірге ақ орамалдағы қу сүйекпен алдап қамалдан ысырған, осы кезде əлсіздігі жақсы байқалады, сол қу сүйек Ескендірдің əлсіздігі демек бар байлығы бір қу сүйекті таразыда баса алмады, байлықтын орнына құм құйғанда қу сүйек берілді. Сондағы негізгі қу сүйектің мəні ол, о дүниеде байлықтын еш керек еместігінде. Демек Ескендірдің  осындай əлсіздігі көп адамның жанын алып, қаншама халық елсіз қалған. Осындай бет пейнесі мықты қорқынышы жоқ, бірақ ішкі жан дүниесінде қорқынышы бар, ол өзінің байлығы болғанын байқаймыз.
Автордың негізгі ойы ол рухани ішкі əлсіздік басқада демек отбасында немесе елінде болу керек деп оилаимын. Осындай əлсіздікте мықты қамқоршы да, əділетті де, мықты билеуші болуға болады. Əрине қазір де байлыққа құмар Ескендір сияқты, бірақ басқа рөлдегі адамдар жетерлік, бірақ олардың өмірі өздерінің қолында жəне оны өзгертуге болады. Сондықтан байлық қуғанша, білім қуған артық деп оилаймын!
...