Миядан қандай дәрі жасайды ?

0 дауыс
1.2k қаралым
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында өсірілетін мия түрінен қандай дәрі жасайды ?
Өсімдіктер

1 жауап

0 дауыс
Қызыл  мияның  тамырынан   дәрі   жасалады.Тамыры   бағалы  шикізат.Тамырының жағымды  тәтті  дәмі   бар.Тәттілігі   жағынан    қанттан         50 есе  жоғары, тәтті   дәмі   1:20000  есе   сұйытылғанда  да  байқалады

Қызыл  мия тамырында 23%глицирризин (кальий  және   кальций  тұздар), 27% флаванойдтар, органикалық  қышқылдар,  эфир  майы, дәрумендер(10-30мг)     болады.

Ғалымдар  қызыл  мия  тамырының   химиялық  құрамына   талдау  жүргізген.  Онда   не  жоқ  десеңші?

Онда   крахмал -34%,    целлюлоза 30%,    біраз  мөлшерде   фруктоза  мен  глюкоза барын анықтаған. Мия  тамырды  «органикалық заттар  қоймасы»  деп  те  айтуға болатынын анықтаған.

Қызыл  мия  тамырында  жағымды  иіс болғандықтан  оны   тамақ  өнеркәсібінде де  қолданылады.Мысалы конфеттер,сироп, алкогольсіз  сусындар,квасс  әзірлегенде.

Қызыл  мия  тамырында  флафаноидтар  көп.Ол  бауыр  ауруына  көмектеседі.Жүрек  қан  тамырлары қызметін  жақсартады, қан  құрамындағы  холестеринді  азайтады.Салқын  тигенде,жөтелгенде,  тыныс  алу,асқазан  ауырғанда мия  тамырды  қайнатпа,  сироп түрінде  ем ретінде қолданылады

Ем  ұзақ уақыт  жүргізіледі.Дұрыс  ем  қабылдау денсаулыққа жақсы  әсер береді.
127,667 сұрақ
322,155 жауап
153,245 пікір
72,695 қолданушы