0 дауыс
14.7k көрілді
Психология мамандығын қанша жыл оқиды? Қазақстандағы психология мамандығына даярлайтын ең жақсы университет. Грантқа түсу үшін кем дегенде қанша бал жинау крек

3 жауап

0 дауыс

5B050300 «Психология»

Қоғамның қазіргі замандағы даму кезінде әрбір адам психологияның, педагогиканың теориялық негіздерін білуі, адамдармен жұмыс жасау дағдылары мен іскерліктерін игеру, психолого-педагогикалық диагностикалау мен коррекциялау жұмыстарын жүргізе білуі керек. Себебі адамның әрбір іс -әрекеті тек қана адам өмірінің объектівтік жағдайларынан ғана емес, сонымен қатар олардың өмірдегі субъектівтік сәттерінен де заңдылықпен байланысты. Психолог тіршіліктің субъективті және объектівті жағдайларының өзара әрекеттестігінің шынайы ғылыми негіздерін көрсетеді, тұлға аралық қарым қатынасқа әсер етеді. Жаңа ғасыр білім беру саласында жаңа бағыттар ашады, біздің университетіміз Сізді өз студенттерінің қатарында көруге қуанышты.

Сіз кәсіби іс-әрекетіңізді келесі салаларда атқара аласыз:

- ектептерде және интернаттарда;

- өндірістік кәсіпорындарда;

- әлеуметтік қорғау ұйымдарында.

Бізге түсе алады:

- Жалпы орта білім беру мектептерінің түлектері ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижесінде.

Оқу мерзімі: күндізігі – 4

Осы бағыттағы білімі бар орта кәсіби оқу орындарының (колледж) түлектері:

Оқу мерзімі: үш жылдан кем емес

Жоғары оқу орындарының түлектері:

Оқу мерзімі: екі жылдан кем емес

Оқыту мемлекеттік білім беру гранты немесе икемді жеңілдік жүйесі бар келесім шарт негізінде жүргізіледі.

Оқыту тілі: қазақша, орысша

Талапкерлер төрт пән бойынша тестілінеді: Қазақстан тарихы, математика, қазақ (орыс) тілі, биология.

0 дауыс
Психолог мамандығын 4жыл оқиды
0 дауыс

Психология мамандығы бойынша 4 жыл ғана оқмды. Психология – бүгінгі ғасырдың мамандығы. Қазіргі таңда кез келген мекеме психологты қажет етеді. Адамдар тығырыққа тіреліп, шырғалаңға түскен шақта қол ұшын беріп, дұрыс жол көрсете алатын білгір психолог маман болам деуші талапкерлер саны жылдан-жылға көбеюде. Ал, бұдан біраз жыл бұрын бұл мамандық беделді деп есептелмейтін, тіптен сұранысқа көп ие бола бермейтін мамандықтар қатарында еді.

Бүгінгі таңда «психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді. Бүгінде психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда. Олар: білім, бизнез, саясат, басқару, медицина, жарнама т.б. салалар. Ғалымдардың болжауы бойынша XXI ғасыр – психология ғасыры болмақ.

Психология мамандығының беделінің күннен күнге артуына - болашақ психолог мамандар өз білімдері мен біліктерін қолдана алатын салалардың күннен күнге артып, кеңейе түсуі әсер етсе керек. Болашақ психолог бүгінгі күні адам өмірінің барлық саласына қатысты өндірістер мен кәсіп орындарда қызмет етеді. Яғни, балалар бақшасынан бастап, аса ірі коммерциялық ұйымдарға дейін жұмыс істей алады. Бұл жерде психологияның ғылым екендігін және оның айтарлықтай жас ғылым екендігін айта кету қажет. Психологияның зерттеу пәні - адам психикасы екендігін ескерсек, психология әрдайым және әрқашан қызығушылық тудыратын мамандық екеніне еш күмән тудыра алмаймыз. Сондықтан да психология мамандығының болашағы зор екенін бүгінгі уақыттың талап-тілегінен туындап отыр. Қай заманда да сұранысқа ие және сұраныстан шығатын мамандық болған және бола бермек. 

Төрт жылдық білімнен кейін психология бөлімінің түлектері мына салаларда қызмет ете алады:

Жоғарғы және орта оқу орындарында психология пәнінің оқытушысы;

Ғылыми қызметкер;

Фирмалар мен банктерде психолог-кеңесші;

Практик психолог;

Денсаулық сақтау және білім беру жүйесінде, отбасы қызметтерінде практик психолог;

Мемлекеттік басқару органдарында және қоғамдық ұйымдарда кеңесші-психолог;

Заң мекемелерінде және соттық-психологиялық сараптамада психолог-сарапшы;

Әскери және құқықтық мекемелерде тәрбиеші-психолог;

Әртүрлі ұйымдардың кадр таңдау қызметінде персонал бойынша менеджер;

ішкі істер министрлігі органдарында психолог;

Имиджмейкер, саяси психолог;

Әртүрлі әлеуметтік саладағы психолог.

...