0 дауыс
702 көрілді

Сәлеметсіздер ме.  Сіздерге қоятын сұрағым бар еді: егер мектеп бітіруші ЖООна тусе алмай қалса, (шекті балды алмаған жағдайда) ЖОО түсе алмаған  сертификаты бойынша колледжге түсе алады ма? ЖОО түсуге емтихан тапсырмай, мектеп бітіруші ретінде колледжге құжат тапсыруға болады  ма? 

1 жауап

0 дауыс

Студенттер құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:


1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем, білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;


2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем, білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандар жіберілмейді.


Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.


Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып, іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары, яғни колледж белгілейді.


Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау қарастырылады:


1) күндізгі оқу нысанына - 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;


2) оқудың сырттай оқу нысанына - 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

http://www.keagi.kz


...