Мұрынның қанауы көп жағдайда маңызды болып саналмайды. Бірақ та баланың мұрны қанап, зорға тоқтаса немесе басқа тиген соққының салдарынан мұрны қанаса медициналық көмекке жүгіну керек.
Балаңыздың мұрны қанағанда не істеуіңіз керек?
» Ең әуелі баланың мұрнын сумен жақсылап жуып, басын кішкене еңкейтіп, мұрын сүйегінің біткен жерінің астынан екі саусақпен қысу керек. 4 минут ұстап тұрып, қанның тоқтап-тоқтамағанын бақылау керек.
» Мұрын қанағанда баланың басын шалқайтпай ұстауға тырысу керек. Әйтпесе бастан келген қан асқазанға өтіп, жүрегі айнып немесе құсуына себеп болуы мүмкін.
» Қан тоқтамаса өте мұздай суға батырылған дәкені немесе мұз қалтасын мұрнының үстіне қойып, қайтадан мұрын тесіктерін қолмен қысып тұру керек. Қан тоқтаған соң 4 сағатқа дейін баланы сіңбіргізбеу керек.
» Қан жарты сағатқа дейін тоқтамаса, балада бас айналу және түсінің бозаруы секілді өзгерістер байқалса дереу дәрігерге апару керек.
» Баланың мұрны жиі-жиі қанай берсе, бұлардың себептерін де іздестіру керек.
https://everything.kz/article/2956394-mrynny-anauy