Бақытжан Хасанов деген үлкен ғалым ағамыз институтта сабақ бергенінде:" Ң" - əрпінен басталатын сөзді айтыңдар" - дейтін. Біз ондай сөздің жоқтығын айтып, шыр-пыр болатынбыз. Сонда ол кісі: "Бұл ңөң деген сөз, орысшасы айсберг. Келесі сабаққа тапсырма - осы сөзді жүз қайталап, дұрыс айтуды үйреніп келу" - дейтін. Үйде айнаның алдында тұрып қайталаймыз, көшеде де айтып жүреміз. Содан нəтижеге əрең дегенде жеткендей болып, ңөң сөзін анық айта алатын болдық. Ол кісі күніге осы сөзді қайталатып айтқызатын. Сөйтсе, мəселе бір сөзде емес, жалпы бəріміздің тілімізді "ң" əрпіне сындыруда екен ғой. Ұстазымызға разымыз. Біздің телевизия саласындағылар тіл мамандарымен мүлдем жұмыс істемейді. Əркімнің 1-2 əріпті айтуда кемшілігі болады екен. Оны мамандар анықтап, кемшілікпен жұмыс істеу керек. Жалпы, тереңіне барсақ, бұл өте күрделі мəселе.