+1 дауыс
121k көрілді

«Сүйінбай мен Қатаған айтысында» Сүйінбайдың:

…Іздегенім осы еді,

Өз-өзінен қағынып,

Қатаған сөзден жаңылды.

Қызып тұрған темірге

Өзі келіп қарылды,- деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз.

Эссе жазу

Емтихан ережесіне сәйкес, оқушы өзіне ұсынылған үш тақырыптың ішінен біреуін таңдайды. Таңдаған тақырыбы аясында 250-300 сөзден тұратын эссе жазады.

Эссе тақырыбын таңдағаннан кейін бітірушілер негізгі идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тіл құралдарын және тілдік әдістерді (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кіріспе сөздер мен ұсыныстар т.б.) пайдалануы, эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек.

Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.

5 жауап

0 дауыс
Сүйінбай мен Қатаған айтысында Сүйінбайдың:

Іздегенім осы еді,

Өз-өзінен қағынып,

Қатаған сөзден жаңылды

Қызып тұрған темірге

Өзі келіп қарылды, деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз.

Сүйінбай Аронұлы- айтыс өнерінің алтын діңгегі.Сүйінбайдың айтыстары мен өлең толғауларын жинау,жариялау ісі XX ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. Сүйінбай-айтыстың асқан шебері және қазақ пен қырғыз елдеріне өткір тілі, озық ойымен танылған ақын.Көптеген айтыстарының ішінде қырғыз ақыны Қатағанмен айтысы ерекше орын алады.Қанда тулап жатқан өнердің төбесінде тұрған Сүйінбай мен Қатаған айтысы өнер өлкесіндегі саф алтын.

1848жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді.Бұл жиынға аралас- құралас отырған Тезек төре,Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қалыптасады.Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре елге аты жайылып,таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге бөлтірік шешенің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп: -Ана отырған Сүйінбай аөындарың емес пе?-деп сұрайды.

Бөлтірік «Ия»деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп,заулатып бастап кетеді.Екеуі әртүрлі тақырыптарды қозғап,айтысады.Ең үлкені сол өз жұртын, өз елдерін мақтап-мадақтау. Айтысып келе жатып, Қатаған сөзін аяқтап тоқтағаны да,Қатағанның екпінінен жасынған Тезек төре Сүйінбайға жалтақ-жалтақ қарай береді.А дегенде Сүйінбай булығып қалады. Сол кезде Бөлтірік батыр Тезек төреге: «Ей,төрем, көтер басыңды, қаныңды қашырма, Сүйінбай өлең таппай отыр дейсің бе?! Булығып отыр. Сүйінжан шығар даусыңды»-дегенде, Сүйінбай бастап кетеді.Сондағы айтқаны:

Қашырма төре,қаныңды

Кіргізейін жаныңды,

Қатағаннан жеңілсем,

Талап алғын малымы!

Іздегенім осы еді,

Іздегенім табылды

Қатаған сөзден жаңылып

Өз-өзінен жаңылды

Қызып тұрған темірге,

Өзі келіп қарылды!

Сөйтіп Сүйінбай үш жүзді бастан аяқ,батыр-бабаларымызды айтып,оның қазақ ақындарымен салыстыруға келмейтінің айтады. Сонда көппін деп мақтанған Қатаған өзінің жеңілгенің мойындап, құр алақан жібермейміз деп,сыйлыққа Мейіз атты сұлу қызды,алты қанат ақ орда,бүркіт,екі тазы ит сыйлайды.Асқа жиналған күллі қазақ пен қырғыздың ортасында Сүйінбай жеңіске жетеді.
0 дауыс
Сүйінбай Аронұлы белгілі қазақ ақындарының бірі. Ол 1822 жылы шілде айында Алматы облысы, Жамбыл ауданы Майтөбе жайлауында дүниеге келген. Ол кедей отбасынан шыққан. Сондықтан да балалық шағы жоқтық азабында өтеді. Шешесі ерте дүниеден өтеді.

Болашақ талант иесі өз бетімен ізденді. Оңтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстан жерін түгел аралайды. Өзіне тұстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай, Тезекбай, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен,кейбірімен айтысқан.

Жетісу елінің ақындары Сүйінбайды ұстаз санаған. Заманымыздың алып ақыны Жамбыл оны ұстаз тұтып, оның таланты алдында бас иген. Сүйінбай қайтыс болғанда Үмбетәлі және бір топ ақын жоқтау өлеңдерін шығарған. Ақынның қолда бар шығармалары негізгі үш салаға жатқызуға болады. Олар: толғаулар, арнаулар, айтыстар. Бірінші саласына ақынның жиырма шақты толғау жырлары жатады. Бұларда қазақ батырларының ерліктерін жырлау, өмір сырлары, дүние әлем, бақ дәулет, талап талғам өзгерістерін талғау. Ақын ерлікті, жауға мейітімсіздікті әр тұста жырлап, жастарды батырлар үлгісінде тәрбиелейді. Ақын адам өмірінің әрбір кезеңдерін көрегендікпен бейнелейді. Сүйінбайдың айтыстары мен арнау өлеңдерінде сын, сықақ ретінде келетін мысқыл басым. Бірде Жалайыр елінде Бақтыбай деген халық қамын ойлаған ақын болады. Сүйінбай бір ұлан – асыр жиында өзіне өлеңмен сәлем беріп ізет көрсеткен Бақтыбайға кездеседі. Екеуінің көңіл көкжиегі астарлас келеді. Сондықтан Бақтабай Сүйінбайды сонша сыйлап, асқақ ақындығын бағалап, онымен айтыспайды. Осы екі ақын туралы Ш. Уәлиханов былай депті: «Мен Ұлы жүзде халықтың құрметіне бөленген екі ақынды білемін. Жиын – тойларда көп блатын олар көрінген қазақты мақтай бермейді. Халыққа қадірлі таңдамаларын ғана мақтайды. Ешкімге де құлдық ұрмайды. Қалтаның да қамын ойламайды. Жиындардағы айтыстарында ақындығымен, тапқырлығымен көзге түседі де, халықтың махаббатына бөленеді». Осы кездесуде Бақтыбай Сүйінбайды ардақ тұтып, оған тәнтілік сырын шертеді:

Салысып бай мен бекті мақтағаннан,

Айтысқан екі ақынға өнгені не?

Ел қамын, ердің қамын ойлайтұғын,

Бұл сөзім үлгі болысн зерделіге.

Шындығы Лұқпанша бір жасады,

Өзіңдей әз ағаны көргеніме – десе, Сүйінбай Бақтыбайды өзімен жаратылыс заты бір, толғанар мұңы бірн ақын деп қошеметтейді.

Албан, Суан, Дулат пен

Шапырашты, Жаныштар

Ақын дейді мені де.

Кем демейді Жалайыр

Бақтыбай ақын сені де…

Көн тартылса барады,

Қалыбына баяғы.

Әр нәрсенің заты бар,

Тартпай қоймас тегіне – деп Бақтыбай да өзі сияқты кедей жұртының ақыны екенін тұспалдап бағалайды. «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп М. Әуезов ардақтаған Сүйінбай халық қамын ойлаған демократ, шыншыл әрі сыршыл ақын блып танылады. Сондықтан Жамбылмен айтысқан байшыл ақын Құлмамбет «Болмаса аты шыққан Сүйінбайдың, басқаны қою керек жылы жауып» деп, Сүйінбайдан сескенетінін де сездіреді. Ал Жамбыл ақын болса:

Менің пірім – Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай.

Сырлы, сұлу сөздері

Маған тартқан сыйындай – деп өзінің қадірменді ұстазын шәкірттік пейілмен мақтан етеді. Сүйінбай көп жерді аралаған, өмірді көп көрген парасатты ақын, Бақтыбаймен сырласуында:

Баспаған тағы жерім жоқ,

Мен бармаған елім жоқ.

Қазақ пенен қырғыздың

Бәрінің дәмін таттым-ай – деген.

Сүйінбайдың қырғыздың арқалы ақыны Қатағанмен айтысы – исі қазақтың мәртебесін көтерген шын мәніндегі патриоттық сезімінен туған шығарма. Бұл айтыс 1852 жылы қырғыздың Алыбай деген манабына берілген аста өтеді. Айтысар алдында Сүйібай «Екі елдің әруағын жарысқа сап, түспесін ортасына шңырақтары» деп ескерту жасайды. Себебі Кенесарыға байланысты оқиғаның болып өткеніне небары төрт – бес жыл өткен еді. Қатаған қырғыз елін көп деп мақтағанынан ұсталады. Есесіне Сүйінбай қазақтың үш жүзге бөлінетін бүкіл елін, оның ерлігін, байлығын мадақтап мақтан етеді. Ал қатаған мақтаған қара Бәйетіктің патшадан алған медалін Сүйінбай түкке тұрғысыз етеді.

Бәйтіктің шенін қоймады,

Несін мақтан етесің.

Аңға шыққан тазыға

Оған да қарғы байлайды

— дейді.

Сүйінбай тоқтағанда батыр Жантай: «Сүйінбай, ботам, сен жеңдің. Қатаған көппін деп мақтанды. Аттың жүгіндей қазақтан қырғыз қашан көп болып еді. Бірақ қазақ – алауыз ел, күншіл халық. Әттең, сен соны айтпадың, Қатаған» — деп ашуланады.

Елдің айтысын басқарып отырған төрағасы Қара Бәйтік «Қандай жүлде таңдайсың» дейді. Көп сый тартады. Оның ең бастысы – «Ыстықкөлдің ақ көбігінен жаратылған асқан сұлу Мейіз атты қыз» екен. Сол шоң манат Бәйтік алғаш көргенде «Мына бадана көз сұлу жігіт Сүйінбай ақын» емес пе деп сұраған екен. Сонысына қарай оған сыйлаған Мейіз қыз да сұлу болуға тиіс қой.

Кейбір материалда Сүйінбай елге қайтып біраз жүрген соң Мейізге рұқсат беріп, қырғыз елінде туған қарындасымдай бол деп, маңдайынан бір сүйіп, қызды ауылына қарай шығарып салған делінеді.

Айтыс саласында Сүйінбай халық атынан сөйлеген, ел-жұрттың қамын жеп, оның бірлігін, елдігін, ел қорғаған ерлерін елжірей толғаған ақын, сондықтан да ол көбіне жеңіске жетіп отырады.

Сүйінбай ел ішіндегі кедлеңсіз жайларды сынап, сықақ етеді. Әсіресе төре, сұлтан, би-болыстарды аяусыз мінеп, олардың мінез-құлқын, жағымсыз қылықтарын әшкерелейді. Сондай ретте арнау өлеңдер тудырады. Мысалы, «Тезекке тепсіну», «Төрелерге», «Болыстарға баға», «Батырбек датқа айтқаны», «Үмбетәліге» деген арнауларында аталған дәрежелі адамдардың адамгершілік сипаты кеміс екенін батыл да батыр сүреттейді. Ал, «Сұраншыға» деген өлеңінде үш жүз жылқысы бар Итен байдың аяқ – лау етуге бір тайдың майын бермеген сараңдығын айтып шағынады.

Түспей не қып тұр екен жер мен аспан,

Бос отырып кедейлер өле ме аштан?

Жылап жүрген нашарға көз салмайды,

Байдан бейіл, батырдан рахым қашқан – дегеніне қарағанда, жалпы ел ішінде қайырымсыздық сияқты қолайсыз әдеттің орын алғанын сынайды.

Сүйінбай өмірі туралы, жақсы мен жаман адамның қасиеттерін салыстырып, шебер, ұлағатты пікір толғайды. Ақын ұзақ жасап, құзырға шалдыққан кезінде туысы Жұмық дегенге хат білетін төрт кісі әкеліп, менің өлеңдерімді жаздырып ал, сөзім қалсын депті.

Ал Жұмық ақылсыздық жасап, Сүйінбайдың тілегін орындамайды. Сонда ақын «Жұмыққа» деген арнауын толғайды.

үйінбай – сыншыл, мін таққыш өткір тілді өжет ақын. Оның шығармалары сатираның тамаша үлгісін таныта алады. Ащы мысқылы салмақты сарказммен ұласады. Сүйінбайдың поэтикалық тілге, шешендік өнерге жетіктігі, өткір кекесін сынға да лайық тіл тапқырлығы тамаша. Ол осылайша, халқына адал қызмет етіп өткен азамат ақын болды. Ел – жұрты үшін бар күш – қуатын жұмсады. Өзі сүйген халқымен оның пікірлері әр тұста да үндесіп, табысып жатты.

Кезінде Жамбылға ұстаз болған Сүйінбай ақындығы — өз бедері, өз сипатымен оқшау тұрған мәнді шығарма. Ол біз үшін алатаудай асқақ, сарқырама өзендей екпінді, нәрлі, саялы салқын, жанға жайлы, мәнді рухани азық.
0 дауыс
1847 жылы, Орманханның шешесінің асында
0 дауыс
Соңында әрине Сүйінбай жеңеді
0 дауыс
Сүиенбаи мен катаганның аитысы катаган көппіз деп мактанады сұиенбаи өзін жеңем деп оилаиды сомен сұиенбаи жеңеді.
Қысқы және толық жауап
...