0 дауыс
19.3k көрілді
ЖЕР БЕТИНДЕГИ ТИРШИЛИКТИН ПАЙДА БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТЕСТ КУАП БЕРЕСИЗДЕР МЕ

1 жауап

0 дауыс

Жер бетінде тіршіліктің дамуы теорияларының негізгі бес жолы:

1. Тіршілік табиғаттан жоғары күштің әсерінен бір мезетте жаралды

2. Тіршілік өлі табиғаттан (заттан) бірнеше рет пайда болды

3. Тіршілік мәңгілік

4. Тіршілік біздің планетамызға басқа планетадан келді (панспермия)

5. Тіршілік химиялық және физикалық заңдылықтарға бағынатын құбылыстардың нәтижесінде пайда болған.


Тіршіліктің пайда болуы жайында, негізінен, бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас қалыптасқан. Оның біріншісі- тіршілік өлі табиғаттан пайда болған абиогенездік теорияға келіп тіреледі. Екінші көзқарас- биогенездік теория. Бұл көзқарас бойынша тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Тіршіліктің айда болуы жайындағы бұл екі көзқарас арасындағы өзара келіспеушілік осы күнге дейін жалғасып келеді.

"Тіршілікті белгілі бір уақыт аралығында ерекше құдіретті күш жаратты" делінсе, ал грек философы Аристотель: «Тіршілікті ешқандай құдіретті күш жаратқан жоқ, ол өздігінен өлі денелерден пайда болды» деді. Мысалы: бит-еттен, қандала- жануар шырышынан, шұбалшаң- балшықтан пайда болады деген көзқарастар болды. Құрттар -топырақтан, шыбындар-шіріген еттен, ал тышқандар дәннен немесе кір-ластан айда болды деп есептеген.

Голландиялық ғалым Ван Гельмонт: «Тышқандар кір киімнен пайда болды»

Дәрігер Парацельс: «Адамды қолдан жасап шығарудың» әдісін ұсынды.

Луи Пастер: «Тірі организмдер басқа тірі организмдерден дамып жетіледі»

Келесі бір теорияда: "Жер еш уакытта жанадан пайда болған жоқ, ол әуел бастан мәңгі, олай болса, жер бетіндегі тіршілік те мәңгі", — делінеді. Бірқатар ғалымдар: "Жер бетіне басқа ғаламшардан өсімдіктің тозаны, споралары, тіпті ұсақ организмдер де келіп түседі", — деген ойда болған.

Тіршіліктің құпия сырларын білу үшін ағылшын философы Френсис Бэкон- (1561-1626 жж) міндетті түрле бақылау, эксперимент жасап зерттеуді ұсынды. Осы ұсынысы арқылы түрлі діни сенімдерге батыл қарсы шықты. Ғалымның эксперимент жасап алынған деректерді талдап салыстыру керек деген көзқарасы жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше әсер етті.

Ф. Реди және Л. Пастер тәжірибелері. XVII ғасырда италиялық дәрігер Франческо Реди (1626—1698) тәжірибе жүргізіп, "тіршілік өздігінен пайда болды" деген теорияға қарсы шықты. Ол бірнеше ыдысқа өлген жыланның денесін салып, біразының бетін жауып, біразын ашық, қалдырған. Бірнеше күннен кейін жабық ыдыстарда еш өзгеріс болмады, ашық ыдыстағы өлексе құрттай бастаған. Ф. Реди: "құрттар өздігінен пайда болған жоқ, шыбынның етке салған жұмыртқасынан шыққан дернәсіл", — деп түсіндірді. Ф. Реди тәжірибе қорытындысын 1661 жылы жариялап, тірі организмдердің өлі материядан пайда болмайтынын, яғни сазбалшықтан — бақа, ескі кір шүберектен — тышқан түзілмейтін дәлелдеді.

1775 жылы М.М. Тереховский ішінде сорпасы бар ыдысты қайнатып, оның аузын тығыз етіп жауып тастады. Онда ешқандай өзгеріс байқалмады, ал аузы ашық ыдыстағы сорпаның бірнеше тәуліктен соң ашып кеткендігі байқалды. Ол кезде микроазғалар жөніндегі ғылыми деректер мардымсыз болатын. Виталистік (латынша — vitalis" — тірі, тіршілігі бар деген ұғым) көзқарастағылар: "аузы жабық ыдысқа "тіршілік күші" кіре алмағандықтан тіршілік пайда болмады, сорпаны қайнатқан кезде "тіршілік күші" өледі, — деген қарсы пікірді ұсынды.


Л. Пастер тәжірибесі.


Сыйлыққа 1862 жылы сол елдің әйгілі ғалымы Луи Пастер ие болды. Ол мынадай тәжірибе жүргізді: S тәрізді иілген түтік жалғанған бірнеше колбаға ет сорпасын құйып, ұзақ уақыт қайнатты. Соның нәтижесінде микробтар ғана емес, олардың споралары да жойылды. Содан кейін колбалардың аузын ашық қалдырып, тегіс жерге орналастырды. Микроорганизмдердің споралары түтіктің иілген жеріне шөгіп, одан әрі өте алмағандықтан, сорпа көпке дейін бұзылмай сақталды. Бірақ колбаның біреуін сәл еңкейтіп, сорпаны иілген түтікке жеткізіп қайта кері құйғанда, сорпа көп ұзамай бұзыла бастады. Өйткені түтікке түскен микробтар сорпаға өтіп, қоректік ортада тез өсіп, көбейді. "Ендеше, тірі организмдер басқа тірі организмдерден дамып жетіледі", — деп, Пастер тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын тағы дәлелдеді.


Креационизм


К.Линней, Ж.Кювье


“Жер бетіндегі тіршілік мәңгілік әрі оны жаратушы күш бар”.


“Панспермия” теориясы


“Жер бетіне тіршілік тұқымы басқа ғаламшарлардан метеориттер және ғарыштық шаң-тозаңдар арқылы үнемі таралып тұрады”.

1865 жылы неміс ғалымы Г.Рихтер ұсынды.

“Тіршілік жер бетінде мәңгілік” теориясы

1880 жылы неміс ғалымы В.Прейер ұсынды.

В.И.Вернадский: “ тірі организмдер мен өлі табиғаттың арасында ешқандай айырмашылық жоқ”.


3. Екінші топ тұжырымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.


§3 Тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар. (Ф.Редидің тәжірибелері, В.Гарвейдің ой-пікірлері, Л.Пастердің тәжірибелері. Тіршіліктің мәңгілік теориясы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік көзқарастар).

Бағалау.

Әр топ басшыларының алдында алдын ала сызылып дайындалған кестелер болады. Онда сол топ мүшелерінің аты-жөндері, тапсырма нөмірлері, қосымша сұрақтардың жауабына арналған баға мен жалпы баға қоюға арналған бөліктер болуы керек. Бағалар сабақ барысында қойылып, мұғалімге тапсырылады.


...