Білім беру гранты- жоғары білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы.
Білім беру гранттарын тағайындау тәртібі - конкурсарқылы жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін талапкер ҰБТ мен ТКТ-дан кемінде 50 балл, ТКТ-дан (ТжКБ) кемінде 35 балл жинақтауы қажет.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырады:
-
белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
-
білімі туралы құжат (түпнұсқа);
-
ҰБТ немесе ТКТ сертификат;
-
3x4 көлеміндегі екі фотосурет;
-
086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
-
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Конкурс нәтижесінде білім грантын алғандарға "білім грантының тағайындалғандығы туралы күәлік" беріледі.
http://www.testcenter.kz