0 дауыс
26.8k көрілді
Сәлеметсіз бе? Маған 8 наурызда ойнатылатын қызықты ойындар керек еді.

1 жауап

0 дауыс

Санамақ ойыны 

Көпшілік қатысады. Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтып шығу керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе ойыннан шығады. Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атау керек. 

Тасымақ ойыны 

Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды, сол суды қарсы бетке қойылған Бос кесеге қасықтап 2 адам тасиды. Бұнда команда құрып ойнайды, әр командада үш адам болады. Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей-шашпай, тез тасуы керек, команда жеңіске жетсе, жүлдеге сол ие болады. 

Отырмақ ойыны 

Бұл ойында екі орындықтың арасында бір орындық сыятындай етіп қойып, үстерін жапқышпен жауып, ол орынның бар екенін сездірмеу керек. Екі орындыққа екі қыз отырады да, ортасы бос тұрады. Ойын басқарушы бір жігіттің көзін таңып, басқа бөлмеден алып келіп, отырған екі қыздың қолдарын ұстатады да, екеуінің ортасына отырып, қай таңдағаныңның бетінен сүй дейді. Көзі байлауды жігіт екі қыздың ортасына отыра бергенде, екеуі тұрып кетіп, бос жамылғының үстіне отырған жігіт құлап түседі. Жұрт күлкіге батады. Ойынның шарты: ойын басталмас бұрын 3- 4 жігітті басқа бір бөлмеге алып кету керек, өйткені ойынның тәртібін білген адам ойынға шықпауы мүмкін. 

Белбеу тастау ойыны 

Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де, арасы 15 - 20 метрдей екі сызықтың бойына қатарға тұрады. Ойын жүргізуші бірінші топ ойыншыларының біреуіне қолындағы орамалды береді. Ол жүгіріп жүріп, екінші топтағы бір қыздың (баланың) артына орамалын қалдырады да, өз орнына қарай жүгіреді. Орамалды тауып алған ойыншы қуып жетіп ұрса, онда қарсыласымен бірге өз тобына келеді, ал қуып жете алмаса, қарсы топқа кетеді. Келесі кезек екінші ойыншысына беріледі. Осылайша балық ойыншылар орамалды бір-бір реттен тастап шыққанынша, ойын жалғаса береді.

www.******.com

...