0 дауыс
3.5k көрілді
Ертеңгі сабақта шығарма жазуға керек еді.

1 жауап

0 дауыс

1. Есімханның тұсында орта жүздің қыпшақ руынан шыққан Монтай деген бір әділ би болған екен. Ол кезде Шу өзенінің жағасын бойлай қазақтар ауылы болатын. Монтайдың ауылы да осы өзен бойында еді. Монтайды бүкіл ауыл сыйлап, айтқанын екі етпейтін. Өйткені қай дауда болмасын әділ шешімін айтатын. Елдің бірақ бір уайымы бар еді. Ол- Монтайдың перзентінің жоқтығы еді.Сол күнде Монтайдың жасы 74 –те еді. Тоқалдан туғанқайыргелді атты ақылды ұлы бар болатын. Бір тойда диуананың көзі тиіп қайтыс болады. Қатты қайғырған Монтайды елі жұбата алмайды.Сонда Монтай:

-Уа, жұртым, қайғырмайық! Мен перзентсіз емеспін. Менің перзентім-халқым. Халқымның ұлы-менің ұлым. Осы жасқа келгенше армансыз адам көрген емеспін. Егер мен армансыз адам көрсем , арымастай болар ем, азбайтын тату ел көрсем, тұғырға қайта қонар ем,- дейді. Сонда халықтың арасынан бір жігіт шығып:

-Мен бұл өмірде бір армансыз жан көрдім. Егер іздеп барам десеңіз, соның жайын айтайын. Осы Шудың бойын жайлаған бір ел бар. Сонда Келден деген армансыз бай бар. Он сегіз ұлы он сегіз ауыл болып , ұрпағын жайып отыр.-,-дейді жігіт.

Монтай би сол Келден байдың ауылын іздеп шығады. Ауылы үлкен көлдің маңында екен. Көлдің айналасын қалың қамыс басқын. Көлдің айдынында түрлі қиқулаған құстар.Көлдің жағасында мыңғырған мал жайылып жүр. Ауыл ортасында сегіз қанат ақ үйде той болып жатыр. Үй сыртында күміс сақалды, жасы сексеннен асқан , алысқа көзін салып, ойланып бір ақсақал тұр. Қызыл күн алтын арай шапағын таратып батып барады. Кеш батуға таяғанда алыстан екі салт атты көрінді.олар аттарынан түсіп Кеден баймен сәлемдесті.Сонда Келден:

-Уа, шырағым, қай ұлсың?-деп сұрайды.

-Руым-қыпшақ, атым- Монтай. Сізді көруге әдейі іздеп келдім,-дейді Монтай.

Келген қонақты Келден бай үйге кіргізіп,сыйлайды. Сонда Монтай.

-Бақ-дәулетің бар, бала-шағаң бар, Келдеке сізде арман бар ма?-деп сұрайды.

Сізден бірінші сұрағым келгені осы еді,-дейді.

2.-Шырағым, бұл өмірде армансыз адам болушы ма еді? Менің де бір көкірегімде жүрген бір шерім бар. Мен бір жас жанның өліміне кінәлімін-деп мұңды көзін жерге қадап, өмір бойы ішін өртеген әңгімесін бастап кетті.

Ол кезде мен өрімдей он үш жастағы жас жігіт едім. Екі ағам, бір қарындасым бар еді. Қалмақпен жауласып жүрген кез еді. Бір күні ел ұйқыға жатып, тып-тыныш болған кезде ауылға жау шапты.Жалаң аяқ, жалаң бас, бала-шаға шулап, біреуі құлап, біреуі жылап жатыр. Елді қырып, бүкіл жылқыны айдап жау кетті. Менің бойымды намыс кернеп, атқа отырып, жау соңынан қуа жөнелдім. Анам байғұс көзінің жасын ағызып артта қалды.Түні бойы жаудың соңынан қуып, таң ата әзер жеттім. Қиқулап жауға қойып кеттім. Жауға ұстатпай сытылып шыға бергенде аяғымнан садақ оғы тиіп, омақаса құлап түстім. Жау мені әп сәтте байлап, әйгілі Сейқын ханға тұтқын етті.Сейқын сол кездегі ең бай, өркөкірек, батырсымақ, менменшіл хан еді.

Тұтқында «қазақтың батыры» деп мазақ етіп, бетіме түкіріп, әбден қорлық көрсетті. Сол қорлықпен бес жыл өтті.

Сол Сейқынның жаннан асқан, ерекше бір сұлу, айтып сөз жеткізе алмайтын , ақылды, нәзік Құралай деген қызы болатын. Кең маңдайлы, қыр мұрынды, бота көзді, жүзінен нұры тамған сұлу еді. Бірақ құралай сұлудың көзінде бір мұң бар еді.

Бір күні Сейқын хан үлкен той жасап, тұтқындарды босатады. Жалғыз қазақ мені босатпай , Сейқын ханның алдына әкеліп:

-Сен қалмаққа жау болмай, бұдан былай бізге қызмет етсең ғана, сені босатамыз-дейді. Сонда Келден :

-Өлсем де сен қалмаққа қызмет етпеймін,-деп жауап береді. Келденді босатпай, зынданға қайта тастайды. Бір күні занданға Құралай сұлу жасырын келіп:

-Кешегі ханға тайсалмай қарсы шыққан сіз бе едіңіз? Сіздің қазақ екендігіңізді білгеннен соң әдейі жолыққалы келдім. Менің әкем Сейқын, шешем қазақ қызы. Бір жорықта құлдыққа алған он бес жастағы қазақ қызын зорлықпен әйелдікке алған екен. Сорлы анам өлерінде маған бір тілек айтып еді. Онысы «Өмір бойы қалмақты жау деп келдім. Жұртыма көзің көрсе, сәлес айт» деген болатын.Сол анамның армандап өткен елі сен боларсың- деп егіліп жылап жіберді. - Мен сені құлдықтан құтқарамын.Өзіңе мәңгілік жар болуға даярмын. Тек мені анамның армандаған еліне алып баршы –деп өтінеді.

3. Түн ортасында қол ұстасқан екі жас атқа мініп , қараңғылықты жарып, қаша жөнеледі.Түні бойы талай белестерді артта қалдырады. Таң ата биік шыңның басына шыққан кезде Құралай сұлу арттарынан шұбырған қуғыншыларды көреді.Қуғыншыларды бастап келе жатқан Сейқынның үлкен ұлы -Дауыл еді.Қолындағы айбалтасын жарқ-жұрқ еткізіп әуелі қарындасынан кегін алмақшы болып шауып келе жатқанда Келден батыр алдынан қарсы шығып, шайқаса кетті. Ақыры жекпе-жекте Дауыл жеңіліп, атынан аударылып құлап түседі. Қалған жандайшаптары қарсы шығуға бата алмай, талайы қашып кетіп, барталайы Келденнің қолынан ажал құшты.

Тау-тасқа жасырынған Құралай сұлу « Егер мені қалмақтар ұстап алса, қалайша анамның ақ тілегін орындай алам? Олар көрсетер қорлықты көргенше өлгенім артық» деп түрлі ойға кетіп, жылап-еңіреп отырған шақта сүйгенінің аман-сау келе жатқанын көріп, жас балаша алдынан жүгіріп шығады.

Қол ұстасқан екі жас Бетпақтың небір шөлін басып, арып, ашып келе жатып бір қамысты көлге тап болады. Сонда Келден осы жерге түсіп, тынығуды ұсынады. Құралай сұлу:

-Ұры-қары, зияны көп жер шығар, түспей-ақ қояйық,-деп өтінеді.Бірақ Келден осы жерге тынығуды ұсынып, демалып, әлденген соң, салқындап шомылуға көлге барады. Құралай сұлу көлге шомылып, сүйгені Келден жырақта тосып отырған еді. Бір кезде қамыстың сыбдырлағаны естіледі. Артынша Құралай сұлудың шыңғырған даусын естиді. Жан ұшырып жүгіріп барғанында жолбарыстың құралайды талап жатқанын көреді. Тұра ұмтылып садақпен тартып жібергенде жолбарыс жығылып түседі. Құралайдың жаралы денесін құшып , «Сенсіз несіне тірі жүрмекпін» деп қанжарымды өзіме сұға бергенде Құралайдың ыңырсыған даусы естіледі:

-Сүйіктім, мен өлсем де тілегіме жетіп өлдім. Бірақ сен өмір сүр. Өркенде. Ұрпақ өсір.Сенен өлер алдындағы тілерім осы,-деп көзін жұмды.

-Монтайым, қартайғанша мені жеген қасіретім сол. Мен үшін орындалмас арман –осы! –деп Келден қария өзінің ішкі сырын ақтарып ,көзінің жасын сүртті.


Дереккөзі.

...