0 дауыс
1.1k көрілді
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарынан эсселер керек үлкен сыныптарга, негұрлым көп болса жақсы болар еді, алдын ала рахмет!

2 жауап

0 дауыс

Туған жер.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.


Ана.

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана, Келтірген дүниеге нелер дана. Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ, Өмірдің алтын кілті сонда ғана, - дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана. Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен, Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең. Аналық махаббатың кәусар бұлақ, Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ. Адам “адам” болғысы келсе, алдымен Ананы қастерлей білуі керек. Өмірде Ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек. Ғалымдар адам Аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл Ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты Ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, Ана құшағы ғана. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен Ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі Анаңа, тағы да Анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда. “Егер атаң мен Анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі Анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-Анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші! Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: Анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның Анасын да солай сыйла, ьарлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса

Осы жерден көбірек шғарма қарай аласыз.
0 дауыс

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Төменарық ауылы

№223 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Майлыбаева Жадыра

Қысқа мерзімді жоспар

І тоқсан

22.10.2016ж

45 минут

Пәні: Абайтану

10б– сынып

Сабақтың тақырыбы:

«Желсіз түнде жарық ай»

Сабақтың мақсаты:

1.Өлең туралы жан-жақты мәлімет беру. Өлеңінің идеясын ашу, білімдерін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге үйрету. 2.Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру. 3.Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың бойына сұлулық, көркемдік қасиеттерін дарытып, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың – әдіс тәсілдері:

Әңгімелесу, оқу, түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, тіл дамыту,іздену

Көрнекілігі:

сызбалар, кестелер,маркер,постер,үлестірмелі қағаздар

Тапсырмалар:

Шығармашылық жұмыс

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі Жағымды ахуал тудыру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау ІІІ.Жаңа сабақ.

Оқушыларды «Желкенді кеме» ойыны бойынша 3 топқа бөлу.

І-топ. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың жаны - терең сай
Тасыған өзен күрілдеп

Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпыраған жасыл жер жүзі

Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тымылжып
Бір суынып, бір ысып
Дем ала алмай дамыл қып
Елең қағып, бос шошып

Сөз айта алмай бөгеліп
Дүрсіл қағып жүрегі
Тұрмап па еді сүйеніп
Тамаққа кіріп иегі?

ІІ-топ.Өлеңнің шығу тарихымен таныстыру.«Желсіз түнде жарық ай...» - Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түнжан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сезіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзендыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік-создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі.

Шығарма алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.

«Абай» бұл өлеңіне ән шығарған. Ән Абайдың композиторлық талантының сегіз қырлы, бір сырлы қуатын, оның көркемдік талғам-танымының биіктігін танытады. 1935 жылыкомпозитор Л.А.Хамиди Әрхам Ысқақовтан әннің екі түрін нотаға түсіріп алды. Алайда осы екі ән бір-бірінен тек өлеңнің 3-тармағының басында сәл ғана әуен ырғақтықпен ерекшеленетіні болмаса, жалпы ән мелодиясы бір. Өлең ағылшын, араб, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

ІІІ-топ.«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін әнмен айту.

ІҮ.Жазбаша жұмыс. Өлеңге сатылай кешенді талдау:

Тақырыбы–табиғат сұлулығы, махаббат сыры. Екеуінің үндесуі.

ИдеясыАдам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді.

Жанр түрілирика,поэзия (өлең)

Шумақ5

Тармақ4

Бунақ2

Буын7-8

Ұйқасшалыс ұйқас (а-б-а-б)

Ү.Білімді бекіту.Бес жолды өлең әдісі.

ҮІ.Бағалау.Жұлдызша арқылы

Рефлексия.

Сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісу.

Сабақ ойынша ойыңды білдір.

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласыңба?

Саған қиындық тудырған түсініктер?

Кейінгі тапсырма:«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жаттау.

...