Алкоголь өнімін өндірудің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар:
17. Алкоголь өнімін өндіру бойынша ғимараттар мен құрылыстар Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 наурыздағы № 227 қаулысымен бекітілген «Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
18. Алкоголь өнімін өндіру бойынша объектілерді орналастыру және олардың айналысына санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
19. Алкоголь өнімін өндіруде пайдаланылатын су Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 456 қаулысымен бекітілген «Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына жауап беруі тиіс.
20. Кәсіпорындардың кәріздеу жүйелерінің құрылғысы құрылыс нормалары мен ережелерінің, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларының белгіленген талаптарына сәйкес болуы тиіс.
21. Тек этил спиртін сақтауға, қабылдауға және шығаруға арналған мамандандырылған стационарлық үй-жайлар мен алаңдарды қоспағанда өндірістік және қосалқа ғимараттарда және үй-жайларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін табиғи сыртқа тарату желдеткіші және апаттық желдеткіш көзделеді.
22. Спирт сақтайтын (қоймалар) ғимараттарда, спирт шығаратын және спирт қабылдайтын бөлімшелерде белгіленген талаптарға сәйкес келетін тұрақты жұмыс істейтін механикалық желдеткішті есепке ала отырып, 8-еселік ауа алмасуды қамтамасыз ететін апаттық сыртқа сору құрылғысы қажет.
23. Ашық технологиялық сыйымдылық және процесстері бар өндірістік үй-жайларда сыртқа тарату желдеткіші ажыратылған кезде жұмыс істеуге және ауа айналысына тыйым салынады.
24. Ауа жинау жұмыс аймағын, шикізатты және дайын өнімді зиянды заттармен ластау мүмкіндігін болдырмайтын орындардан жүзеге асырылады.
25. Желдеткіш жүйелерімен шығарылатын, құрамында уытты заттары бар ауа атмосфераға шығарылу алдында ол тазартуға жатқызылады.
26. Өндірістік үй-жайларда микроклиматтың (температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы), шудың және жарықтың көрсеткіштері гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы тиіс.
27. Өндірістік және қосалқы үй-жайлардағы микроклиматтың жағдайын бақылау жылына 1 рет жиілікпен және өтініш бойынша жүзеге асырылады.
28. Шикізатты және алкоголь өнімін өндіру, сақтау және тасымалдауға арналған жабдық, аппаратура және сыйымдылық «Машиналардың және жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 маусымдағы Заңының талаптарына жауап беруі тиіс.
29. Технологиялық жабдық және қаптама ыдысы дайындалған материалдарға алкоголь өнімімен жанасу үшін рұқсат етілген болуы тиіс.
30. Уытты және тітіркендіру заттарын қолданумен байланысты технологиялық процесстер сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған жеке үй-жайларда немесе арнайы оқшауланған учаскелерде жүргізіледі.
31. Технологиялық процесстер режимі технологиялық жабдықтың жұмысын келісілуін қамтамасыз етуі, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың туындауын болдырмауы тиіс.
32. Спирт, сыра зауыттарының жұмыс істеу цехтарының көлік жабдығы шаң бөлуімен байланысты герметикалануы немесе шаң ұстайтын және шаң соратын құрылғымен жабдықталған жабық тыспен бекіту керек. Көмілген шұқырлар және бункерлердің жергілікті сору желдеткіші болуы тиіс.
33. Дайындаушы алкоголь өнімін ол қауіпсіздікке арналған талаптарға сәйкес болатындай етіп өндіреді және осы Техникалық регламентте айқындалған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
34. Алкоголь өнімінің тиісті қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз ету үшін дайындаушы мынадай принциптер мен ережелерді ұстанады:
1) алкоголь өнімінің рецептуралары мен оны дайындау технологияларын әзірлеу кезінде тәуекелдерді талдау жүзеге асырылады, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына жағымсыз түрде әсер етуі мүмкін технологиялардың өзгеруін анықтау үшін өндірістік процестердің сындарлы сатылары (тәуекелдері) және бақылау нүктелері айқындалады;
2) кәсіпорындағы қауіпсіздікті және сапаны бақылау бақылаудың қажетті дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз ететін заттармен және іс-шаралармен жүзеге асырылады;
3) өндіру және бақылау бойынша барлық технологиялық операциялар алкоголь өнімін дайындаушы бекітетін өндірістік бақылау бағдарламаларында мұқият құжатталады және міндетті сараптауды және өзге ұйымдармен келісуді қажет етпейді, өндірістік процесстер регламенттеледі және жинақталған тәжірибені есепке ала отырып, мерзімдік қайта қаралады;
4) технологиялық процестің және дайын өнімнің аралық сатыларындағы шикізаттардың, технологиялық заттардың және қосымша материалдардың, сондай-ақ өнімдердің қажетті кіріс бақылауын жүргізеді;
5) бақылау нәтижелері техникалық құжаттамада көзделген барлық операциялар шын мәнінде жүргізілгендігін, сондай-ақ дайындалған алкоголь өнімінің саны, қауіпсіздігі және сапасы белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігін құжатпен растайтын қолмен жазу тәсілімен және/немесе техникалық заттарды пайдалану арқылы жасалатын хаттамалар, журналдар, актілер түрінде құжатталады;
6) техникалық құжаттамада белгіленген нормалардан кез келген ауытқулар құжатталады және толық көлемде тексеріледі. Тексеру нәтижелері бойынша түзету іс-шаралары әзірленеді және жүзеге асырылады;
7) өнімнің топтамаларын бақылау қамтамасыз етіледі;
8) лауазымдық нұсқаулықтар шеңберінде өндіріске және оны басқаруға қатысатын персоналдың жауапкершілігі мен өкілеттігі айқындалады;
9) персоналды оқыту және аттестаттау жүргізіледі;
10) дайындаушының шарттарына сәйкес алкоголь өнімін тарату және айналымы кезінде барлық жарамдылық мерзімі ішінде оның қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады;
11) өзін өзі инспециялау және (немесе) аудит жүйесі пайдаланылады;
12) өнімді, ыдысты, өнеркәсіптік қаптамаларды тиісінше кәдеге жарату жүргізіледі;
13) сапасыз немесе қауіпсіз емес өнім партиясының айналымын кері қайтару немесе шектеу, қадағалау органдарының бас тартуларын, нұсқамаларын және хабарламаларын қабылдауды және тексеруді қамтамасыз ететін рәсім айқындалады.
35. Адал өндірістік практиканың принциптері мен ережелерін іске асыру кәсіпорынды таңдау бойынша тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігі менеджментінің өзіндік, халықаралық және/немесе ұлттық стандартталған жүйесін енгізу жолымен жүзеге асырылады.
36. Адал өндірістік практиканың принциптерін басшылыққа алу осы Техникалық регламенттің мақсаты мен талаптарына өндірісті ұйымдастыру деңгейінің сәйкестігін растайды және шығарылатын алкоголь өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұсынылатын шарттары болып табылады.
37. Мыналарға:
1) су қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда су дайындау үшін технологиялық тораптарды жабдықпен жабдықтамай, алкоголь өнімін (шарап материалынан басқа) өндіруге;
2) алкоголь өнімін өндіру кезінде мына:
тағамдық емес шикізаттан өңделген этил спиртін;
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтпеген тағамдық қоспаларды (ағартқыштарды, антиқышқылдағыштарды, көбікбасқыштарды және басқаларды), дән шикізатының генетикалық түрлендірілген түрлерін;
зиянкестермен және Гашинг әсерімен ластанған дән шикізатын пайдалануға;
3) жүзім шараптарын өндіру кезінде:
шарапқа немесе шарап шырынына суды, пикетті қосуға;
жемістерден және басқа өсімдіктердің жидектерінен дайындалған шырындарды және шараптарды пайдалануға;
жүзім шараптарын бір өндірістік үй-жайда хош иістендірілгендермен дайындауға, өңдеуге және сақтауға (дайын өнімді құю және сақтау учаскелерінен басқа);
құрамындағы ұшқыш заттардың қышқылы 2,5г/л астам болатын шараптарды шарап өндіретін кәсіпорындарда сақтауға;
кондициондық емес, керісінше тең дәрежеде лайлы, ауырған немесе осы типтегі шараптың иісі мен дәміне сәйкес келмейтін және бөгде заттары бар шараптарды шығаруға жол берілмейді.
38. Алкоголь өнімі өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен материалдар қауіпсіз болуы және адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс.
39. Алкоголь өнімі өндірісінде тек тағамдық шикізаттан өндірілген тазартылған этил спирті пайдаланылады.
40. Тазартылған этил спиртінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар осы Техникалық регламентке 2-қосымшада белгіленген. Спиртте уытты микроқоспалардың болуы газды-хроматографиялық әдіспен айқындалады.
41. Алкоголь өнімінің өндірісінде пайдаланылатын тазартылған этил спиртінің түпнұсқалығы және сәйкестендіру газды-хроматографиялық әдіспен белгіленеді.
42. Этил спирті спирт талдауының хроматограммасында мынадай уытты микроқоспалар немесе олардың бірі болған жағдайда алкоголь өнімінің өндірісі үшін тағамдық емес және жарамсыз ретінде сәйкестендіріледі: этил эфирі, ацетон, 2-бутанол, 2-бутанон, кротональдегид, 1-пентанол, 1-гексанол, бензил спирті, бензальдегид, 2-фенилэтанол. Қос этилфталат болған кезде спирт табиғиланбаған және алкоголь өнімінің өндірісі үшін жарамсыз болып табылады.
43. Құрамында спирті бар өнімнің, жартылай фабрикаттардың және ингредиенттердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар осы Техникалық регламентке 3-қосымшада белгіленген.
44. Кәсіпорынға келіп түсетін шикізаттың және қосымша материалдардың сапа куәлігі, сәйкестік сертификаты және (немесе) олардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестігі туралы декларациясы және нормативтік құжаттарға сәйкестігі болуы тиіс.
45. Ликер-арақ өнімінің өндірісінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 410 қаулысымен бекітілген «Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетін тағамдық қоспаларды пайдалануға жол беріледі.
46. Зиянкестермен ластанған шикізаттар немесе жартылай фабрикаттар оқшаулануы және қайта сұрыпталуы тиіс. Сұрыпталған шикізатты қайта өңдеуге жол беріледі, ластанған шикізат жойылады.
4.1. Алкоголь өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
47. Алкоголь өнімі қауіпсіз болуы және адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс.
48. Алкоголь өнімінің уытты элементтер, радионуклидтер және микроорганизмдер құрамы бойынша қауіпсіздігі осы Техникалық регламентке 3 және 4-қосымшаларға сәйкес, сондай-ақ осы Техникалық регламенттің 4-бөліміне сәйкес алкоголь өнімінің кейбір санаттарында метил спиртінің болуы бөлігінде гигиеналық нормативтермен айқындалады.
49. Арақтардың және айрықша арақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар мынадай уытты микроқоспалардың: альдегидтердің, шырықшөп майының, күрделі эфирдің, метил спиртінің болуы бөлігінде өндірісте пайдаланылатын тазартылған этил спиртінің сұрпына байланысты осы Техникалық регламентке 4-қосымшада белгіленген.
50. Арақтарда және айрықша арақтарда уытты микроқоспалардың болуы газды-хромотаграфиялық әдіспен айқындалады.
51. Арақты талдау хроматограммасында осы Техникалық регламенттің 42-тармағында көрсетілген уытты микроқоспалардың болуы осы арақ оны өндіру үшін жарамсыз спирттен дайындалған деп санауға негіз болады.
52. Алкоголь өнімінің құрамында уытты микроқоспалардың, химиялық элементтердің, радионуклидтердің және микроорганизмдердің болуын бақылау, сондай-ақ этил спиртінің түпнұсқалығын анықтау тәртібі мен мерзімдігін уәкілетті орган белгіленген тәртіппен бекіткен өндірістік бақылау бағдарламасында дайындаушы белгілейді.
53. Этил спиртін сақтау белгіленген тәртіппен бекітілген этил спиртін қабылдау, сақтау, шығару, тасымалдау және есепке алу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Этил спиртін сақтау мерзіміне шек қойылмайды.
54. Алкоголь өнімі нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес сақталады.
5. Таңбалауға қойылатын талаптар
55. Алкоголь өнімін таңбалау Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентінің және осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
56. Алкоголь өнімі үшін таңбалауда қосымша мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) шараптар үшін:
тип (құрғақ, жартылай құрғақ, көбікті және т.б.);
көлемі бойынша этил спиртінің шоғырлануы, % немесе % айн.
шығарылған жерінің атауы;
қанттың массалық шоғырлануы, % (құрғақ шараптардан басқа). Көбікті, шампан, газдалған шараптар мен сидралар үшін - құрамындағы қанты бойынша атауы: брют, құрғақ, жартылай құрғақ, жартылай тәтті, тәтті;
құю күні және ресімдеу күні (шөлмек тәсілімен алынған шампан үшін) - заттаңбаның беткі немесе келесі беттерінде немесе қаптаманың басқа элементтерінде немесе тұтыну ыдысының оқуға ыңғайлы жерлерінде және құюды жүзеге асыратын ұйымның атауында тікелей;
шарап дайындалған жүзімнің түсімін жинаған жылы және сақтау мерзімі (таңбалы және топтама шараптары үшін);
құю жүргізген кәсіпорынның атауы — заттаңбаның беткі және келесі беттерінде немесе шөлмектің мойнына киілетін қақпағындағы бедерде;
өнімнің дәміне және хош иісіне әсер ететін ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат;
алкоголь өнімінің өндірісіне уәкілетті орган берген мемлекеттік лицензиясының нөмірі;
көлемі литрмен (л) көрсетіледі. Заттаңбадағы көлем санмен көрсетіледі және өлшем бірлігінің қысқартылған немесе толық атауымен толықтырылады;
медальдар және айырмашылық белгілер, егер:
олар осы саладағы ұйымдастырушылар белгілеп таныған нормаларға және критерийлерге сәйкес конкурстарда берілген болса;
құжаттамалық растау (марапаттар, куәліктер және өзгелері) болса;
заттаңбада шараптың партия көлемі, айырмашылықтың мәні немесе ресми бақылаудың нөмірі болса;
Қазақстан Республикасының заңнамасына олар сәйкес болған жағдайда жазылатын басқа да мәліметтер; шараптың немесе коммерциялық фирманың тарихы бөлігінде көрсетілетін мәтіндер, тұтынушыға ұсынымдар, тұтынушыны жаңылыстырмауы тиіс органолептикалық ерекшеліктері;
2) спиртті сусындар және ішуге жарамды 95%-дық спирт үшін:
көлемі бойынша этил спиртінің шоғырлануы, % немесе % айн.;
дайындаушының, қаптаушының, экспорттаушының импорттаушының атауы, орналасқан мекен-жайы (заңды мекен-жайы), елдің атауы және шығарылған жері;
өнімнің құрамы - пайдаланылатын тазартылған этил спиртінің сұрпы (мысалы: арақтар мен айрықша арақтар үшін өндірілген шикізаттың атауын көрсете отырып, жоғары сапалы тазартылған, экстра, люкс және т.б.), суы (дайындаушының қарауы бойынша оның айырмашылық қасиеттер және (немесе) дайындау тәсілдері), негізі ингредиенттердің атауы;
вискидің таңбалауында спирттің жасалған уақыты, елі, спирт қайдан импортталғаны көрсетіледі;
арақтарды және айрықша арақтарды таңбалауда тазартылған этил спиртін өндіру кезінде ферментациялау үшін пайдаланылатын препараттардың атауы, мысалы, «жарманы және ферментті препараттарды пайдалану арқылы өндірілген дәндік тазартылған этил спиртінен дайындалған» немесе «жарма спиртінен дайындалған» деп керсетіледі. Арақтың таңбалауында өндірісте қолданылатын тазартылған этил спирті, негізгі тағамдық шикізатының атауы, мысалы, «дәндік тазартылған этил спиртінен дайындалған» деп көрсетіледі. Айрықша арақтардың таңбалауында хош иісті заттың атауы жазылуы мүмкін;
қанттың массалық шоғырлануы (егер қант рецептурада көзделген болса);
коньяк спиртінің орташа жасы (арнайы атаудағы коньяктар мен таңбалы коньяктар үшін);
құю күні (заттаңбаның келесі немесе беткі бетінде) көрсетіледі. Оны қалпақтарында және бақылау заттаңбаларында немесе тұтыну ыдыстарында оқуға ыңғайлы жерлерінде тікелей көрсетуге жол беріледі;
алкоголь өнімін өндіруге уәкілетті орган берген мемлекеттік лицензияның нөмірі;
сертификация туралы ақпарат;
алкоголь өнімін тұтынудың зияны және қарсы көрсеткіштері туралы ақпарат «Алкогольді шамадан тыс қолдану денсаулығыңызға зиян. Жасы 21-ге толмаған адамдарға, жүкті әйелдерге және емізулі балалары бар әйелдерге, орталық жүйке жүйесімен сырқаттанатын, бүйрегі және асқазан ағзасы ауыратын адамдарға алкогольдің қарсы көрсетілімі бар» деп жазылады.
3) сыра үшін:
сыраның типі (ақшыл, қоңыр). Пастерленген сыраны таңбалау «Пастерленген», ақшыл емес сыра үшін - «ақшыл емес» деген қосымша жазуларды қамтуы тиіс;
бастапқы сөлдің экстрактивтілігінің шамасы (құрғақ заттардың массалық үлесі);
этил спиртінің пайызы немесе көлемі бойынша шоғырлануының ең аз шамасы - «алк. кемінде...%(%айн.)» немесе «спирт кемінде...%(% айн.)»;
сыра дайындау кезінде пайдаланылған негізгі сыраның құрамы;
тағамдық құндылығы;
уәкілетті орган алкоголь өнімін өндіруге берген мемлекеттік лицензияның нөмірі;
кегалар мен бөшкелер брутто салмағын таза салмағын немесе номинальды көлемін (литр) көрсетіп, қосымша таңбалайды.
57. Алкоголь өнімін таңбалауда дайындалған нормативтік немесе техникалық құжаттың белгілері жазылады және соған сәйкес өнім сәйкестендірілуі мүмкін.
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1000001081