0 дауыс
415 көрілді
Мұғалімдердің намысы аяққа тапталуда.

Біз, Еңбекшіқазақ ауданының педагогтары ойымызды ораға саламыз. Ауданда аудан әкімі Б.Ысқақтың қорлығына әбден шаршатты! Білім бөліміне қарасты қаржыны өзі білгенін істеп үйренген аудан әкімі тіпті жетім, жартылай жетім балалардың ақшасын биылғы жылы жеп қойғанын естіп, жағамызы ұстадық. Осы мақсатқа Б.Ысқақ 9 ай бойы білім саласы бойынша мұрнына иісі бармайтын А.Молдосбаеваны басшы міндетін атқарушы қойып, дегеніне жетіп отырды. Оқушыға арналған қаражат армансыз тоналды. Масқаралығы аздай Б.Ысқақ өз адамын қою мақсатында білім бөліміне мәдениет бөлімін қосып, заңсыз Б.Аманова есімді пысықсымақты білім бөлімінің басшылығына тағайындады. Б.Аманова бірнеше ай бойы мемлекеттік тесттен өте алмай жүр екен деген сөздер дуылдады. Бірақ, бәрібір заңсыз отырды. Намысымызға келетіні 84 мектебі бар Еңбекшіқазақ ауданынан лайықты азамат табылмағаны ма? Әлде олардың қалтасы Б.Ысқақтың сұранысын көтере алмадыма? Аудан әкімінің ауылдарды аралаған есебінде білім саласында жеткен жетістіктерді мақтана айтып жүргені қайда қалды? Ол жетістіктер ұстаздар мен мектеп басшыларының еңбегі емеспе? Ең сорақысы, жасы 53 келген Б.Аманова сонау Қарасай ауданынан Еңбекшіқазаққа жаны ашып келмегені анық. Қалтасын толтырып, тайып тұрмақ. Кеше ғана өзі директор болған Б.Аманова алғашқы күннен мектеп басшыларына дөрекі сөйлеп, аузына келгенін айтты. Мүлде мәдениетсіз екені көрініп тұр. Зиялы қауыммен сөйлесуді білмегені былай тұрсын, сөйлер сөзін білмейді. Мектебінде мұғалімге білгенін істеп үйреніп қалғаны көрініп тұр. Ойпырмай, енді не боламыз деп шуластық та қалдық. Баршаңыздан көмек сұраймыз. Ойымызды талқыға саламыз ағайын! Жоғары жаққа жазудан пайда жоқ.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...