0 дауыс
933 көрілді
3 баланың анасымын куйеуім əскери жұмыс жасайды, ажырасамыз алимент төлемеймін дейді,мен жұмыс істемеймін, маған қол көтереді,боқ ауыз сөздер айтып қорайды, қыздармен көп журеді дəлелім бар,заң бойынша балаларым кімде калады жане 3 балаға канша алимент төлейді жане кол көтергені ушін кандай шара колданылады?

1 жауап

0 дауыс

Заң бойынша 1 балаға 25 пайыз, 2 балаға 33 пайыз, 3 және одан көп болса 50 пайыз төленеді. Ал қол көтеру бойынша оны тұрмыстық зомбылық. Оның мынандай 4 түрі бар: 

1. Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.

2. Психологиялық зорлық-зомбылық - адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.

3. Сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.

4. Экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...