0 дауыс
24.4k көрілді
Ұлпан романында Ұлпанның өмірі қалай аяқталады?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ұлпан - ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Романдағы бас кейіпкер Есеней - қалың Керей-Уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы биі, атақты байы.Кенесарының қалың қолымен кескілескен ұрыста ерлік көрсеткен, екі жүз сарбазын тұтқындап стапқа өткізген, кейін жараланып, орыс-казактары дәрігерлерінің көмегімен ажалдан аман қалған.

Ол бұдан он үш жыл бұрынғы әкесі Артықбай батырдың үйінде Есеней намаз оқып отырғанда еркелеп мойнына асылып, «Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың!» деп маза бермейтін қара қыз. Бүгінде аңшы, құсбегі, жылқышы болып ат құлағында ойнап өскен батыр қыз. Есеней өзінен қырық жас кіші қара торы өткір қыз Ұлпанға ғашық болады,Ұлпанды екінші әйелдікке алады.
Айналасы он-он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады. Бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады.Ұлпанның шалы Есеней тоғыз жыл топ болып жатып қайтыс болады.Ұлпан туысқандарынан үлкен жапа шегіп, қорлыққа шыдай алмаған ер мінезді Ұлпан: «Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін»,—деп қарғап, бір түнде у ішіп өледі.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
Дінмұхамед 19.03.2017 Қазақ тілі сұрақ қойды
+1 дауыс
4 жауап
...