Бұл созылмалы, əдетте қайталанатын (рецидивирлеуші) дерт. Барынша жиі ұшырасады. Этиологиясы белгісіз. Кесел кез-келген жаста, бірақ 15-25 жаста жиірек басталуы ықтимал. Кесел сау теріде ұсақ ашық қызғылт түйреуіш басындағыдан бұршаққа дейінгі күміс-ақ түсті қабыршақтар мен тез жататын түйіншектік элементтердің жедел пайда болуынан басталады. Шетке қарай ұлғая түскен, түйіншектер кейде үлкендігі бойынша ірі фестондық бейнелі ошақтарды түзіп, кейде қосылып кетеді. Кейбір жағдайларда зақымдану əмбебап сипат иеленеді, псориатикалық эритродермия пайда болады. Псориаздағы элементтердің ең жиі орналасатын орыны қол-аяқтың жазылу беттері, əдетте білек жəне тізе буындары, бастың шашты бөлігі болып табылады. Дерт ағымының үш сатысы ажыратылады: үдемелi (прогрессивтік), стационарлық, кері қайту (регрессивтік).Прогрессивтік сатыда жаңа бөрту пайда болады жəне денеде барының көлемі ұлғаяды. Тырналу орындарында да бөрту элементтері көрінеді. Стационарлық сатысында үдерістің тұрақтануы (стабилденуі) туындайды, жаңа бөрту элементтері жоқ болады. Регрессивтік сатыда бөрту элементтерінің кері дамуы болады. Псориазды диагностикалауды қырғылау тəсілімен солай аталатын псориатикалық үштікті (триаданы), яғни псориазға аса тəн симптомдарды: стеариндік дақ симптомы, бөрткен элементті жабатын қабыршықтар денеге түскен еріген стеариннің белдемесін еске салатын ұсақ бөлшектерге бөлінуінен көруге болады.Одан əрі қырғылауда ірі пленка (таспа) формасындағы қыртыстардың тегіс беті, яғни терминалдық таспа симптомы деп аталатын пайда болады. Соңғыны қырып тастағанда қанды шаң тəрізді нүктелік қан ағу симптомы байқалады. Псориазда тырнақ пластинкалары көптеген нүктелік ойыстар нəтижесінде оймақ тəрізденеді. Псориаздың қайталануы (рецидиві) көбіне күз-қыс уақытында (қыстық түрі), сирегірек жазда (жаздық түрі) пайда болады. Жекеленген қайталаулардың арасындағы үзіліс əдетте бірнеше айларға созылады.Псориазда мынадай асқынулар пайда болады. Псориатикалық эритродермия терінің қызаруымен, оның ісінуімен, қышуымен сипатталады. Қасылған жер екінші реттегі жұқпаның (инфекцияның) пайда болуына ықпал етуі ықтимал. Аса ауыр формаларының бірі артропатиялық псориаз, яғни теріден бөлек процеске көбіне білек жəне табан буындары тартылғандағы түр болып табылады. Қатты ауру, деформирлеуші полиартрит, кейінірек анкилоздар мүгедектікке жетелеуі ықтимал. Псориазды емдеуде А витаминін ұзақ уақыт қабылдау, бұлшық етке В1,В6, В12 витаминдерін енгізу, ішуге 1 мл-ден күнделікті аевит, седативтік бұйымдарын беру көрсетілімі бар. Псориаздың жаздық формасын емдеуде ішуге хингамин (делагил, хлорохин) тағайындалады.Ауыр жағдайларда псориатикалық эритродермия мен осы кеселдің артропатиялық формасында глюкостероидтік гормондар (преднизолон, дексаметазон, триамцинолин). Сонымен бірге ішуге калий хлоридінің 10% ерітіндісі нұсқалуы қажет. Соңғы кездері псориазды емдеуге цитостатикалық құралдар (метотрексат жəне басқалары) қолданылады. Псориаздың артропатикалық формалары бар науқастарға ішуге салицилдік препараттар бутодион нұсқау көрсетілімге ие. Жергілікті ем жеке таңдалады.Кеселдің жедел сатысында терінің зақымданған телімдеріне индиферентті немесе жеңіл түлететін жақпа майларды (1-2% салицилдік жақпа май, 1-2% күкіртті-салицилді жақпа май) ұсынылады. Стационарлық жəне регрессивтік сатыларында кератолитикалық (3-5% салицилдік жақпа май) одан соң құрамында қара майы бар бойға сіңіретін жақпа майлар тағайындалады. Сондай-ақ глюкокортикоидты гормондар (синалар, флюцинар жəне басқалары) бар жақпа майлар мен кремдер көрсетілім иеленеді. Жақсы нəтижеге (псориаздың қысқы сатысында) санаторлық –курорттық ем жағдайында ультракүлгін сәуле (УКС) қолданғанда қол жетеді. Соңғы кездері салмақ түсіру –ем-дəм терапиясы тəсілін, сондай-ақ фотохимиотерапия əдісін табысты қолданады. Диспансерлік бақылау да қажет.
Дереккөзі.