0 дауыс
1.4k көрілді
1.материкте қандай ірі өзендер бар, олар қайда құяды? 2.Материкте қандай суайрық жотасы бар, ол қандай алаптарды бөліп жатыр? 3.Солтүстік Америкадағы қандай өзендер ұзақ уақыт қатып жатады? 4.Материктегі басым түрде жаңбыр суымен қоректенетін өзендерді атаңдар? 5.Солтүстік Американың қай бөлігінде көлдер жиі орналасқан,себебін түсіндіріңдер.

1 жауап

0 дауыс
Солтүстік Америка материгі мол сулы өзендерге, тұщы сулы терең көлдерге бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америка мен Еуразиядан кейін үшінші орынды алады. Сонымен қатар биік таулы мұздықтар мен материктің солтүстігін алып жатқан қалың мұз жамылғылары және жер асты суларының мол қоры бар Өзен жүйелері климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Өзендері негізінен жаңбыр және еріген қар суымен қоректенеді. Атлант мұхиты алабының басты өзені− Миссисипи материктегі ең суы мол өзен болып табылады. Бұл өзеннің Миссури саласына қоса есептегендегі ұзындығы 6420 км, ұзындығы жөнінен дүние жүзінде үшінші орын алады. «Миссисипи» атауы үндіс тілінде « су атасы » дегенді білдіреді. Миссисипи жауын − шашын әртүрлі түсетін аймақтар арқылы ағып өтетіндіктен, жыл бойы деңгейі өзгеріп отырады. Әсіресе көктемде қар еріген кезде су қатты тасиды, кейде су тасқыны жаздағы нөсер жаңбыр нәтижесінде де қайталанады. Мұндай жағдайда өзен мен оның салалары арнасынан шығып, жағаларындағы елді мекендер мен егістік жерлерді су алып кетеді. «Миссури » атауы үндіс тілінде « тұнбалы өзен » дегенді білдіреді, шындығында да ол көптеген құм мен тұнбаларды ағызып әкеледі. Жазықтарда ағысы баяулаған Миссисипи кең атырау жасап, Мексика шығанағына құяды. Атыраудың ауданы жыл сайын тұнбалар есебінен 100 м − ге шығанаққа қарай кеңейіп отырады. Аппалачтың шығыс беткейінен басталатын өзендер қысқа және мол сулы болады. Олар мұхитқа құяр жолында биік кемерлерден құлап ағатындықтан, бірнеше сарқырамалар жасайды.
...