0 дауыс
1.1k көрілді
"Синхрониядағы ішкі лингвистиканың әдіс-тәсілдері" тақырыбына мақала жазып бересіздер ме? Соған байланысты кітаптардың аттары авторлары болса, өтініш..

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап


Тіл білімі зерттеулерінің ұстанымдары

Тіл білімі зерттеулерінің ұстанымдары – бұл лингвистикалық теориялардың жетістіктерін ескере отырып тілді объективті әлемнің құбылысы ретінде танып білудің амалдары мен тәсілдері. Оның негізгілері мыналар:

1) Синхрониялық-диахрониялық ұстанымдар. Олар тілді қазіргі даму кезеңінде немесе тілдің тарихи дамуындағы өзгерістерді зерттеумен байланысты;

2) Интралингвистикалық-интерлингвистикалық ұстанымдар (гр.intra –ішкі, inter – аралық) жеке алынған бір тілді іштей, басқа тілдермен салыстырмай зерттеумен байланысты, немесе жалпы адам тілі заңдылықтарын зерттеумен байланысты;

3) Микролингвистикалық-макролингвистикалық ұстанымдар. Микролингвистиканың зерттеу негізіне сөйлем, одан шығатын оның бірліктері, оның тіркесім ережелері жатады. Ал макролингвистика – сөзжасамның барлық факторларының өзара әсерін тілдік қарым-қатынаспен байланыста қарастырады;

4) Семасиологиялық – ономасиологиялық (гр. semasia – таңбалау, onoma– ат) ұстанымдар. Семасиология – формадан ұғымға апарады. Мысалы: қоян, келесі мағынаға ие: ұзын құлағы бар жануар; қорқақ (қоян сияқты). Ал ономасиологиялық тәсілде суреттеу ұғымнан формаға бағытталады. Мысалы: ұзын құлақты, кеміргіштер класына жататын үлпілдек жүні бар кішкене аң;

5) Логикалық-эксперименталды әдіс. Логикалық әдісте сөз құбылыстарын бақылау, оларға логика заңдылықтары бойынша (анализ – синтез – салыстыру) талдау жасау. Ал екінші жағдайда тілді, онымен байланысты құбылыстарды әртүрлі арнаулы таным құралдарын (тесттер, анкеталар) қолдана отырып зерттеу. Зерттеу барысында таңдап алынған ұстаным зерттеу әдісіне негіз болады.

0 дауыс
Лингвистика (глоттология, тіл білімі; лат. lingua — тіл) — предлингвистикадан, микролингвистикадан және металингвистикадан құралатын тіл туралы ғылым. Әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.

Адамзаттың сөйлеу тілі Тіл білімінің негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Адамдар арасындағы өзара түсінісу құралы саналатын кез келген тіл адамзат үшін, қоғам үшін қызмет етеді. 1980 жылғы мәліметтерге қарағанда дүние жүзінде 5661 тіл бар, олардың 1400-ден астамы бұл күнде өлі тілге айналған, 4200-і жеке, дербес тілдер. Тіл білімі күнделікті қолданыста жүрген тілдерді қарастырады. Адамзат баласы ерте заманнан-ақ өзіне ең қажетті құрал – тілдің ерекшеліктерін білуге, ұғуға тырысқан. Соның нәтижесінде тіл туралы ілім пайда болған. Адамның сөйлеу тілі Тіл білімінің ғана үлесі емес, ол – психология, физиология, логопедия, т.б. ғылымдардың қарастыратын саласы.
...