Қазіргі кездегі эксперттік әдістердің кең таралған түрлері: рангтер әдісі, тікелей бағалау әдісі, қарсы қою (сопоставление) әдісі. Қарсы қою әдісінің өзі сыңарларымен салыстыру және бірізді салыстыру әдістерінен тұрады.
Сыңарлармен салыстыру кезінде зерттелетін объектілерді олардың маңыздылығы бойынша сыңарларымен салыстырып, әр сыңардан маңыздырақ объектіні таңдап алады.
Кей жағдайларда эксперттер сыңардың әр объектісінің эквиваленттілігі туралы шешімге келеді. Әр сыңардағы реттеу барлық қарастырылатын объектілерді реттеуге мүмкіндік бермейді, сондықтан, салыстыру нәтижелерін кейіннен өңдеу қажеттілігі туындайды. Объектілердің барлық мүмкін болатын сыңарларын эксперт әр комбинацияның жазбасы ретінде (объект 1 — объект 2, объект 2 — объект 3 т.б.) немесе матрица түрінде келтіреді.
Сыңарлармен салыстыруды және оларды өңдеуді құрал ретінде матрицаны қолданып жүзеге асырған ыңғайлы.
Зерттелетін объектілердің саны өте көп болғанда нәтижеге психологиялық факторлар әсер етуі мүмкін. Мысалы, таңдау матрицада жоғарырақ орналасқан немесе сыңарлардың тізімінде бірінші жазылған объектіге түсуі мүмкін. Сондықтан, психологиялық әсерді жою үшін кейде қос сыңармен салыстыруды, яғни жалпы объектілердің немесе әр сыңардағы объектілердің керісінше орналасуын жүргізеді.
Сыңарлармен салыстыру әдісі өте қарапайым және объектілердің үлкен көлемін, үлкен дәлдікпен зерттеуге мүмкіндік береді.