+4 дауыс
1.6k көрілді
Өмірде біреуді қатты ренжеттіңізбе?????????????

11 жауап

+5 дауыс
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірде ешкімді ренжітпей, ешкімге ренжімей өмір сүрсек қандай тамаша болар еді. Алайда ылғи осылай бола бере ме? Өмір болғаннан соң кейде амалдың жоқтығынан,кейбір сәттерде болмашы бір нәрседен реніш туып жатады. Негізі реніш себебі адамдардың бірін - бірі түсінісу ниетінің кемдігінен болады. Мен де жақында осы сайтта  пікірлерін жақсы көретін бір інімді ренжітіп алдым,әрі соған өкінемін. Өзімнің тура санаған ойымды айтпауыма болмады, жауаптар сол бағытта кете берсе жастар қаталікке ұрына ма деген ниетпен қарсы жауап жазуға тура келді. Бірақ өмірде ондай реніштер бола береді. Аталарымыздың "Жақсы адамның реніші шәйі орамал кепкенше,жаман адамның реніші басы көрге жеткенше"- деген сөзін бағдаршам қылып ұстасақ,көп реніштердің ұмытылуына септігі тиер еді -ау.
     Мұсылманның "НАУРЫЗ"- мерекесін бәріміз білеміз ғой,Аллаға шүкір. Негізі жыл басы болып тойланса да осы мерекенің тағы бір атқаратын керемет міндеті (функциясы) бар. Ол осы мереке күні бұрын ренжісіп жүрген адамдар, өкпелерін кешіріп, төс түйістіріп қайта татуласатын болған. Бабаларымыз қандай реніш болсада бір жылдан ұзамасын деп татулықты,берекені ойлағанынан туындаған дәстүр емес пе? Сондықтан көңілдеріңізде біреуге деген өкпе,реніш болса ұзақ сақтамауға тырысыңыздар.Себебі кісілер жақын көретін адамдарына ренжиді,өкпелейді.Оларды өзімізден алшақтатпауға тырысайық,ағайын.
+3 дауыс
Болды. Құрбымның сырын ашумен айтып қалдым бетіне басып. Айтарымды айтып тілімді тістепте қалдм. Әлі күнге дейін есіме түссе өкінем ғой 3 жылдай болып кетті бұл оқиғаның болғанына.:@
+3 дауыс
Ініме  кемшілігін бетіне басып айтып, ренжіткенім бар. Алайда , Өкінбеймін. Себебі, қазір інім ондай қателікті жасамайды. )
+1 дауыс
Ия, менде болды. Және қатты өкінемін әрине. ол мені кешірсе де мен өзімді әлі кунге кешірген емеспін.
0 дауыс
арине болды бирак окингеннен не пайда
0 дауыс
аха болған. Жан досымды ренжіткенмін газет,журнал таласып қалдық, ал мен оған бермген үшін ренжіп қырсығып қалдым. Солай 2ай ренжіп 1-де 1рет сөйлемедім, 10сыныпта оқитынмын біз бітіріп демалыс кеттік көрші тұратынмын кездесіп көре тұра амандаспайтынмында. Киін жігітті менің бөлем тұғын бөлемнің туған күні 15маусымда татуластық. Өзімнің жасаған қылықтарым үшін кешірім сұрап досымның жақсы көретін жұлдыздар санынын апардым. Досым қуанышында шек болмады. Сенің мен үшін орның болек өзіңді сағындым деп жылап енді ешқашанда ренжіспейік деп келіскенбіз.
Сол журналға бола ренжіткеніме қатты өкіндім.
+1 дауыс
Менде білмедім болған шығар. Бірақ бiр бiлерім мен ешкімнен кешiрім сұрамаймын. Өзінше, менмен біреу деп ойлайтын шығарсыздар жоқ олай емес. Мен кешiрім сұрайтын жағдайға дейін жеткізбеймін. Және сіздерге де осындай болыңыздар деп кеңес беремін!
0 дауыс
Ренжіттім.2адамды ренжіттім,ойласам жылағым келеді,өкінем,бірақ өкінгенмен не пайда...әттең...
+3 дауыс
Бұл өмірде меніңше
Қателеспес пенде жоқ,
Қателесер ғалымда,
Аңдап басқан залымда.
Қателіктер қашанда
Жоспарланып жасалмайд,
Ақылың одан кей кезде
Аттап оны аса алмайд.

Қатесін түзеп жазудың
Көшіріп жазған сияқты,
Түзетер ем қатемді
Мүмкіндік туса өмірде.

Келгенім анық дүниеге
Күнәсіз, ойсыз, қатесіз
Өмір - өмір болған соң
Қателесіп кетіппін.

Қателікке ешқашан
Әдейілеп бармадым,
Кездестім кейде кездейсоқ
Қашсамдағы қалмады.

Ақылым артық демеймін
Жазған болсам өсиет
Айтып кету ойымды
Алла берген қасиет.
0 дауыс
Шамам келгенше биреудин конилин калдырып ренжитким келмейди
0 дауыс
Мен біреуді қатты ренжіткен кезім болмаған
...