Ақылбек Жеменей мен Айгүл Қосанованың" Қаздар қайтқанда" әнінің сөзі мен минусовкасы керек еді, қайда бар?

+2 дауыс
5.7k қаралым
Ақылбек Жеменей мен Айгүл Қосанованың" Қаздар қайтқанда" әнінің сөзі мен минусовкасы керек еді, қайда бар? Тауып бересіздер ме?!
• Санаты: Қазақша ән

1 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
Қаздар қайтқанда
с. Т.Молдағалиев
ә. Т.Базарбаев
Көк жүзінде барады қаздар қайтып
Күндер солай өтеді шалқып, шалқып

    Сағыныш қой
    Сағыныш қой
    Сарала жапырақтар
    Жақсылықтың жолында
    Жатқан балқып
    Жақсылықтың жолында
    Жатқан балқып

Ақ қайыңдар, қалады дір-дір етіп
Жанымызды бір кезде күлдіретін

    Жазғы бақта
    Жазғы бақта
    Саулайды жапырақтар
    Өз өмірін соңғы рет
    Бір жыр етіп
    Өз өмірін соңғы рет
    Бір жыр етіп

Жайнап тұрған кешегі күн ескіріп
Қара суық хабары тұр естіліп

    Қаздар ұшып
    Қаздар ұшып
    Барады оралмайтын
    Қанатына
    Көктемді ілестіріп
    Қанатына
    Көктемді ілестіріп

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
127,727 сұрақ
322,284 жауап
153,149 пікір
72,738 қолданушы