0 дауыс
63.0k көрілді
Биология пәнінен зертханалық жұмыс жасау керек.Сондықтан бидай жайлы нақты ақпарат бере аласыздар ма?Бидайдың жапырағы,сабағы,тамыры,гүлі және жемісі жайлы мәлімет болса жақсы болар еді.Алдын ала рахмет.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бидай — астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда алты түрі (Еділ бидайы, Полыпа бидайы, көже бидай, жұмсак бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Биіктігі 40-130 см, тамыр жүйесі — шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл шоғыры — күрделі масақ, оның қынабында екі масақша қабыршағынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында үш-бес гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы – ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Масақ қылтығына, түсі мен масақша қабыршағының түк басуына, қылтықтары мен дәндерінің түсіне, т.б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады. Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты бидай өсіріледі. Жұмсақ бидайдың масағы да жұмсақ, дәні жұмыр әрі жылтыр, сабағы қуыс. Оның үнынан көбіне нан пісіріледі, ол нәрлі және жоғары сапалы болып саналады, құрамында 16%-дай белок болады, жылтырлығы 70%, дән уызы серпімді әрі созылмалы келеді. Жұмсақ бидай Қазақстанда егіс көлемінің негізгі бөлігін алып жатыр. Табиғаттың әр түрлі жағдайына ыңғайлы, өсу қабілеті жоғары болуына байланысты оны көптеген аймақтарда өсіреді. Бидайдың дәнінен жарма, ұнынан нан, макарон, кеспе жасайды, кондитер өнеркәсібінде кең пайдаланады. Қатты бидайдың дәні ірі, сопақша, жылтыр. Оның дәнінде 24% белок бар, ұнының сапасы жаксы, одан кеспе және макарон жасайды, бірақ жұмсақ бидайға қарағанда наны онша көтерілмейді. Жаздық бидай көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Күздік бидай, көбінесе, оңтүстік облыстарда өсіріледі. Егіс көлемі, түсімі, дәнінің сапасы жағынан жаздык бидай бірінші орын алады. Ол, көбінесе, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық облыстарында өсіріледі. Арам шөптері аз, жатып калмаған, біркелкі пісіп жетілген астықты тікелей комбайнмен шауып бастырады. Ал арамшөбі көп, біркелкі пісіп жетілмей, жатып қалған бидайды әуелі шауып дестеге түсіреді, содан кейін комбайнмен жинап бастырады. Бидай — негізгі азық-түліктік дақыл. Оның дәні, кебегі, сабаны құнарлы мал азығы, қүрама жем өнеркәсібінің шикізаты. Бидай зиянкестері мен аурулары оның өніміне үлкен шығын келтіреді, олардың зиянкестеріне гессен және швед шыбындары, дәннің сүр көбелегі, барылдауық қоңыз, астық қандаласы, бүргесі, биті, обыр шегірткелері, т.б. жатады. Аурулары: қаракүйе, тат, ақұнтақ, септориоз, тамыр шіруі, т.б. Оларды болдырмау үшін бидайды сепкенге дейін, өсіп тұрған кезінде және жинап алар алдында әр түрлі химиялық препараттар шашады.

Дереккөз.

Тағы, тағы да қараңыз.

0 дауыс
Бидайдың адамдар үшін пайдасы туралы мәлімет тезірек тауып бере аласыз ба?

Алдын ала рахмет
0 дауыс
Гулшоғыры күрделі масақ
0 дауыс
Бидай дың пайдалануы 1.тагам 2.жем 3.дарцумен..100 г бидай шынында  9 г писок
...